Бисмиллаһиррахманиррахим

Исламды баяндайтын кітаптар өте көп. Олардың ішіндегі ең құндысы – Имам  Раббанидың үш томдық «Мəктубат» атты кітабы. Одан кейінгі орында Мұхаммед Масумның үш томдық «Мəктубат» атты кітабы тұрады. Мұхаммед Масум хазреттері Мəктубаттың үшінші томы, он алтыншы мəктубында (хатында) былай деген: «Иман – калимə-и тəуһидке, яғни Лə илаһə иллаллаһ жəне Мухаммадун Расулуллаһ деген екі бөліміне бірге сену деген сөз.» Мұхаммед Масум хазреттерінің отыз үш мәктубы «Хақ сөздің дәлелдері» кітабының 322-бетінен бастап басылып шығарылған. Яғни мұсылман болу үшін Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар екендігіне де сену керек. Аллаһу та’ала Жəбрейіл атты періште арқылы пайғамбарына «Құран кəрім»-ді жіберді. Бұл Құран кəрім – Аллаһтың сөзі. Мұхаммед алейһиссаламның жеке пікірлері немесе философтардың, тарихшылардың сөзі емес. Мұхаммед алейһиссалам Құран кəрімді тəфсирлеген, яғни мағынасын ашып түсіндірген. Бұл түсіндірмелер «Хадис шəриф» деп аталады. Ислам діні – «Құран кəрім» мен «Хадис шəрифтер». Әлемдегі миллиондаған Ислам кітаптары – «Құран кəрім» мен «Хадис шəрифтердің» түсіндірмесі. Мұхаммед алейһиссаламнан келмеген сөз Ислам кітабы бола алмайды. Иман жəне Ислам дегеніміз – «Құран кəрім» мен «Хадис шəрифтерге» сену деген сөз. Пайғамбарымыздың білдіргендеріне сенбеген адам Аллаһтың сөзіне де сенбеген болады. Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу та’аланың білдіргендерін сахабаларына үйретті. Сахабалар бұларды шəкірттеріне үйретті. Ал олар бұл білімдерді кітаптарына жазды. Осы кітаптарды жазған ғұламалар «Əһли сүннет ғалымдары» деп аталады. Əһли сүннет кітаптарына сенген адам Аллаһтың сөзіне сенген болады. Мұсылман болады. Аллаһқа шүкір, біз дінімізді Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарынан үйренудеміз. Дін реформистерінің, масондардың ойдан шығарылған жалған кітаптарынан үйренген жоқпыз.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан: «Үмбетімнің арасында фитна, бүлік жайылған кезде сүннетімді ұстанған адамға жүз шəһидтің сауабы бар.» Сүннетті ұстану Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйрену жəне соларды орындау арқылы ғана жүзеге аспақ. Мұсылмандардың төрт мазһабынан кез келген бірінің ғалымдары «Əһли сүннет ғұламалары» болып табылады. Əһли сүннет ғұламаларының басшысы Имам Ағзам Əбу Ханифа Нұғман бин Сабит. Британдықтар көптеген ғасырлар бойы бар күшін салып, бір мұсылманды христиан қыла алмады. Бұл пиғылдарын жүзеге асыра алу үшін олар жаңа əдістер іздеді. Нəтижесінде масондық қоғамын құрды. Масондар Мұхаммед алейһиссаламның сөздеріне жəне барлық діндерге, өлгеннен соң қайта тірілуге, жәннат пен тозақтың бар екендігене сенбейді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Аллаһу та’аланың ең сүйікті құлы – дінін үйренген және басқаларға да үйреткен адам. Діндеріңді Ислам ғалымдарының аузынан үйреніңдер!»

Шынайы ғалым таба алмаған адам Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарынан үйренуі керек және осы кітаптардың таралуына тырысу керек. Ілім, амал және ықылас иесі болған мұсылманға «Ислам ғалымы» делінеді. Осы үшеуінің бірі кем болып, өзін ғалым деп танытқан адамға «жаман дін адамы, фанат» делінеді. Ислам ғалымы адамды бақыттың есіктерін ашатын себептерге қауыштырады, ол діннің күзетшісі. Ал фанат дін адамы адамды пәлекетке апаратын себептердің ішіне түсіреді, ол шайтанның көмекшісі. Истиғфар айту дерттерге, қиыншылықтарға бөгет болатын себептерге қауыштырады. Истиғфар дегеніміз «Әстағфируллаһ мин кулли мә карихаллаһ» немесе қысқаша «Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз.

 

Аллаһу та’ала адамдарды жаратты. Барлық адамдардың бақытты өмір сүруін қалағанын білдірді. «Бақытты болу» – рахат және қиыншылықсыз өмір сүру деген сөз. Адамдардың барлығы бақытты болуды қалауда. Жаратқан да, жаратылған да бір нәрсені қалап тұрғанымен, бақытты болған адамдар өте аз. Өйткені Аллаһу та’ала барлық нәрсені бір себеппен жаратуда. Аллаһу та’аладан бір нәрсені қалау не қаулымен, сөзбен болады. Яки іс-әрекетпен болады. Сөзбен қалау – дұға ету деген сөз. Бір нәрсені іс-әрекетпен қалау – сол нәрсені жүзеге асыратын себепті орындау деген сөз. Жұмыс істеу – себепке жабысу деген сөз. Жұмыс істемей, жалқауланып отырған адам себепке жабыспаған болады. Аллаһу та’ала жалқауға ештеңе бермейді. «Уә ән ләйсә лил инсани илла мә сәа: Адам тек еңбектенген нәрсесіне ғана қауышады» деген аяти кәрима сөзіміздің дәлелі. Кәпірлер Аллаһу та’алаға сенбегендіктен дұға етіп сұрамайды. Себептердің әсерін көргендіктен, тек іс-әрекетпен қалайды. Себептерге жүгінеді. Аллаһу та’ала олардың бұл қалауларын қабыл етіп, қалаған нәрселерін жаратуда, беруде.

Бақытты болу үшін қажет болған себептерге «Ниғмет» делінеді. Аллаһу та’ала ниғметтерін досқа да, дұшпанға да, сұрағандардың бәріне беретініне уәде етуде. Ниғметке қауышу үшін ниғмет иесі ұнатқандай сұрау керек. Сондықтан, ниғметті қалағанын білдіру, дұға ету және міндетті түрде берілетініне сену, «Иман ету» керек. Бұған сенбеген, әсіресе жоққа шығарған адамға берілмейді. Сенбеген адам мақрұм қалады. Бақытқа себеп болатын ниғметке қауышу үшін жасалған дұғада осы иман шарт. Демек, ниғметке қауышу үшін алдымен иман иесі болу, яғни мұсылман болу керек, содан кейін ниғметтің себебіне жүгіну қажет. Бүкіл ниғметтердің иесі болған Аллаһу та’ала ниғметтерге қауышу үшін қалай дұға етілетінін де, қамқорлық танытып, білдіруде. Мұсылманның дұғасының қабыл болуы үшін иманнан кейін күніне бес уақыт намаз оқу, құл (кісі) ақысы болмау деген шарттары ең басында келеді. Дұғаларымыз қабыл болмайды дейтіндердің осы шарттарды орындамағандары аңғарылады.