Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ең үлкен дәулет, ең үлкен байлық – Әһли сүннет сенімінде болу. Имам Раббани хазреттері «Әр адамға бәрінен бұрын қажет болғаны – Әһли сүннет ғалымдары білдіргеніндей сену, кейін осы ғалымдар білдірген илмихал білімдерін үйрену» деген. Илмихал білімдері дегеніміз – неге қалай сенетінімізді, нені қалай, не үшін істейтінімізді түсіндіретін білімдер.
Харам, мәкрух, мүфсид, парыз, уәжіп, сүннет, мүстаһаб, мубах деп аталатын осы білімдерге «Әфал-и мүкәлләфин» делінеді. Яғни әрбір мүкәлләф (балиғатқа толған, ақылы кірген) адамның орындауы және сақтануы қажет болған амалдар. Бұларды толық орындаған адам әулие құл болады. Осы нәрселерді білдірген ғалымдардың жолын ұстанған, олар көрсеткен жолмен жүрген адам олар барған жерге барады.
Олай болса, олар барған жерге бару үшін мына төрт нәрсеге мән беру керек:
1) Әһли сүннет сеніміне сай иман,
2) Өзіне қажетті илмихал білімдерін дұрыс қайнардан үйрену,
3) Үйренгендеріне сай ықыласпен амал ету,
4) Дін ғұламаларын танып, оларды жақсы көру және өз ақылын тастап, сол ғалымдарға мойынсұну.
Осыларды орындаған адам олармен бірге болады, олармен бірге болған адам олардың қауышқандарына қол жеткізеді.
Ғалымдардың жолына түсу ұшаққа мінуге ұқсайды. Бұл ұшақ арнайы біз үшін ұшпауымен қатар, біздікі де емес. Бірақ ол баратын жерге біздің де бара алуымыз үшін кейбір шарттарды орындау керек. Билет алу, ұшатын уақытында, ұшатын жерінде дайын болу, жолаушы ретінде тіркеуден өтіп, орнымызға отыру, пилоттың жұмысына еш араласпау керек. Яғни шарттарды орындағанымызда сол ұшақтың баратын жеріне мансапты, абыройлы адамдармен бірге бару мүмкін болады. Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін ғалым болу шарт емес. Әһли сүннет сенімінен кейін илмихал білімдерін үйреніп, әмір етілген күйде орындау арқылы Аллаһтың рұқсатымен жәннатқа кіру мүмкін болады.
Уақыт судай ағып жатыр, өмір өтіп жатыр. Жақсысы да, жаманы да мұны көріп, басынан өткізіп жатыр. Дүние өмірі – қиял. Бұл қиялға көңілімен байланғандарға, қиялға алданғандарға қандай обал!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024