Шешім қабылдаудағы өлшеміміз

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Күн сайын мыңдаған адамдар қайтыс болып жатыр. Бір күні бұлардың бірі біз боламыз. Бір жіңішке жіпке байланғандай, әр сәтте үзілуі мүмкін болған жіппен осы өмірге байланғанбыз. Жүрек ұстап қалу, бір апат осы жіпті үзуі мүмкін. Осыны біле тұра, өзіміз жұмысқа, мансапқа, дүниелікке беріліп қоймайық. Ғапілдіктен ояну керек. Әһли сүннет ғалымдардың «Біз бұл кітаптарды сөреде тұрсын, шаң бассын деп емес, кітаптар оқылсын, ішіндегілері ықыласпен орындалсын деп жаздық» сөздерін ұстану керек.

Ниетіміз осы үлкен қызметтің қадірін білу, кітаптарымызды оқып, амал ету, осы кітаптардың арқасында дұрыс иман және ғибадат білімдерін басқа адамдарға да жеткізуге тырысу болу керек. Қалғандары сонымен бірге онсыз да келеді. 1 деген сан болмаса, артындағы нөлдердің ешбір құны жоқ. Сол 1 саны – әулиелердің сүйіспеншілігі мен кітаптары.

Әр сәтімізде қиын емтихандамыз. Басымызға келген жақсы немесе жаман барлық нәрсе біз үшін емтихан.

Бір күні бір шәкірт ұстазынан: «Ұстазым, достарым жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды. Оларға жауап бергенде "Бұл жауап оның дүниелік пайдасы үшін бе, әлде ахиреттік пайдасы үшін бе?" деп ойланып, соған қарай жауап беремін. Үнемі ахиреттік пайдасына қараймын. Бұл дұрыс па?» деп сұрайды. Ұстазы: «Жарайсың, өте дұрыс істеп жүрсің» дейді.

Бұл өлшем барлық нәрседе қажет. Әсіресе осы қызметтер үшін жұмыс істеп жүргендер жұмыстарына қатысты мәселелерде шешім қабылдағанда шешімі Ислам діні үшін жасаған қызметтерге пайдалы ма, әлде зиянды болады ма, осыны ойлау керек. Осы дұрыс жасалса, барлық ісіміз оңынан кетеді. Әр ісіміздің берекеті, заттық және рухани табысы артады, жұмыстарымыз қорғау астында болады.

Аллаһ үшін жиналып тұрайық, сұхбаттасайық. Өйткені бір-біріміздің жүзімізге қарап, жүректен жүрекке баратын жол ашылса, бүкіл қайыр мен берекет келеді. Әрбір қол алысуда күнәлар төгіледі. Мұны арасын үзбей жалғастыруымыз керек. Бір-бірімізбен қол ұстасып, бір-бірімізге қарап, бір-бірімізден күш алып, осы қызметтерді жалғастыруымыз керек.

Мүминнің жүзіне Аллаһ разылығы үшін сүйіспеншілікпен қараған адамдардың ахиретте мүлдем көлеңкі болмаған үрейлі махшар күнінде Арштың астында көлеңкіде болатынын сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) білдірген. Арш пен жәннат бір жерде. «Арштың астында көлеңкіде болады» дегені – махшарда қиындық көрместен жәннатқа кіреді дегенді білдіреді.