Сұрақ: Ораза ұстаудың пайдасы тек денеге ғана тиеді ме? Рухани пайдасы жоқ па?
Жауап: Ораза адамдарға заттық пайдалар мен бірге рухани пайдалар да тигізуде. Бір жыл бойы әр түрлі тағамдарды қорытып шаршаған адамның асқазаны мен ішектері жылына бір рет демалып, саулығын қорғауда. Бұлар заттық пайдаларынан.
Ал рухани пайдасы, ораза ұстаған адам аш адамның қиыншылығын сезініп, мұқтаждарға көмектесу керектігін түсінеді. Бұл адамдардың бір-біріне көмектесуіне себеп болады. Ал бір-біріне көмектескен адамдардың қоғамында ұрыс-керіс болмайды. Одан бөлек Аллаһу та'аланың әмірін орындау үшін бір ай күндіз ораза ұстаған мұсылман Аллаһу та'аланың басқа әмірлерін де орындауға дағдыланып қалады және басқа әмірлерді орындауға қабілет менгереді.
Ораза ұстаушының тек қана асқазанын тынықтыруды, диета ұстауды көздеуі оразаның сахих және қабыл болмауына себеп болады. Өйткені ораза тек қана аш болу мен шөлдеп жүруден, сырты ғана жылтыраған қажетсіз амалдардан құралмаған. Оразаның ішкі дүниеге де көптеген пайдалары бар. Ілімі мен түсінігі жоғары адамдар дененің рухтың мекені және нәпістің қалаулары айналып тұратын орын екенін біледі. Нәпістің денелік қалаулары қаншалықты көп болып, денеге қаншалықты басым келетін болса, рухтың дамуы соншалықты аз болады, тіпті мүлдем дамымайды. Барлық діндерде нәпістің қалауларын істемеу, яғни риязат шегу Аллаһу та'алаға жақындауға себеп болады деп көрсетілген. Тек қана ішіп-жеуден ғана сақтанып, өтірік сөйлеуден, ғайбаттан тыйылмай ұсталған оразаның пайдасыз амал екендігін Ислам ғалымдары айтқан.
Ораза – жылына бір ай, яғни Рамазан айында тек күндіз ғана оразаны бұзатын нәрселерден сақтану деген сөз. Аш болу және шөлдеудің не екені ораза ұстау арқылы жақсы аңғарылуда, кедейлерге, мұқтаждарға көмектесуге деген сезім оянуда және адамдардың бір-біріне жәрдемдесуіне себеп болуда. Осылайша адамдар арасында ұрыс-керіс пен дауласу емес, сүйіспеншілік пен құрмет-сый, татулық пайда болуда.
Оразаның Аллаһу та'аланың бұйрығы екеніне сену және одан сауап күту қажет. Күндердің ұзақ, ораза ұстаудың қиын екеніне шағымданбау керек. Күннің ұзақ болуын, ораза ұстамағандар арасында қиналып ораза ұстауды зор мүмкіндік, тіпті ғанибет деп білу керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024