УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ

МҰСЫЛМАНҒА НАСИХАТ

1-бөлім

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ

Әлхамдулиллаһ! Қандай да бір адам, қандай да бір уақытта, қандай да бір жерде, қандай да бір адамға, қандай да бір себеппен, қандай да бір түрде алғысын білдірсе, бұл алғыс пен рахметтің бәрі Аллаһу та'алаға тиесілі. Өйткені бәрін жаратқан, тәрбиелейтін, жетілдіретін, барлық жақсылықты жасататын, жіберетін тек қана Ол. Күш-қуат иесі жалғыз Ол. Ол еске салмаса, ешкім жақсылық пен жамандық жасауды тілей алмайды. Құлдың қалауынан кейін Ол да тілемегенше, күш-қуат пен мүмкіндік бермегенше ешкім ешкімге түйірдей жақсылық пен жамандық жасай алмайды. Құл қалаған әр нәрсені Ол да тілесе, іске асады. Тек Оның қалағаны ғана болады. Ол жақсылық пен жамандық істеуді түрлі себептермен еске түсіруде. Мейірім танытқан құлдары жамандық жасауды қалағанда Ол қаламайды да, жаратпайды. Жақсылық жасауды қалаған кездерінде Ол да қалайды да, жаратады. Ондай құлдардан үнемі жақсылық шығады. Ашуландырған дұшпандарының жаман қалауларының жаратылуын Ол да қалайды. Бұл жаман құлдар жақсылық жасауды көздемегендіктен, олардан әрдайым жамандық шығады. Демек, адамдар – құрал. Жазушының қолындағы қалам сияқты. Өздеріне берілген «Ирада-и жузия»-ларын қолданып, жақсылық жаратылуын қалаған адам сауап, ал жамандық жаратылуын қалаған адам күнә алады. Сондықтан, әрдайым тек жақсылық жасауды ойлап, тек жақсылық жасауды көздеуіміз керек! Жақсы нәрселер үйреуіміз қажет. Жақсылықтардың қайнар көзі болған «Әһли сүннет» ғалымдарының (рахимә-һумуллаһу та'ала) кітаптарын оқып, жақсы-жаманды аңғаруымыз қажет. Әһли сүннет ғалымдары уаһһабилердің британдықтар тарапынан құрылғандығын және қате жол екенін дәлелдермен анықтаған. Кітабымыздың бірінші бөлімінде, 324-бетке дейін осы дәлелдердің отыз бесін ретімен баяндаймыз.

1) Уаһһабилердің «Фәтх-ул-мәжид» кітабының жетпіс бесінші бетінде «Абдулуаһһаб Шаранидің кітаптары, Абдулазиз Дәббағтың «Ибриз» кітабы, Ахмед Тижанидің кітаптары Әбу Жәһлдің және сол сияқтылардың ойына келмеген ширктерге толы» деп жазылған.

Ахмед Тижани (рахметуллаһи алейһ) 1150 [м.1737] жылы Жәзаирде дүниеге келіп, 1230 [м.1815] жылы Фаста қайтыс болды. Халуатидің бір тармағы болған Тижани жолының басшысы. Осы жолда жазылған «Жәуахир-ул-маани-фи фәйзи шайх Тижани» кітабы танымал.

Адамдардың үстемдерінің, яғни пайғамбарлардың (салауатуллаһи та'ала уә таслиматуһу алейһим әжмаин) періштелердің үстемдерінен де жоғары екендіктерін осы уаһһаби кітабы да жазуда, періштелердің іс атқара білу және әсер ете алу қабілетіне сенуде, бірақ Аллаһу та'аланың әулиелеріне (рахимә-һумуллаһу та'ала) керемет ретінде әсер ете алатынына және іс атқара білетініне сенбеуде, осыған сенетіндерді мүшрик деуде. Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) уаһһабилердің пайда болатынын керемет ретінде білген, оларға жылдар бұрын жауаптар жазған. Осы ғалымдардың басында Мухиддин Араби, Садреддин Конеуи, Жалаледдин Руми, Сәйид Ахмед Бәдәуи [және Имам Раббани] сияқты әулиелер (рахимә-һумуллаһу та'ала) бар. Уаһһабилер осы себептен әулиелерді жақтырмайды.

