Сұрақ: Мұсылман жігіт пен қыз үйленгенге дейін араларындағы кездесулер қалай өту керек, не жайында сөйлеседі, не сұрасады? Олардың қасында басқа біреудің болуы керек пе?
Жауап: Қыз бен жігіттің саудаласып отыруы дұрыс емес. Яғни сүннет болған кездесу саудаласу орны және уақыты емес. Олардың бір-біріне лайықты болған-болмағанын онсыз да жанұялар өзара сөйлеседі, іздестіреді, сұрастырады. Барлық тұрғыдан екеуінің неке құруы лайықты болса, қыз бен жігіттің көрісуі содан кейін болуы керек. Намаз оқиды ма, жеткілікті табысы бар ма, қай оқу орнын бітірді, мінезі қандай, мамандығы бар ма, жігіт ата-анасымен бірге тұрады ма, осы сияқты білу керек болған жайттарды жанұялар ертерек өзара сөйлесіп келісіп алады. Яғни жанұялар, туысқандар іздестіріп, үйленуге кедергі болатын жағдайлардың жоқ екенін анықтағаннан кейін жастардың бір-бірін физикалық тұрғыда көруі ұйымдастырылады. Бұл кездесу қысқа болады.
Кездесу қылуетке (оңаша қалуға) кедергі болатындай түрде іске асуы керек. Мысалы, бөлменің есігі біраз ашық қалуы керек немесе қыздың махрам еркек туысы қатысуы керек, яки жігіттің әйел туысы болуы қажет. Мәселен, анасы, қыз бауыры, нағашы әпкесі, әжесі болуы мүмкін. Қыздың немесе жігіттің әкесі де ішке кіре алады.
Жігіт пен қыз бір-бірінің теңі болса, бұған ақсақалдардың кеңестері мен тәжірибелері қосылғаннан кейін енді зерттестіру дұрыс болмайды.
Бұрынғы заманда балаларын үйлендірмекші болғандар ақсақалдан (үлкен ғалымнан) сұрайтын еді, ол «Дұрыс» дегеннен кейін үйлендіретін еді. Уақыт өте сұрамайтын болды деп айтпасын деген оймен сұрай бастады. «Дұрыс» деп айтылған болса да «Қыз қаламады, жігіт ұнатпады» деген сылтаулармен ақсақалдың сөзін тыңдамайтын болды. Бұл отбасылар қайтадан «Тағы басқа талапкер бар ма?» деп сұрағанда ақсақал «Біздің тапқанымызды ұнатпайды екен, өздері тауып алсын» дейтін болды.
Олай болса, кіммен ақылдассақ та, айтқанын тыңдайтын болсақ қана ақылдасайық, тыңдамайтын болсақ, ақылдаспаған жөн.
Үйлену үшін кездесу
Сұрақ: Екі тарап білу керек болған қажетті мәліметтерді алып, шешім қабылдау ғана қалған кезде сүннет болған үйлену алдындағы кездесуде екі тарап не жайында сөйлеседі, не істейді?
Жауап: Тек сыртқы көрінісіне, сөйлеуіне, керең, тілсіз, соқыр, ақсақ, шолақ сияқты денесінің кемшіліктерінің бар-жоғына қарайды. Ол жерде үйленудің саудасын жасамау керек. «Маған анау керек, мынау керек» дегендей нәрселер айтылмайды. Бұлар оған дейін туыстар тарапынан келісіліп, шешімге байланыстырылады. Үйлену алдындағы кездесуде, барлық жұмыс біткеннен кейін, тек сыртқы көрінісіне ғана қаралады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024