Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Силсилә-и алийа ғұламаларын танып, олардың жолында дінімізге қызмет етушілердің біреуі мыңға тең. Өйткені Әһли сүннет сеніміне қауышу және оны жаю өте қиын, себебі дұшпаны көп. Барлық кәпірлер мен адасқан сектадағылар бір мақсатта бірігеді. Ол мақсат – Әһли сүннетті жою.
Маймыл – өте жайнақы, ойнақы жануар. Бірақ айнаға қараған кезде ашуланып, айнаны сындырғысы келеді. Өйткені өзінің түрін тек айнаға қараған кезде ғана көреді. Кейін «Мен осыншалықты сүйкімсізбін бе?» деп айнаға шабуылдайды. Дәл осылай Әһли сүннет сенімінде болған бір мұсылманға қараған адам, егер өзі мазһабсыз немесе адасушы болса, әлгі мұсылманның нұрлы жүзінде, оның көркемдігінде өзін көреді. Сүйкімсіздігін қабылдай алмағаны үшін, тура айнаға шабуылдаған маймыл сияқты, оған дұшпан болады. Осы себептен Әһли сүннеттің дұшпаны көп.
Ең жаман, ең қауіпті шайтан – адам шайтандар. Марқұм Хусейн бин Саид хазреттері «Аллаһу та'ала бізді шайтандардың зиянынан сақтасын. Шайтан дегенде көбіне Ібіліс аңғарылады. Алайда шайтандар дегенде Ібіліспен бірге нәпіс, жаман адамдар, жаман достар, жаман ақпарат құралдары да аңғарылады» дейтін.
Махшарда тозақтық адамдар шайтанға барып «Сенің кесіріңнен осы жағдайға түстік, ей, малғұн!» дейді. Сонда шайтан:
– Сендер дүниеде мені көрдіңдер ме? – деп сұрайды. Олар:
– Көрмедік, – деп жауап береді.
– Дауысымды естідіңдер ме?
– Жоқ, естімедік.
– Олай болса, неге мені айыптайсыңдар? Одан да барыңдар, сендерді осы жағдайға түсірген менен де жаман болған адамдардың жағасына жабысыңдар!
– Олар кімдер?
– Олар сендермен әңгімелескен, сендермен бірге отырып-тұрған достарың. Сендер мен туралы тек қиялдан сөйлейсіңдер. Бірақ олармен бетпе-бет кездестіңдер. Сендер дүниеде Құран кәрім, мешіт, ұстаз, діни кітап еш көрмедіңдер ме?
– Көрдік.
– Сендер азан дауысын естімедіңдер ме?
– Естідік.
– Сонда сендер қазір көргендеріңе және естігендеріңе емес, көрмеген, естімеген нәрселерге еріп осында келіп тұрсыңдар ма? Одан да өздеріңді айыптаңдар, сендерді осы жағдайға түсіргендерді табыңдар. Мен сендерге тек жаман ой ғана салдым, бірақ ешбіріңді қолдарыңнан ұстап, бір жерге сүйремедім. Бірақ әлгі достарың сендерді әр жерге алып барды, – дейді. Олай болса, жаман достардан, жаман ақпарат құралдарынан (жаман сайттар, телеарналар, газет-журналдар және т.б.) тым аулақ болуымыз керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024