Сұрақ: Әр істе әр уақытта көпшілікке еру қате емес пе? Мысалы көбінесе айтылатын мынадай сөздер бар:
1) Көпшілік дінге сенбегендіктен, мен де сенбеймін.
2) Көпшілік намаз оқымағандықтан, мен де намаз оқымаймын.
3) Көпшілік ашық-шашық жүргендіктен, мен де ашық-шашық жүремін.
4) Көпшілік музыка тыңдағандықтан, мен де музыка тыңдаймын.
5) Көпшілік музыка аралас илаһи (нашида) тыңдағандықтан, мен де тыңдап жүрмін.
6) Көпшілік шіркеуге барғандықтан, мен де христиандардың діни жораларына қатысамын.
7) Көпшілік мұсылман болмағандардың жәннатқа кіретіндігін айтып жүргендіктен, мен де солай сенемін.
8) Көпшілік мазһабтардың кейіннен шыққандығын айтып жүргендіктен, мен де мазһабтарды қабылдамаймын.
9) Христиандар мұсылмандардан көбірек болғандықтан, христиан дінінің хақ екендігі рас.
10) Буддисттер христиандардан көбірек болғандықтан, Буддизм – хақ дін.
11) Әлемде дінге сенбейтіндер көбейгендіктен, мен атеист болдым.
12) Мәдениетті және мансапты адамдар масон болғандықтан, масондық – дұрыс жол.
13) Бүкіл әлем ғибадатқа микрофон араластырып жатыр. Осыншалықты адам бидғат істеп жүрген жоқ шығар...
14) Ханафиде ғұсылда ауыздың ішін жуу парыз, бірақ тісінде пломбасы бар болған адамдар өте көп. Олардың бәрі жүніп болып жүрген жоқ шығар...
15) Әлемде Ислам халифасы болмаса да, халқы мұсылман болған мемлекеттердің Дар-ул-Ислам (Ислам мемлекеті) екендігін бәрі қабылдауда. Көпшіліктің қателесуі мүмкін бе?
Жауап: Жоғарыдағы қате мысалдарда айтылғанындай, көпшілікті үлгі етіп «Бәрі осылай істеп жүр, мен де солай істесем не болады?» деп айту жаиз (рұқсат) емес.
Жаман, қате нәрсені үлгі ретінде көрсетуге болмайды. Жаман нәрселерді, қателіктерді бәрі жасаса да, ол нәрсе жақсы, дұрыс болып қалмайды. Жақсылық, дұрыстық, ақиқат сияқты мәселелер әрдайым көпшіліктің тарапында болмайды.
Құран кәрімде көптеген мәселеде көпшіліктің «Адамдардың көбі» немесе «Олардың көбі» тіркестері қолданылып, қате жолда екендігі білдірілген. Көпшілікке ерудің зияндарын білдіретін аяти карималардан мысалдар:
1) Адамдардың көбіне ерген кісі адасады. (Әнам 116)
2) Аллаһтың мұғжиза жарата алатынын көбі білмейді. (Әнам 37)
3) Ризықты Аллаһтың беретінін көбі білмейді. (Сәбә 36)
4) Адамдардың көбі кәпір. (Нахл 83)
5) Адамдардың көбі фасық (күнәхар). (Маида 49, 81, Тәубе 8, Хадид 16, 27)
6) Адамдардың көбі мүшрик. (Рум 42)
7) Адамдардың көбі сенбейді, иман келтірмейді. (Бақара 100, Худ 17, Рад 1)
8) Адамдардың көбі қарсы шығады (жоққа шығарады). (Исра 89)
9) Адамдардың көбі ғапіл. (Юнус 92)
10) Адамдардың көбі шүкір етпейді. (Бақара 243, Юнус 60, Юсуф 38)
11) Адамдардың көбі өз күмәніне ереді. (Юнус 36)
12) Адамдардың көбі рахмет айтуды, шүкір етуді білмейді. (Фурқан 50)
13) Көбі өтірікші. (Шуара 223)
14) Көбі Аллаһқа серік қосады. (Юсуф 106)
