Сұрақ: Ахиреттік табысқа жету үшін дүниені тәрк ету қалай жүзеге асады?
Жауап: Дүниені тәрк ету – жұмыс істемей бос отыру деген сөз емес. Дүниені тәрк ету екі түрлі іске асады:
Біріншісі, харамдармен бірге мубахтарды да, яғни күнә болмаған ләззаттардың көбін де тастап, өмір сүруге қажетті болған мөлшерін қолдану. Яғни жұмыс істеуді дүниенің зауық, рахат және ойын-сауықтарына салыну жолын тастап, түрлі зауық пен ләззаттардан бастартып, ғибадатпен және мұсылмандардың рахаттары және Ислам дінін білмейтіндердің дұрыс жолға қауышуы үшін қажет болған ғылым, техника тәсілдері мен құралдарын ең озат, ең үстем түрде жасаумен, қолданумен өткізу және дүние зауықтарын осылай жұмыс істеуде іздеу және табу. Асхаби кирамның және Ислам ғалымдарының бәрі осындай еді. Мұның мақсаты – Ислам діні әмір еткен нәрселерді орындау үшін бүкіл рахаттық пен зауықтарды пида ету.
Екіншісі, дүниеде харам және күмәнді нәрселерден сақтанып, мубахтарды қолдану. Осының өзі, әсіресе осы заманда, өте құнды. Аллаһу та'ала мубах еткен, яғни рұқсат берген нәрселері өте көп. Бұлардың ләззаты харамдағылардан көбірек. Мубах қолданғандарды Аллаһу та'ала жақсы көреді, ал харам қолданғандарды жақсы көрмейді. Ақылды, дұрыс ойлай алатын адам өткінші зауық үшін иесінің, жаратушысының сүйіспеншілігін тастайды ма? Онсыз да харам болған нәрселердің саны өте аз. Бұлардағы ләззат мубахтарда да бар.
Дүние де қажет
Сұрақ: «Ең құнды мүмин дүние үшін ахиретті, ахирет үшін дүниесін тәрк етпеген адам» хадисінде білдірілгеніндей ахирет үшін дүние тәрк етілсе, қандай зияны болады?
Жауап: Дүние – ахиреттің егістігі. Егістік болмаса, өнім қалай алынады? Өнім алу үшін егістікті жыртып, егін егу қажет болғанындай, ахирет ниғметтерінің ұрықтары да дүниеде егіледі. Жұмыс істеместен әркімге мұқтаж болған, денсаулығына қарамай ауырған адам дүниесімен қатар ахиретін де құлдыратады. Қажетті шамада дүние үшін де жұмыс істеу керек. Осы ниетпен жұмыс істеу ахирет үшін жұмыс істеу болады. Бірақ дүние үшін мәңгі қалатындай емес, жолаушы сияқты жұмыс істеу керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024