Сұрақ: Спиртті ішімдіктерге тыйым салынуының, харам етілуінің хазреті Омарға қатысы бар ма?
Жауап: Бұл жайында «Мәнақиб-и Чихар Йар-и Гузин» атты кітапта былай баяндалған:
«Ішкіліктің харам екенін білдірген аяти карималар түспей тұрып Аббад бин Самит ас береді. Мұсылмандардан бірнеше кісілерді де шақырады. Қонақтар тамақ жеп, ішкілік ішеді. Кейін әрбірі өз тектерін мақтайтын өлеңдер айта бастайды, сөйтіп араларында дау, жанжал шығады. Бұл жағдайды пайғамбарымыз алейһиссалам естиді. Сол сәтте Расулуллаһтың қасында отырған хазреті Омар:
- Йа, Раббым, бізге ішкілікке қатысты нақты әміріңді білдір, - деп жалбарынады. Осыған орай Маида сүресінің 90-91 аяттары түседі. Бұл аяти-карималарда:
«Ей, иман келтіргендер! Ішкілік, құмар, пұттар, құмар оқтары – лас тірлік, шайтанның ісі. Бұлардан сақтаныңдар да, бақытқа жетіңдер. Шайтан ішкілік пен құмар арқылы араларыңа дұшпандық, жек көрушілік сезімдерін тудырғысы келеді, осылайша Аллаһқа ғибадат етуден, әсіресе намаздан құр қалдырады. Олай болса, енді бұларды тоқтатпайсыңдар ма?!» делінеді. Бұл аяти карималарды тыңдаған хазреті Омар:
"Біз бұларды тоқтаттық, йа Раббым" дейді...»
Абдулазиз Раууад хазреттері басынан өткен ғибратты оқиғасын былай айтып берген:
«Мәдинада едім. Бір түні Мәсжид-и Нәбиге бара жаттым. Жолда әбігерге түскен бір әйел маған жақындап:
- Ей, мырза, мына жақта бір науқас бар, жан таласып өлейін деп жатыр. Қасында калима-и шаһадатты айтқызатын, тілін калимаға келтіретін ешкім болмай тұр! – деді.
Мен дереу сол жаққа бардым. Өлейін деп жатқан адамға калима-и шаһадатты айтқызуға қанша тырыссам да, ол еш айта алмады. Бір кезде көздерін ашып:
- Сен қанша уақыт бойы маған осы сөзді айт дейсің, бірақ мен айта алмай жатырмын. Мен Ислам дінінен бетімді бұрдым, - деді де қайтыс болды... Кейін мен бұл адамның кім екенін, қандай болғанын іздестірдім. Сұрастырған адамдарым: «Бұл кісі үнемі ішкілік ішетін еді» деді. Өз-өзіме "пайғамбарымыз алейһиссаламның «Шарап ішуді әдет қылған адам пұтқа табынушы сияқты» деп айтуы әлбетте дұрыс" дедім...»
Аллаһу та'ала азықтар мен сусындардың кейбірлерін халал еткеніндей, кейбірлерін харам қылған, тыйым салған. Харам етілген нәрселер желінетін және ішілетін жерлерге фиқһ кітаптарында «Фисқ мәжілісі» (күнә жиындары) деп айтылады. Дініміз харам істеуден және харам, күнә істелетін жерлерден аулақ болуды әмір еткен.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024