Түнгі ғибадат

Сұрақ: Түнгі ғибадатқа тек намаз оқу ғана жатады ма?

Жауап: Жоқ, әр түрлі ғибадаттар түнгі ғибадат болады. Мысалы, Құран кәрім оқу, ілім үйрену, қаза намазын оқу, истиғфар ету, зікір ету, ораза ұстау үшін сәреге тұру, өзіне және басқаларға дұға ету ниетімен сәре уақытында ояну сияқты амалдар түнгі ғибадат болып саналады. Қайбірін болса да, түнде ғибадат жасауға тырысу керек. Бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Түнгі ғибадатты тастап қоймаңдар! Өйткені бұл сендерге дейін келген салихтардың әдеті. Аллаһу та'алаға жақындатады, жамандықтарға, бәле-жалаға тосқауыл, күнәларға кафарат (өтем) болады және денені аурулардан қорғайды.» (Ибн Асакир)

«Түнде бір мезгіл ілім үйрену бүкіл түн бойы ғибадат етуден сауаптырақ.» (Бәйһақи)

«Құптаннан кейін "Әмәнаррасулу..." аяттарын оқыған адамға түнде ғибадат ету сауабы беріледі.» (Шир'а)

«Түнде сәре уақытында жасалған дұға қабыл болады.» (Тирмизи)

«Сәре уақытында Аллаһу та'ала айтады: Кешірім сұраушы жоқ па, оны кешірейін. Сұраушы жоқ па, тілегенін берейін, дұғасын қабыл етейін.» (Мүслим)

Түнде намаз оқу өте құнды. Хадис шәрифтерде былай білдірілген:

«Сәре уақытында оқылған екі рәкат намаз дүние мен оның ішіндегілерінен құндырақ.» (Дәйләми)

«Парыздардан кейін ең құнды намаз – түнгі намаз.» (Мүслим)

«Күндіз қайлулә жасап (біраз ұйықтап) тәһәжжудке көмектесіңдер!» (Ибн Мажа)

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар түнде намаз оқығандарға беріледі.» (Ибн Наср)

«Түннің соңында оқылған екі рәкат намаз дүниеден және дүниедегілерден қайырлы. Үмбетіме қиын болмағанда тәһәжжуд намазын парыз қылатын едім.» (Мүслим)

«Жәбрейіл алейһиссалам түнгі намаз оқуға кеңес бергені соншалық, өте аз ұйықтайтындардың үмбетімнің қайырлылары екенін түсіндім.» (Дәйләми)

«Түйе немесе қой сүтін сауатындай уақыт болса да, түнгі намазды оқыңдар!» (Әбу Нуайм)

«Мүминнің қадірі түнгі намазды оқуында.» (Хатиб)

«Қыс – мүминнің көктемі. Күндері қысқа, ораза ұстайды, түндері ұзын, ғибадат жасайды.» (Бәйһақи)

«Тұрақты түрде түнгі намаз оқыған адамның жүзі әдемі болады.» (Ибн Мажа)

«Түнгі намаз оқу жүректі нұрландырады.» (М.Ч.Йари Гузин)

«Бәрі ұйықтап жатқанда түнгі намаз оқу мүминнің дәрежесін көтереді.» (Хатиб)

 

Күндіз ұйықтау

Сұрақ: Түнде ғибадат жасамайтын адамның күндіз ұйықтауы дұрыс па?

Жауап: Ауруы жоқ болса, түнде де жеткілікті ұйықтаған болса, күндіз ұйықтау дұрыс емес. Түнде ғибадат жасаса да, күндіз екі рет ұйықтау мәкрух. Қайлулә жасау жеткілікті.

«Орынсыз күлген, қарны ашпай тұрып тамақ жеген, түнгі ғибадат жасамастан ұйықтаған адамды Аллаһу та'ала жек көреді.» (Ихйа)