Қабірде өлілер төрт жағдайда болады. Кейбірлері өкшелерінің үстінде отырады. Көздері айналып, денесі ісіп, тәні топыраққа айналғанға дейін осы жағдайда қалады. Кейін рухы дүние аспанынан басқа мәләкут әлемінде жүреді.
Кейбірлеріне Аллаһу та'ала сондай бір ұйқы береді. Бірінші сур үрленгенге дейін не болғанын білмейді. Бірінші сурда оянады, кейін қайтадан өледі.
Кейбірлері қабірінде екі немесе үш айдай болады. Кейін рухы жәннат құсына мініп, құс оны жәннатқа дейін ұшырады. Бұларды хабарлаған хадис шәрифтер сахих. Ислам дінінің иесі (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Мүминнің рухы құспен бірге. Жәннат ағаштарының біріне асылып тұр.»
Осы сияқты шәһидтердің рухтары туралы сұралғанда: «Шәһидтердің рухтары жасыл құстардың құрсақтарында жәннат ағаштарында ілініп тұрады» деді.
Кейбір адамдар қалаған кезінде тұрған жерлерінен биікке көтеріледі. Ал кейбірлері сур үрленгенге дейін сонда қалады.
Төртінші түр – пайғамбарлар мен әулиелерге тән. Олардың кейбірлері қияметке дейін ұшады, көбісі түнде көрінеді. Мен Әбу Бәкір Сыддық пен Омар-ул-Фаруқты (радиаллаһу та’ала анһ) осылардан деп сенемін.
Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үш әлемде де (Әлеми насут, Әлеми мәләкут, Әлеми жәбәрут) кезуге еркі бар. Осындай екенін ескерту және хабарлау үшін бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Аллаһу та'ала мені үштен артық жер бетінде қалдырмауын Одан сұраймын» деді. Шынымен де, үш он жылдық, яғни отыз жыл өткенде хазреті Әли Расулуллаһтан отыз жыл кейін [қырық бірінші жылы] шәһид етілгенде, хазреті пайғамбар жер халқына ренжіді. Мүбәрәк рухы толықтай аспанға көтерілді.
Мұны кейбір салихтар түсінде көрді.
(Өйткені шайтан барлық нәрсенің кейіпіне енеді. Бірақ пайғамбарлардың көрінісін ала алмайды. Сондықтан пайғамбарымыз (алейһиссалам) түске кіргенде, әлбетте, сахих және дұрыс болады. Осы тұрғыда бұл түстер бізге дәлел болады.)
Бір кісі айтқан: «Йа, Расулаллаһ! Ата-анам сізге пида болсын! Үмбетіңіздің фитналарын көрмейсіз бе?» Хазреті пайғамбар (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Аллаһу та'ала әлі фитналарын арттырады. Олар хазреті Хусейнді де шәһид етті. Маған деген құрметті сақтай алмады» деді. Көбірек айтылған болса да, басқаларында риуаят етушілердің күмәндары бар болғандықтан, тәрк етілді.
Олардың кейбірі (Ибраһим алейһиссалам сияқты) жетінші қабат аспанды өтіп, сол жерде қалады. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) Миғраж түні Ибраһим алейһиссаламмен жолықты. Оның Бәйти мамурға сүйеніп отырып, мұсылман балаларына сол жерден ашумен назар салып тұрғанын көрді.
Иса алейһиссалам бесінші қабат аспанда. Әр аспанда Расулдар мен Нәбилер (алейһимуссалам) бар, ол жақтан шықпайды, кетпейді. Қияметке дейін сол жақта қалады. Олардың арасынан қалаған жеріне бару еркіне ие болғандары тек қана хазреті Ибраһим, хазреті Мұса, хазреті Иса (алейһимуссалам) мен хазреті Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм). Олар үш әлемдегі қалаған жеріне бара алады.
Әулиелердің кейбірлері қиямет күніне дейін бір жерде тоқтап тұрады. Мысалы, Баязид Бистамидің (рахметуллаһу та’ала) Арш астындағы дастарханнан тамақ жеуде екендігі риуаят етілген.
Қабірдегілердің жағдайлары осы төрт түрде болады. Яғни азапталады, мейірім көреді, қорланады, сый-сияпат көреді.
Әулиелер (рахимаһумуллаһу та’ала) арасында сондайлары бар, олар өлім жағдайындағы адамға қадалып қарайды. Жан таласып жатқан адамға кең жерлер тар болады, немесе көбінесе ашылып кеңейеді. Әулиелер сол жағдайды көріп, хабар береді. Мен осылай өлім ауызындағы адамның халінен хабар тауып айтқан кісіні көрдім.
Кейбір достарымды көрдім, көкірек көзінен перде алынып, өлген баланың үйіне кіргенін көрді. Бұл батыни (жасырын) пайдалар, сыйлар тек қана кәрим немесе нәсіп, мүбәрәк болған адамдарға берілген.
Қабірдегілердің кейбірлері жұма мен айт мейрамдарын біледі. Бір адам өмірден озса, дереу соның айналасына жиналады. Оны таниды. Біреулер өз әйелі жайлы сұраса, біреулер әкесі жайлы сұрайды. Әркім жаңа өлген кісінің рұхынан өзіне қатысты адамдар, нәрселер жайлы сұрап біледі.
