МҰСЫЛМАНҒА НАСИХАТ - КІРІСПЕ

Екінші бөлім

МҰСЫЛМАНҒА НАСИХАТ

(Ғылыми ұжымымыз тарапынан әзірленген)

КІРІСПЕ

Аллаһу та'алаға хамд болсын! Оның ең сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға дұға мен сәлем болсын! Ол ұлы пайғамбардың (саллаллаһу та'ала алейһи уәсәлләм) пәк Әһли бәйтіне және әділ, сенімді сахабаларының әрқайсысына (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) қайырлы дұғалар болсын!

Аллаһу та'ала – Раббул алемин (Әлемдердің Раббысы). Барлық жандыны, тіпті жансыз барлық болмысты есеппен, тәртіппен және пайдалы қылып жаратқан. Халиқ, Бари, Мусаууир, Бәди' және Хаким сипаттарымен болмыстың бәрін аса реттілікпен, өте көркем түрде жаратқан. Барлық болмыстың ретті және көркем болуы үшін араларына байланыстар құрған, бар болуы үшін, тәртіпті сақтап қалуы үшін бір-біріне себеп, құрал, арашы қылған. Болмыстардың арасындағы осы байланыстарға, бір-бірінің реттілігіне себеп болуын біз табиғат құбылыстары, физика, химия заңдылықтары, астрономиялық формулалар, физикалық белсенділік деген сияқты атаулармен атаймыз. Жаратылыстану ғылымы дегеніміз – Аллаһу та'ала жаратқан болмыстардың реттілігін, бір-біріне тигізетін әсерлерін, араларындағы байланыстарды, есептерді зерттеу, осылайша оларды пайдалану деген сөз.

Аллаһу та'ала жанды-жансыз бүкіл болмыстардың реттілікте, есепке сай болуын қалаған және тілегеніндей жаратқан. Осылай жаратуына материяны, қуаттарды, энергияларды арашы және себеп қылған. Аллаһу та'ала адамдардың өмір сүруінің де реттілікте және пайдалы болуын тілеуде. Сондықтан адамдардың қалауларын арашы және себеп қылған. Адам бір нәрсе істеуді қалайды, тілейді. Аллаһу та'ала да қаласа, сол нәрсені жаратады. Адамдардың жеке өмірінің және жанұя құруының, әлеуметтік өмірінің ретті болуы үшін адамдардың жақсы, дұрыс, пайдалы нәрселерді қалауы қажет. Қалаулардың, тілектердің жақсы болуы үшін Аллаһу та'ала оларға «Ақыл» берген. Ақыл – жақсыны жаманнан ажырататын қуат. Адамдар көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, қажетті нәрселерге қол жеткізуге мәжбүр болғандықтан, соларға қол жеткізуді қалайтын «Нәпіс» деген қуат ақылды алдайды. Қажет болған нәрсе зиянды болса да, нәпіс мұны ақылға әдемі қылып көрсетеді.

Аллаһу та'ала құлдарына мейірімділік етіп, «Пайғамбар» деген таңдаулы адамдарға періште арқылы «Дін» деген білімдер жіберді. Пайғамбарлар (алейһимуссалауату уәттәслимат) осы білімдерді адамдарға үйретті. Мұхаммед алейһиссалам жеткізген «Ислам» діні барлық жердегі барлық адамның алдынан шығуы мүмкін болған әр нәрсенің жақсы немесе жаман, пайдалы немесе зиянды екенін ажыратуда, пайдалы болғандарын істеуімізді әмір етуде.

Нәпіс адамдарды алдайды. Ол діни білімдерді ұстануды қаламайды.

Тіпті сонымен қатар иман келтіру, сену қажет болған нәрселерді өзгертуге, бұзуға кіріседі. Аллаһу та'аланың пайғамбары Мұхаммед алейһиссалам адамдардың нәпістеріне еріп, Ислам дінін өзгертуге тырысатынын хабар беріп, «Үмбетім жетпіс үшке бөлінеді, тек біреуі ғана жәннатқа кіреді» деді. Қате сенімдері кесірінен тозаққа түсетіні хабарланған жетпіс үш топ пайда болды. Бұл жетпіс үш топ Құран кәрімнің және хадис шәрифтердің айқын болмаған, күмәнді мағыналарын қате түсінгені үшін кәпір болмайды. Бірақ Ислам дінін өзгерткені себебінен тозаққа түседі. Олар «Бидғатшы» немесе «Адасушы», яғни мазһабсыз, сектант деп аталады. Олар мұсылман болғандықтан тозақтан шығады да, ақыр соңында жәннатқа кіреді. Олардан басқа «Мұсылман» атанып жүрген, бірақ Исламды қате білімдері және тайыз ақылымен өзгерткен, осылайша мұсылмандықтан шыққандар бар. Олар тозақта мәңгі қалады. Олар – зындықтар мен реформашылар (өзін мұсылман деп есептейтін кәпірді «зындық» дейді).

