Көз тиюі хақ

Сұрақ: Менің екі жасар қызым бар, соның қолына көз моншақ таққанбыз, тіл-көзден сақтасын деп. Адам өзінен белгісіз бір сәуле (луч) шығарады дейді, соған қарсы тақса ширк немесе күнә бола ма?

Жауап: Көздің тиюі бар нәрсе. Адамға, жануарға тіпті жансыз заттарға да көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіруі де мүмкін. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді.

Пайғамбарымыздың заманында Әсәд ұлдарынан көзі тиетін біреу болған. Үш күн ештеңе жемей, кейін сыртта өтіп бара жатқан түйеге қарап «мынадай күшті түйе көрмедім» деп айтуымен түйе жерге құлап ауырып қалатын еді. Мүшриктер бұл адамды тауып пайғамбарымызды көзімен өлтіруін сұрайды. Хақ та’ала Расулуллаһ алейһиссаламды оның көзінен сақтады. Бұл туралы «Қалам» сүресінің «Кәпірлер сені көздерімен құртпақшы болды» деген 51-ші аяты түсті.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Көз тиюі хақ». (Муслим).

«Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді». (Ибн Ади).

«Адамдардың жартысы көз тиюден өледі». (Табарани).

Көз моншақ тағу рұқсат болып табылады.Хазреті Ибн Абидин былай дейді:

«Көз тимеуі үшін егіншілік жерге тұлып (чучело), малдың бас сүйегін қою рұқсат. Бір әйел бақшасындағы өнімдеріне көз тимеуі үшін не істейтінін сұрағанында Расулуллаһ «Бақшаңа малдың бас сүйегін іл» деп бұйырады. Қараған адам бірінші болып бас сүйекті көреді. Өйткені бас сүйек биікте, ерекшеленіп бірден көзге түседі. Бақшадағы егінді кейін көреді. Сондықтан зияны тимейді». (Рәддул Мухтар).

Көз моншақ немесе малдың бас сүйегі көз тиюінен сақтамайды. Көзден сақтайтын Аллаһу та’ала. Қараған адамның көзі ең алдымен осыларға түсетін болғандықтан көздерінен шығатын зиянды сәулелер соларға тиеді. Осылай көз моншақ таққан адам көз тиюден сақталған болады. Көз моншақ тағуға ширк немесе бос сөз дейтіндер уаһһабилер немесе олардың айтқандарына әсерленген адамдар.

Хазреті Ибн Абидин былай дейді:

«Тәмимә» моншақ дегенді білдіреді. Арабтар бұларды балаларына тағатын еді, олармен балаларынан көз тиюді алыстатқанын ойлайтын еді. Тәмимәнің шипа беретініне сенетін, тіпті мұнымен Аллаһқа ширк қосатын, өйткені олар тәмимә арқылы маңдайларына жазылған тағдырды өзгеретініне сеніп, тағдырының жойылуын күтетін еді. Ислам мұны алып тастады. (Ибн Әсир).

Тәмимә надандық дәуірінде мойынға және қолға тағылатын жіп еді, мұны өздерінен зияндарды алыстату үшін жасайтын еді. Ислам бұған тыйым салды. (Зәйлаи).

Осы аталған «тәмимә» рұқсат емес. Хазреті Ибн Абидин осы рұқсат болмаған тәмимәні түсіндіргеннен кейін көз тимеуі үшін бақшаға сүйек, малдың бас сүйегін қою рұқсат екенін айтқан. Қараған адам алдымен соны көріп, бақшаны кейін көреді. Көз моншақ секілді нәрселерді осы ниетте алып жүрудің тәмимәға жатпайтыны, яғни бұлардың рұқсат екені осылай хабар берілген. (С.Әбәдия).

Малдың бас сүйегі мен көз моншақтың ешқандай айырмашылығы жоқ. Екеуі де көз тиюден сақтамайды. Бірақ бір қарағанда бірінші болып осылар көрінгендіктен көз соларға тиеді. Кейін басқа нәрселерге қараса да зияны болмайды. Малдың бас сүйегі немесе көз моншақ көз тиюден сақтайды деп сенуге болмайды. Бұлар көз тиюдің алдын алу үшін бір себеп. Мұны Расулуллаһ (алейһиссалам) кеңес берген. Пайғамбарымыздың бұл әміріне ширк дейтіндер «пайғамбарымыздан шапағат сұрауға» да ширк дейді. Уаһһабилердің немесе олардан әсерленгендердің сөзіне мән бермеген жөн.