Имам Раббани Ахмед Фаруқи Сәрһәнди (қуддиса сиррух) «Мәктубат» кітабының екінші том, елуінші хатында былай деген:

Ислам дінінің бейнесі және ақиқаты, негізі бар. Бейнесі – әуелі иман келтіру, кейін Аллаһу та'аланың әмірлері мен тыйымдарын ұстану. Ислам дінінің бейнесіне қолжеткізгендердің нәфси әммаралары (тәрбиеленбеген нәпістері) қарсы шығуда. Олардың иманы – иманның бейнесі. Оқыған намаздары – намаздың бейнесі. Ораза және басқа ғибадаттары да сондай. Өйткені нәфси әммара – адам болмысының негізі. Бәрі «Мен» дегенде өз нәпсін көрсетуде. Олардың нәпістері иман келтірмеген, сенбеген. Ондай адамдардың имандары мен ғибадаттары шынайы, дұрыс бола алады ма? Аллаһу та'ала аса мейірімді болғандықтан, тек бейнесіне қолжеткізуді қабыл еткен. Оларды разы болған жәннатына кіргізетінін сүйіншілеген. Тек қана жүректің сенуін қабылдауы, нәпістің сенуін шарт қылмауы – Оның үлкен сыйы. Иә, жәннат ниғметтерінің де әрі бейнесі, әрі ақиқаты бар.

Ислам дінінің бейнесіне қолжеткізгендер жәннаттың бейнесінен үлес алады. Дүниеде Ислам дінінің ақиқатына қауышқандар жәннаттың ақиқатына қауышады. Бейнеге қолжеткізгендер мен ақиқатқа қауышқандар жәннаттың бірдей жемісін жейді. Бірақ әрқайсысы басқаша дәмін сезеді. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) құрметті жұбайлары (радиаллаһу таала анһуннә) жәннатта Расулуллаһтың қасында болады, бірақ алған ләззаттары басқаша болады. Егер басқаша болмаса, онда осы құрметті әйелдер барлық адамдардан үстем болар еді. Әр үстем болған адамның жұбайы да ол сияқты үстем болуы керек болар еді. Өйткені әйелдер жәннатта күйеулерінің қасында болады. Ислам дінінің бейнесіне қолжеткізгендер оны ұстанған кезде ахиретте құтыла алады. Мұны ұстанғандар жалпылық әулиелікке, яғни Аллаһу та'аланың разылығына, сүйіспеншілігіне жетті деген сөз. Осы абыройға жеткен пенде тасаууф жолына кіре алатын, «Уилаяти хасса» деп аталатын ерекше әулиелікке қолжеткізе алатын адам деген сөз. Олар нәфси әммараларын итминанға (тәрбиеге) жеткізе алады. Жақсы білуіміз керек болғаны, бұл әулиелікте, яғни Ислам дінінің ақиқатында ілгерілеу үшін Ислам дінінің бейнесін қолдан жіберіп алмау керек.

[Абдулуаһһаб Шарани 973 [м.1565] жылы қайтыс болды.]

[Жәлаледдин Руми 672 [м.1273] жылы, Садреддин 671 жылы Конияда қайтыс болды.]

 

Тасаууф жолында ілгерілеу Аллаһу та'аланың есімін көп зікір ету арқылы іске асады. Бұл зікір – Ислам діні әмір еткен ғибадат. Зікір ету аяти карималарда және хадис шәрифтерде мадақталған және әмір етілген. Тасаууф жолында ілгерілей алу үшін Ислам діні тыйым салған нәрселерден сақтану шарт. Парыздарды орындау адамды осы жолда жетілдіреді. Тасаууф жолын білетін және осы жолда жетекшілік ете алатын «Жол көрсетуші – Мүршид» іздеу де Ислам дінінің бұйрығы. «Маида» сүресінің отыз бесінші аятында «Оған қауышу үшін себепші іздеңдер» делінген. (Себепшінің кәміл адам екендігі он сегізінші бөлімде ұзақ баяндалған.) Аллаһу та'аланың разылығына қауышу үшін Ислам дінінің бейнесі де, ақиқаты да қажет. Өйткені әулиелік үстемдіктердің барлығына Ислам дінінің бейнесін ұстану арқылы қолжеткізіледі. Пайғамбарлық үстемдіктер – Ислам дінінің ақиқатының жемістері.

 

Әулиелікке қолжеткізетін жол – тасаууф. Тасаууф жолында ілгерілеу үшін Аллаһтан басқа барлық нәрсеге деген сүйіспеншілікті жүректен шығару керек. Аллаһу та'аланың сыйымен жүрек ештеңе көрмейтін болса, «Фәна» деген нәрсе пайда болады. «Сәйри илаллаһ» толық болады. Одан кейін «Сәйри филлаһ» деп аталатын жолаушылық басталады. Осылайша «Бәқа» деп аталатын нәрсе пайда болады, көзделгені де осы. Ислам дінінің ақиқаты осында. Бұған қолжеткізген адам «Әулие» деп аталады, Аллаһу та'аланың разы болған, сүйікті құлы деген сөз. Бұл жерде «Нәфси әммара» мутмаинна болады (тәрбиеленеді). Нәпіс күпірден құтылып, Аллаһу та'аланың тағдырына разы болады. Аллаһу та'ала да одан разы болады.

