Сұрақ: Ауырған кезде пайдасы, әсері нақты тиетін дәрілерді қолданбау күнә болады ма?
Жауап: Иә, күнә болады. Кейбір дәрілердің, мысалы антибиотиктердің және сульфамидтердің бактерияларға қарсы әсері нанның аштықты, судың шөлді басуы сияқты нақты. Өртті сумен сөндіру де сондай. Әсері, пайдасы нақты болған осы сияқты дәрілерді қолданбау тәуекел емес, ақымақтыққа жатады, харам болып табылады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Әр аурудың дәрісі бар. Тек өлімге ғана шара жоқ.» (Табарани)
Хазреті Мұса ауырған кезде «Дәрісіз де Аллаһу та'ала шипа береді» деп дәрі ішпеді. Аллаһу та'ала «Дәрі ішпесең, шипа нәсіп етпеймін» деді. Ол дәрі ішіп жазылып кетті. Бірақ себебін қызығып сұрады. Аллаһу та'ала «Тәуекел ету үшін менің әдетімді, хикметімді өзгерткің келді ме? Дәрілерге әсерді берген кім? Әлбетте әсерлерді жарататын менмін» деді. (К.Саадат)
Дәрігерге бару керек, дәрі қолдану қажет. Бірақ шипаны дәрігер мен дәріден емес, Аллаһу та'аладан күту керек. Құран кәрімде былай делінген:
«Имандарың бар болса, Аллаһу та'алаға тәуекел етіңдер!» (Маида 23)
Дәрі қабылдау, аяти карима және дұға оқу, өзімен бірге алып жүру адамның өмірін ұзартпайды, өлімге тосқауыл болмайды, ажалды кешіктірмейді. Өмірі бар болған адамның дерттерін, ауруларын кетіріп, аман-сау, рахат және қуанышты өмір сүруіне себеп болады. Дәрі қолданса да жазылмағандар, ота жасайтын үстелде өлгендер аз емес. Осы тұрғыдан дәріге, дәрігерге емес, Аллаһқа жүгіну керек. Аллаһу та'алаға жүгінген мұсылман дініміздің әмірін ұстанып, дәрігерге барып, дәрі қолданады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024