6) Кітабының жүз қырық екінші бетінде: «Сахабалар және олардан кейін келгендер пайғамбардан басқа ешкіммен берекеттенбеді. Пайғамбарға тән болған нәрселерде ешкім оған ортақ бола алмайды» деген.
Бұл да автордың өтіріктерінің бірі. Хазреті Омар жаңбыр дұғасына шыққанда хазреті Аббаспен берекеттенді. Мұны жиырма төртінші бөлімде ұзақ баяндадық. Сол жерден оқуыңызды сұраймыз! Ислам ғалымдары Расулуллаһқа тән болған нәрселерді көп жазған. Мысалы, «Мәуаһиб-и ләдунния» аудармасында бар. Бұл кітаптардың ешбірі «Расулуллаһпен (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) берекеттену тек оған ғана тән, өзгелермен берекеттенуге болмайды» демеген. Басқалармен берекеттенуге болатынын айтқан. Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарының қабірлерін зиярат етіп, олардан берекеттенуді Лат пен Узза пұттарына ұқсату Құран кәрім мен хадис шәрифтерге жала жабу болып саналады. Хадис шәрифте «Құран кәрімге қате мағына берген адам кәпір болады» делінген. Кітаптың авторы мағыналары күмәнді болған аяти карималарға қате мағына беріп, әһли исламға (мұсылмандарға) мүшрик деп жала жабуда.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024