15) Адамдардың көбі ақиқатты жақтырмайды. (Зухруф 78)
16) Адамдардың көбі Құраннан бет бұрды. (Фуссиләт 4)
17) Кәпірлердің көбі ақылға салмайды, бастары істемейді. (Маида 103)
18) Өлілерді Аллаһтың тірілтетінін көбісі білмейді. (Нахл 38)
19) Қияметтің келетініне көбісі сенбейді. (Мүмин 59)
20) Хақ діннің мұсылмандық екенін көбісі білмейді. (Рум 30, Юсуф 40)
21) Қияметтің қашан басталатыны белгісіз екенін көбі білмейді. (Араф 187)
Жалпы алғанда қадірлі нәрселер аз. Бірнеше мысал:
1) Берілген ниғметтерге шүкір ету өте жақсы, бірақ шүкір етушілер аз. (Сәбә 13, Араф 10, Мүминун 78, Сәжде 9, Мүлк 23, Бақара 243, Юнус 60, Юсуф 38, Мүмин 61, Нәмл 73) Шүкір – Ислам дінін ұстану деген сөз. (Мәктубати Раббани)
2) Хазреті Нухқа сеніп, кемесіне мініп құтылғандар азшылық еді. (Худ 40)
3) Иман келтіріп, жақсы амал істегендерден, хақ пен сабырға шақырғандардан басқа адамдар зиянда. Ал зиянда болмаған адамдар аз. (Аср сүресі, Сад 24)
4) Мұсылман болмағандардың өте азының иман келтірілгені білдірілген. Осы аз адамдар мақталған. (Бақара 88)
5) Мұса алейһиссаламның қауымы Аллаһ үшін әлбетте соғысамыз деген болса да, соғысу әмірі келгенде өте азы соғысқа қосылды. Осы аз адамдар мақталған. (Бақара 246)
6) Аллаһу та'ала «Осыларды әмір етсек, аздаған адамдардан басқа ешкім әмірімізді тыңдамас еді» деп аз адамдар мақталған. (Ниса 66)
7) Әһли кітаптан (кітапты кәпірлерден) өте азының иман келтіретіндігі білдірілуде. Осы аз адамдар мақталуда. (Ниса 155)
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Жақсылық көп, алайда оны істейтіндер аз.» (Хатиб)
«Үндемеу – даналық, алайда үндемейтіндер аз.» (Дәйләми)
«Мүлкін қайырымдылыққа жұмсап құтылатын байлар аз.» (Ибн Мажа)
«Ақылдылар кибрит-и ахмардан азырақ.» (Хаким) (Кибрит-и ахмар – алтын сияқты сирек кездесетін заттар.)
«Халал белгілі, харам белгілі. Бұлардың арасында күмәнді болғандар бар, адамдардың көбі бұларды білмейді.» (Бұхари)
Әһли хикмет ғұламалар айтқан:
1) Халық көп амалмен әуре болғанда сен, аз болса да, жақсы амалмен әуре бол!
2) Халық нәпіл ғибадаттармен айналысқанда сен парыздарды толық орындауға тырыс!
3) Бәрі сырт көрінісін сәндегенде сен ішкі дүниеңді, жүрегіңді сәнде!
4) Бәрі өзгенің кемшілігін іздеп жүргенде сен өз кемшіліктеріңмен әуре бол!
5) Бәрі дүниедегі пайдасыз нәрселерді жайластырып жатқанда сен ахиретіңді жайластыр!
6) Бәрі адамдарға жағуға тырысып жатқанда сен Аллаһтың разылығын алуға тырыс!
7) Бәрі фәнилермен дос болғанда сен бақи болған Аллаһпен дос бол!
8) Бәрі әр нәрсеге жүгінгенде сен тек Аллаһқа ғана жүгін!
9) Бәрі нәпсін ұнатқанда сен жамандауға тырыс!
10) Бәрі мал-мүлік жинағанда сен жомарт бол!
Жамандар көп болса да, оларға еру дұрыс емес. Дініміздің әміріне бағынған адам жақсылықты, көркемдікті, дұрыстықты тапқан болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024