Қазіргі таңда мазһабсыздар миллиондаған алтын жұмсап, өз сенімдерін барлық мемлекеттерге жаюға тырысуда. Діни сауатсыздардың көбінің үлкен ақшаға қолжеткізу үшін, көбінің алданып Әһли сүннет ғалымдары көрсеткен дұрыс жолдан адасқандығы көрінуде. Тіпті олар Әһли сүннет кітаптарын жамандауға тырысуда. Осы себептен мазһабсыздардың бір бөлігі болған уаһһабилердің Әһли сүннетке қайшы сенімдерін дәлелдерімен бөлек бір кітап күйінде көрсету және осы адамдардың мұсылмандарға тигізген зияндарын дұрыс дереккөздерден алып жазу зәрулік болды. Осылайша мұсылмандардың жалған, жасанды сөздер мен жазбаларға алданудан қорғануы қажет болды.

Абдулуаһһаб ұлы Мұхаммед есімді бір адам «Китаб-ут-тәухид» атты кішкентай кітапша жазды. Оның немересі Сүлейман бин Абдуллаһ мұның шәрһін (түсіндірмесін) жазуды бастады, дегенмен 1233 [м.1817] жылының соңында Ибраһим Паша Дәрийяға кіріп, жазаларын берген кезде өлді. Екінші немересі Абдуррахман бин Хасан кітапты шәрһ етіп, «Фәтһ-ул-мәжид» деп атады. Кейіннен осы шәрһін қысқартып, «Қуррә-ул-уйун» атты екінші кітап шығарды. Шәрһтің Мысырда 1377 [м.1957] жылы Мұхаммед Хамид есімді бір уаһһаби тарапынан шығарылған жетінші басылымына қосымшалар енгізілді. Кәпірлерге қатысты келген аяти карималар мен көптеген хадис шәрифтерді жазып, мұсылмандардың алдында көз боямашылық жасады. Ішіне қате, бұзылған мағыналар ойлап шығарып жазып, «Әһли сүннет» болған дұрыс мұсылмандарға тиісуде, бұл таза мұсылмандарды кәпір деп атауда. Кітабының бірнеше жерінде шиилерді малғұн мүшриктер деп жазғыруда. Бұл шәрһтің көп жерлерін Ибн Тәймиядан және оның шәкірті Ибн Қайюм Жәузиядан және немересі Ахмед бин Абдулхалимнен алған, бірін ғұлама, екіншісін шайх-ул-ислам және Әбул Аббас деп атаған. Ибн Тәймияға «радиаллаһу анһ» деп құрметін көрсеткен.

Міне осы «Мұсылманға насихат» кітабын дайындау барысында қолымызға түрік тілінде жазылған кішкентай уаһһаби кітапшасы түсті.

«Жауаб-и Нуман» атты сол кітап 1385 [м.1965] жылы екінші рет Шам қаласында басылған. Түрік қажыларды алдап, «Әһли сүннет» жолынан адастыру үшін тегін таратылуда. Аллаһу та'аланың мейірімі және қамқорлығымен оның да қате, ойдан шығарылған жазбаларына берік, дәлелді жауаптар жазу нәсіп болды.

[Абдуррахман 1258 [м.1842] жылы өлді.]

[Ахмед ибн Тәймия 728 [м.1328] жылы Шамда өлді.]

[Мұхаммед ибн Қайюм Жәузия 751 [м.1350] жылы қайтыс болды.]

Міне осы «Мұсылманға насихат» кітабымыз екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Фәтһ-ул-мәжид» кітабынан, кейін «Жауаб-и Нуман» кітабынан жазбалар алынып, оларға Ислам ғалымдарының (рахимә-һуллаһу таала) кітаптарынан жауаптар берілді. Осылайша отыз бес тарау пайда болды.

Кітаптың екінші бөлімінде уаһһабилердің қалай пайда болғандығы, қалай жайылғандығы және мал-мүлік пен мансапқа қолжеткізу үшін уаһһабилердің арасына кірген сауатсыз, жабайы адамдардың мұсылмандардың мал-жанына көз тігіп, Ислам мемлекеттеріне рақымсыз шабуылдағаны, Осман Империясы тарапынан қалай жазаланғандығы және бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін британдықтардың көп ақша мен қару-жарақ көмегімен қайтадан қалай мемлекет құрғандығы жазылған.

Аллаһу та'ала мұсылмандарды мазһабсыздық пәлекетіне түсуден сақтасын! Бұл жолдарға адасып түскен бейшараларды осы пәлекеттен құтқарсын! Әмин!