Сұрақ: Шайтандардың үйге кірмеуі үшін не оқу керек?
Жауап: Үйге кірерде Аят-әл-күрси оқылса, шайтан ол үйге кіре алмайды. Одан бөлек үйде Құран кәрім оқылғанда шайтандар үйден алыстайды. Ибн Мәсуд хазреттері айтқан:
«Бақара сүресінің басындағы 5 аят оқылған түні үйге шайтан кіре алмайды.» (Дарими)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Үйге кірерде бисмиллаһ айтылса, шайтан "Бұл үйге кіруім мүмкін емес" деп қайтып кетеді.» (Тибйан)
«Үйден шығарда "Бисмиллаһи, тәуәккәлту алләллаһи, лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп оқыған адам қауіп-қатерден қорғанады және шайтан одан алыстайды.» (Тирмизи)
«"Әузу бикәлиматиллаһит таммати мин шәрри мә халәқа" дұғасын оқыған адамға сол жерден кеткенге дейін ештеңе зиянын тигізе алмайды.» (Мүслим)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024