Сұрақ: Оразада ауызды немен ашу керек?
Жауап: Сүннет болғаны құрма, су немесе сүтпен ашу керек. Бұлар да жоқ болса, жеміс-жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен, сорпамен ашпау керек. Хадис шәрифте: «Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.»- делінген. (Ибн Мажә)
Осы тақырыпта тағы да үш хадис шәриф:
«Пайғамбарымыз жас (жаңа піскен) құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кепкен құрмамен, ол да жоқ болса сумен ауыз ашатын.» (Тирмизи)
«Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Қутни)
«Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Яла)
Ауызашар кезіндегі дұға
Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма?
Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ораза ұстаған адамның ауызашар уақытында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар.» (Ибн Мажә)
«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды» (Тирмизи)
Мысалы мына дұғаны оқу өте жақсы болады: Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып, «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны береді.
Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы: Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024