Сұрақ: Пайғамбарымыз дүниелікке, ғылымға қатысты істерде «Дүниелік жұмыстарды сендер жақсырақ білесіңдер» деген. Пайғамбарымыз алейһиссалам дүние істерін түсінбейтін бе еді?
Жауап: Әрине түсінетін және жақсырағын білетін еді. Бірақ тәжірибенің маңыздылығын арттыру үшін солай айтқан. «Дүниелік жұмыстарды сендер жақсырақ білесіңдер» дегені – дүниелеріңе пайдалы болған нәрселерді тауып істеулерің үшін менің білдіруім қажет емес деген сөз. Ал діни міндеттеріңді, ғибадаттарыңды біле алмайсыңдар. Оларды менен үйреніңдер деген сөз.
Аллаһу та'аланың адамдарға берген ниғметтерінің, ихсандарының ең үлкені – пайғамбарлар жіберуі. Пайғамбарлар жіберу арқылы разы болған және разы болмаған нәрселерін адамзатқа білдірген.
Пайғамбарлар жаратылыстану ғылымдарын үйретпеді. «Бұларды ақылдарыңмен зерттеңдер, табыңдар, пайдалы істерде қолданыңдар» деді. Өздері де өз замандарында белгілі болған ғылыми құралдарды жасады және қолданды. Одан да көбін және жаңасын жасауғы тырыспады. Бұларды жасауды басқаларға қалдырды. Өздері Аллаһу та'ала білдірген діндерді жаюға, үйретуге тырысты.
Асхаби кирам пайғамбарымыздан (алейһиссалам) сұрады:
- Йеменге барғандарымыз сол жақта құрма ағаштарын басқаша тәсілмен егетінін және жақсы құрма алғанын көрді. Біз Мәдинадағы ағаштарымызды ата-бабамыздан көргеніміздей егейік пе, әлде Йеменде көргеніміздей егіп, жақсырақ, молырақ өнім алайық па?
Расулуллаһ алейһиссалам оларға:
- Біраз күтіңдер! Жәбрейіл алейһиссалам келгенде одан сұрап, түсініп, сендерге айтамын. Немесе біраз ойланайын. Аллаһу та'ала көңіліме дұрысын аян береді. Мен сендерге соны айтамын, – деп айтуы мүмкін еді. Бірақ олай айтпады. Керісінше:
- Тәжірибе етіп көріңдер! Ағаштардың жартысын ата-бабаларыңның тәсілімен, қалған жартысын Йеменде үйренген тәсілдеріңмен егіңдер! Қайсы жақсырақ құрма берсе, бәрін сол тәсілмен егесіңдер! – деді.
Яғни тәжірибені, ғылымның негізі болған тәжірибеге жүгінуді әмір етті. Өзі періштеден үйреніп немесе мүбәрәк жүрегіне әрине аян болатын еді. Бірақ әлемнің барлық жағында қияметке дейін келетін мұсылмандардың тәжірибеге, ғылымға жүгіну керектігіне белгі берді.
Дін ғалымдарының міндеті де дүниелік істерді үйрету емес. Яғни мұсылмандарға анасынан туыла салып анасының сүтін іздегеніндей тума түйсіктерімен (инстинкт) білетін, түсінетін қажеттіліктерін, пайдаларын, қысқасы табиғи міндеттерін үйрету емес. Ақша тап, аш қалма, қарныңды тойғыз, азықты аузыңа сал, шаршағанда демал... дегендей насихаттарды тіпті жануарларға да білдіру қажет емес. Дін ғалымдарының міндеті – дүниелік пайдаларға қол жеткізгенде ахиретті ұмытпау, ақиқат пен әділеттілікке мән беру, нәпіске ермеу және еңбектенгенде Аллаһқа жүгіну, немқұрайлылық танытпау, осылайша өз күшіне тағы рухани күш қосу сияқты пайдалы және нұрлы жолдарды адамдарға көрсету.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024