 

Ол өзін түсінеді. Тәкәппарлық, өзін-өзі ұнату деген аурудан құтылады. Тасаууф ұлыларының көбі нәпіс тәрбиеленгенде де Аллаһу та'алаға қарсы шығудан құтыла алмайды деген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір соғыстан қайтып келе жатқанда «Кіші жиһадтан қайттық. Үлкен жиһадты бастамақшымыз» деді. Бұл үлкен жиһадқа нәфси әммарамен күрес делінген. Бұл пақыр [яғни Имам Раббани] олай түсінбедім. Нәпіс тәрбиеленген кезде ешқандай қарсылығы, жамандығы қалмайды деймін. Нәпіс те бәрін ұмытып кеткен жүрек сияқты Аллаһтан басқа ештеңені көрмейді. Мансап, абырой, мал-мүлік, тіпті осылардан келетін қуаныш пен ауыртпалықтан құтылған болады. Нәпіс қорланған, жоқ сияқты болады. Аллаһ үшін өзін пида етеді. Хадис шәрифтегі «Жиһади әкбар» деп айтылуы дененің құраушы материалық заттардың физикалық, химиялық және биологиялық қалауларына қарсы болған күрес болса керек. Шәһуат, яғни қалау қуаты, ғадаб, яғни шошыну, тартыну қалаулары – бәрі материалдық қалаулар. Жануаларда нәпіс жоқ. Бірақ осы жаман қалаулар оларда да бар. Барлық жануарларда бар болған шәһуат, ғадаб, бір нәрсеге беріліп кету, бәрі материялардың қасиетінен туындауда. [Бұл қалауларға «Сәуки табиғи» түйсігі делінеді.] Адамдардың осылармен күресуі керек. Нәпістің тәрбиеленуі адамды осы жамандықтардан құтқармайды. Олармен күресудің көп пайдасы бар. Бұл денені тазартуға да жарайды.

 

Нәпіс тәрбиеленген кезде «Ислами хақиқи» нәсіп болады. Шынайы иман пайда болады. Орындалған ғибадаттарының бәрі шынайы болады. Намаз, ораза және қажылық шынайы түрде орындалған болады.

 

Көрініп тұрғанындай, тасаууф пен ақиқат деген нәрселер Ислам дінінің бейнесі мен ақиқаты арасында. «Уилаяти хасса»-ға қолжеткізе алмаған адам мұсылмандықтың бейнесінен құтыла алмайды. Шынайы Исламға қауыша алмайды.

 

Ислам дінінің ақиқатына қолжеткізген және Ислами хақиқимен қадірленген адам пайғамбарлық үстемдіктерінен үлес ала бастайды. «Ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері» хадис шәрифінде айтылған сүйіншіге қауышады. Әулиелік үстемдіктері Ислам дінінің бейнесінің жемістері болғанындай, пайғамбарлық үстемдіктері де Ислам дінінің ақиқатының жемістері. Уилаяттың үстемдіктері нубууаттың үстемдіктерінің бейнесі.

 

Ислам дінінің бейнесі мен ақиқаты арасындағы айырмашылық нәпістен туындаған болды. Уилаят үстемдіктері мен нубууаттың үстемдіктерінің айырмашылығы денедегі материялардан туындауда. Уилаяттың кәмілдігінде материялар физика, химия және биология ерекшеліктеріне сай болады. Көп энергия шектен шығуға әкеп соғады. Материялар азық сұрайды. Сол қалауға қолжеткізу үшін жаман істер жасалады.

 

Нубууат кәмілдіктерінде ондай жаман істер қалмайды. «Шайтаным мұсылман болды» хадис шәрифі осы жағдайды көрсеткен болуы мүмкін. Өйткені адамның сыртында шайтан болғанындай, ішінде де бар. Көп энергия адамды құтыртады. Өз-өзін ұнатқызады. Ал бұл жаман мінездердің ең жаманы. Оның мұсылман болуы – осы жамандықтардан құтылуы. Пайғамбарлық кәмілдікте әрі жүректің, әрі нәпістің иманы, әрі денедегі материялардың реттілігі мен тепе-теңдігі бар. Нәпістің толықтай тәрбиеленуі денедегі материя мен энергияның тепе-теңдікке келуінен кейін болады. Осы тәрбиеленуден кейін жамандыққа қайта алмайтын болып қалады. Бұл үстемдіктердің бәрі толықтай Ислам дінінің үстіне құрылуда. Ағаш қаншалықты бұтақ жіберіп, жеміс салса да, тамырсыз тұра алмайды. Барлық үстемдікте Аллаһу та'аланың әмірлеріне және тыйымдарына бағыну қажет. Елуінші хаттан аударма осы жерде тәмәм болды.

 

Көрініп тұрғанындай, уаһһаби кітабының жазушысы тасаууфтан хабары болмағандықтан, әулиелерге (қаддәссаллаһу та'ала әсраруһумул азиз) тіл тигізуде. Оларды Ислам дінінің тысында деп санауда.