Көптеген өлілер ана дүниеде таныстарынан ертерек өлгендердің кейбірлерін кездестіре алмайды. Өйткені таныс адамы дүниеде ие болған иман құндылығынан өлім ауызында айрылып қалған еді. Осы себептен кейбір адамдар яһуди болып, тағы кейбірлері христиан болып өледі де, солардың арасына кетеді. Бір адам өмірден озып, ана дүниеге барғанда мәйіттер одан дүниедегі көршілерін сұрап, «Пәленше қайда?» дейді. «Оның өлгеніне көп болды ғой» дегенде «Біз оны көрмедік, мұнда келмеді, бәлкім ол Хауия тозағына кеткен болар» дейді.
Бір адам түске кіріп «Аллаһу та'ала сені қалай қарсы алды?» деген сұраққа «Мен және пәленше, түгенше деп достарынан бес кісіні атап, бәріміз көп қайыр мен ниғметтерге бөлендік» деп жауап берген.
Алайда оны достарымен бірге харижилер, яғни «Йәзиди» деп аталатын адасқандар өлтірген еді. Көршісі туралы сұралғанда «Біз оны көрмедік» деді. Алайда ол кісі де өз өміріне қиып, өзін теңізге тастап, қайтыс болған еді. Ант етіп айтты: «Уаллаһи, мен оны өзіне қол жұмсағандармен бірге деп ойлаймын.»
Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Кімде-кім өз-өзін бір темірмен өлтірсе, қиямет күні сол темір қолында қарнын ұрған халде келеді. Ол тозақта мәңгі қалады. Сондай-ақ, кімде-кім таудан секіріп өзін-өзі өлтірсе, өзін тозақ отына тастайды.»
Әйел кісі де осылай істеп, өзіне қол жұмсаса, соның азабын сур үрленгенге дейін тартады. [Бұл хадис шәриф дүниенің қиыншылықтарынан құтылып, рахаттыққа бөлену үшін өзіне қол жұмсағандарға қатысты айтылған. Өйткені солай ойлау ахирет азабын жоққа шығару болып саналады да, күпірге жатады. Есі ауысып өзіне қол жұмсағандар немесе қол жұмсағанымен бірден өлмей, тәубе еткен болса, кәпір болмайды.] Сахих хабарда бізге келді, Адам алейһиссалам Мұса алейһиссаламмен жолықты. Мұса алейһиссалам оған айтты: «Сен - Аллаһу та'ала құдіретімен жаратып, рух берген адамсың. Сені жәннатына кіргізді. Неліктен Оған қарсы шықтың?» Адам алейһиссалам жауап берді: «Йа, Мұса! Аллаһу та'ала сенімен сөйлесті және саған Тәуратты түсірді. Тәуратта "Раббының алдында Адамнан зәллә (қателік) кетті" деп жазылғанын көрмедің бе?» деді. Мұса алейһиссалам «Иә, көрдім» дегенінде хазреті Адам: «Мен мұны істемей жатып қанша жыл бұрын тағдырға жазылған» деді. Мұса алейһиссалам «Сен істемей тұрып елу мың жыл бұрын тағдырға жазылды» дегенде хазреті Адам «Олай болса, ей, Мұса, мені істеуімнен елу мың жыл бұрын тағдырға жазылған күнәмен айыптап, кінәлап жатырсың ба?» деді.
[Осындай әңгімелері «Сәадати Әбәдия» кітабының екінші том, елуінші бөлімінде кеңірек жазылған. Адам алейһиссаламның осы жауабының «Бұл әрекетті қалауымды Аллаһу та'ала ежелден білгенін Тәураттан оқыған болсаң да және осы істен келетін әр түрлі пайдаларды білген болсаң да мені айыптауың саған жараспайды» деген мағынада екендігі «Сәадати Әбәдия» кітабында кеңінен түсіндіріліп жазылған.]
Сахих болған хадис шәрифте хабар берілді: Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Миғраж түнінде пайғамбарлармен (алейһимуссалауату уәттәслимат) бірге екі рәкат намаз оқыды. Харун алейһиссаламға сәлем берді. Харун алейһиссалам пайғамбарымызға және үмбетіне рахметпен дұға етті.
Идрис алейһиссаламға да сәлем берді, ол да пайғамбарымызға (алейһиссалауату уәссәләм) және үмбетіне рахметпен дұға етті. Алайда Харун алейһиссалам пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пайғамбарлығы білдірілмей тұрып қайтыс болған еді.
Оның мүбәрәк рухы көрінді. Ол өмір – рухани өмір еді.
Қазіргі дүниедегі өмірден кейін тағы бір үшінші өмір бар. Бірінші өміріміз, яғни тірілу – Аллаһу та'ала барлығымызды Адам алейһиссаламның белінен шығарып, шаһадат (куәлік) еткізген және «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деген кезде «Иә, біз қабыл еттік. Сен біздің Раббымызсың. Йа, Рабби» деген (Мисақ) уақыты. Екіншісі, дүниедегі өміріміз, алайда бұған қатты мән берілмейді. Өйткені бұл өмір адамның ниғметтелуіне себеп болған өткінші және тез бітетін өмір.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Адамдар ұйқыда, өлген кезде оянады» деген. Бұл хадис шәриф үшінші өмірді, яғни қабір өмірінен хабар беруде.
Қабір өміріндегі жағдайлар мәйіттердің ақиқаттары, сипаттары баршаға мәлім болған кездегі жағдайлар. Мәйіттердің кейбірлері өз орнында қалады. Кейбірлері қыдырады. Кейбірлері соққы жейді. Кейбірлері ауыр азаптар шегеді. Мұның дұрыстығының дәлелі Мүмин сүресінің «От-алау күнәхарларды таңертең және кешке қоршап алады. Қиямет күнінде тозақта міндет атқаратын періштелерге Перғауынға еріп кеткендерді азаптың ең ауыр жеріне тастаңдар» деген қырық алтыншы аяти каримасы.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024