Дастархан дұғасы

Новая страница 1

Тамақтан бұрын «бисмилләһ» айту яғни «Бисмилләһиррахманиррахим» деп айту және соңында «әлхамдулилләһ» деу сүннет болып табылады.

 

Тамақтың алдында «Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін тамақтануға, осы тамақтың күш-қуатымен (энергиясымен) ғибадат етуге, өзімнің, жанұямның нафақасын халалдан табу үшін күш-қуат алуға» деп ниет етіледі.

 

Тамақтан кейін мына “дастархан дұғасын” оқу керек:

«Әлхамдулилләһилләзи әшба’анә уә әруана мин ғәйри хаулин миннә уә лә қууаһ. Аллаһуммә ат’имһум кәма ат’амуна. Аллаһуммәрзуқна қалбән тәқийан, минәшширки бәрийан лә кәфиран уә шәқийан уәлхамдулилләһи раббилаләмин»

 

Мағынасы: Біздің күш-қуатымыз болмай бізді ниғметтерімен тойғызған және шөлімізді қандырған Аллаһу та’алаға хамд (шүкір) болсын. Йа Рабби бізге бұл тамақты дайындағандарға және бізге бұл ниғметтерді ұсынғандарға сен де бер. Йа Рабби біздің көңілімізді ширк, күпір және жамандықтардан сақта. Біздерге дініміздің әмірлеріне бағынышты көңіл нәсіп ете гөр.