Сұрақ: Ибраһим алейһиссалам оқыған бір дұға бар екен. Кім оқыса, соған қырық қажылықтың сауабы беріледі екен. Ол қандай дұға?
Жауап: Ибраһим алейһиссалам: «Әлхамдулиллаһи қаблә кулли ахад, уәл хамду лиллаһи бадә кулли ахад, әл хамду лиллаһи алә кулли хал» деп дұға еткенінде Аллаһу та'ала: «Йа, Жәбрейіл, досыма сәлем айт! Ол үш сөзді үш рет айтты, мен оған қабыл болған қырық нәпіл қажылықтың сауабын бердім. Бұл дұғаны оқыған әрбір мұсылманған да дәл осы сауапты беремін» деді. (Мифтаһул жәннә)
Әлхамду лиллаһи қаблә кулли ахад – Бәрінен бұрын Аллаһу та'алаға хамд етемін.
Әл хамду лиллаһи бадә кулли ахад – Бәрінен кейін Аллаһу та'алаға хамд етемін.
Әл хамду лиллаһи алә кулли хал – Барлық жағдайда Аллаһу та'алаға хамд етемін.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024