Сұрақ: Үнемі үйінде отыратын немесе науқастанып сыртқа шыға алмаған адам күнә істеуі мүмкін бе?
Жауап: Жүрекпен жасалатын алпыстан астам күнә бар. Олардың кейбірлері қысқаша мыналар:
Тули амал – рахаттық үшін ұзақ өмір сүруді қалау. Тули амалдың себептері – дүниенің қызықтарына берілу, өлімді ұмыту, денсаулығына, жастық шағына алдану. Тули амал ауруына шалдыққан адам ғибадаттарын уақытылы орындамайды, тәубе етуді тоқтатады. Оның жүрегі қатты болады, оған насихат әсер етпейді. Өлімді ұмытады. Өмірін тек қана дүниенің мал-мүлкі мен мансабына қолжеткізу үшін өткізеді, ахиретті ұмытып, дүниенің пайдасыз рахатын ойлайды. Бұлардан құтылу үшін өлімнің әр сәтте келе алатынын ойлау керек, денсаулық пен жастық шақтын өлімге тосқауыл болмайтынын ұмытпау қажет! Көптеген науқастардың жазылып кетіп өмірін жалғастырғанын, ал дені сау көптеген жастардың қайтыс болғанын жиі көріп тұрамыз. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Адамның жасы ұлғайған сайын мал-мүлікке деген ынтасы және тули амалы артады.» (Мүслим)
«Жәннатты қалаған адам ұзақ амалды болмасын, өлімді ұмытпасын!» (Ибн Әбидуния)
Тәкәппарлық – өзін бір немесе бірнеше тұрғыда өзгеден үстем деп санау. Қасына біреудің отырғанын қаламау, дұрыс сөзді қабылдамау, кемшілігін айтқандарға рахмет айтпау және үнемі байлардың шақыруына ғана бару тәкәппарлықтың белгісі. Тәкәппар кісі салих адам бола алмайды. Тәкәппарлық – барлық жақсылыққа қалқан. Мен тәкәппар емеспін деген адамның өзі тәкәппар. Құран кәрімде былай делінген:
«Аллаһ тәкәппарланушыларды жақсы көрмейді.» (Нахл 23)
Ужуб – өзін өзгеден үстем деп білу, жасаған жақсы амалдары себебінен өз-өзін ұнату. Ужуб еткен адам күнәларын есіне алмайды. Аллаһу та'аланың оған берген жақсылық жасау ниғметін өзінен деп біледі, қабілетімен мақтанады.
Суизан – біреудің жаман іс жасағанын ойлау. Жүрекке келген жаман ойдың өзі суизан болмайды. Жүректің сол тарапқа ауып кетуі суизан болады. Мысалы біреудің қаламын көрген кезде «Мына қаламды ұрлап алған болуы мүмкін бе?» деп ойлауы суизан болмайды. Бірақ «Ұрлап алған болуы мүмкін» деп ойлауы суизан болады.
Хасед – қызғану, көре алмау. Оның дұрыс сөздері мен насихаттарына қарсы болады. Өзінен жоғары болса да, оның алдында тәкәппарланады, одан ештеңе сұрағысы, үйренгісі келмейді. Адам көре алмаушылықтан құтыла алмайды. Мысалы, біреудің жақсы көлігін көрген кезде одан кемшілік іздей бастайды. «Мына жері жыртық, мына жері тыртық» дей бастайды.
Хасед еткен адамның өмірі қайғымен өтеді. Хасед еткен адамының ниғметі азаймағанын, тіпті артқанын көріп, жүйке ауруына шалдығады. Көре алмаушылықтан құтылуы үшін хасед еткен адамына сыйлық беру керек, оның алдында қарапайым болып, оның ниғметтерінің артуына дұға ету керек, мысалы «Йа, Раббым, оған бұдан да жақсы көліктер нәсіп ет» деу қажет.
Хиқд – біреуді жек көріп, оған кек сақтау. Өзіне насихат айтқан кісіге кек сақтау харам. Оны жақсы көріп, құрметтеу қажет. Алайда ол өзімен бір дәрежеде немесе жоғарырақ болған кісіге ашуланады. Қолынан ештеңе келмегендіктен, оның алдында тәкәппарлана бастайды. Қарапайымдық танытуы керек болған адамның алдында қарапайым бола алмайды. Оның дұрыс сөздерін, кеңестерін қабылдамайды. Баршаға одан жоғары екенін көрсеткісі келеді. Оны қинаса да кешірім сұрамайды.
Шаматат – біреудің басына келген дертке қуану. Хадис шәрифте: «Достарыңа шаматат етсеңдер, Аллаһу та'ала дертті одан алып, сендерге береді» делінген.
Хижр – досына ренжу. Үш күннен артық араздасып жүру халал емес.
Ғадр – сөзінде тұрмау. Хадис шәрифте: «Ғадр еткен кісі қияметте жаман түрде жазасын алады» делінген. (Ислам Ахлақы)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024