Сұрақ: Парыздың жанында сүннет немесе нәпіл ғибадат теңіздің жанындағы бір тамшыдай да бола алмайды, дегенмен сүннет болған сәлем беру неліктен парыз болған сәлем алудан сауаптырақ?
Жауап: Ибн Абидин хазреттері былай деген:
«Бұл ерекше болған бірнеше мәселенің бірі. Ерекше болғандары мыналар:
1) Сәлем беру сүннет, сәлемді алу (сәлемге жауап беру) парыз. Сәлемге жауап берілмесе, дұшпандыққа және араздасуға себеп болатындықтан, уәжіп болып табылады. Уәжіп бұл жерде парыз деген мағынада. Сәлем беру сүйіспеншілікті бірінші көрсетуі тұрғысынан құндырақ. (Сәлем беру арқылы сәлемге жауап берген адамның парыз істеуіне де себеп болады.)
2) Бір кедейге садақа беру немесе ондағы алашағын (қарызын) кешіп жіберу нәпіл ғибадат болып табылады. Бірақ қарызын өтей алмаған кедейге өтеуі үшін уақыт беру, алашағын сұрап оны қиын жағдайға түсіріп, мұңайтқаны үшін уәжіп болады. (Уәжіп бұл жерде де парыз мағынасында.) Бұған қарамастан кедейдегі алашағын кешіп жіберу қарызды қайтаруға уақыт беруден сауаптырақ.
3) Уақыт кірмей тұрып дәрет алу мәндуб, уақыт кіргеннен кейін дәрет алу парыз. Бұған қарамастан уақыты кірмей тұрып дәрет алу уақыт кіргеннен кейін дәрет алудан сауаптырақ. Уақыт кірмей тұрып дәрет алу намазды күту болып саналады. Ал намазды күту намаз оқып жатқан сияқты сауапты.
4) Сапарда Рамазан оразасын ұстау парыз емес, сүннет. Бірақ сапарда ораза ұстау сүннеті мұқим кезде ораза ұстау парызынан сауаптырақ. Рамазан айында жолаушының ораза ұстауы үйінде отырған адамнан қиынырақ. Олай болса, оның оразасы сүннет болуымен қатар сауаптырақ болуда.
5) Жұма намазына азан оқылғаннан кейін мешітке бару парыз. Азаннан бұрын бару болса, сүннет. Сонымен қатар жұма намазына ерте бару азан оқылғаннан кейін барудан сауаптырақ.
6) Қатты шөлдеген немесе қатты қарны ашқан біреуге жағдайы жететін адамның қажетінше су немесе нан беруі уәжіп, яғни парыз. Бірақ оған көп су немесе көп нан беру мәндуб. Бұл мәндубті істеу парызды орындаудан әлдеқайда сауаптырақ, өйткені көбірек берудің пайдасы да көп.
7) Бір адамға бір құрбандық шалу уәжіп болса да, екі құрбандық шалуы сауаптырақ.
Демек, бұл ерекше жағдайларда нәпілдің сауаптырақ болуы пайдасы көбірек тигені есебінен.» (Рәддул мухтар)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024