Сұрақ: Әр намазды бұзуды мубах қылатын (рұқсат беретін) себептер қандай?
Жауап: Мынадай:
1) Жыланды өлтіру үшін,
2) Қашқан малды ұстау үшін,
3) Отарды қасқырдан қорғау үшін,
4) Тасыған қазанды оттан алу үшін,
5) Өзінің немесе біреудің затын зая болудан, жойылудан қорғау үшін,
6) Дәрет және жел қысқанынан құтылу үшін,
7) Уақытты немесе жамағатты жіберіп алу қаупі болмаған кезде, басқа мазһабта намазды бұзатын бір нәрседен құтылу үшін. Мысалы дирхамнан аз болған нәжісті тазалау үшін және бөтен әйелге қолы тигенін еске түсіргенде дәрет алу үшін намазды бұзуға болады.
Әр намазды бұзу парыз (қажет) болған жағдайлар:
1) «Көмектесіңдер» деп айқайлап жатқан адамды құтқару үшін, құдыққа түсіп кетейін деп жатқан соқырды, өртенетін, суға тұншығатын адамды құтқару, өртті сөндіру үшін.
2) Ата-ана, ата, әже шақырғанда парыз намазды бұзу уәжіп емес, рұқсат етіледі. Дегенмен қажеттілік жоқ болса, намазды бұзбаған жөн. Нәпіл намаздарды (сонымен қатар сүннеттерді де) бұзуға болады. Бұл аталған жақындар егер «Көмектесіңдер» деп қалса, парыздарды да бұзу қажет болады. Намаз оқып жатқанын біліп тұрып шақырып жатқан болса, онда нәпілді де бұзбауға болады, білмей шақырған болса, онда бұзу керек.
Сұрақ: Есікті біреу қағып тұрған болса, оны күткізбеу үшін, телефон шалынған кезде де маңызды болуы мүмкін деген оймен намазды бұзуға болады ма?
Жауап: Жоқ, зәруліксіз намазды бұзуға болмайды. Телефон шалған кезде жауап беру үшін намазды бұзу харам. Есікті қаққан адамның ең аз дегенде төрт рәкат намаз оқитындай уақыт күтуі керек.
Сұрақ: Бақшадан үйімізге шаян кіреді. Кейде намаз оқып тұрғанда жайнамаздың қасына келеді. Шаянды өлтіру үшін намазды бұзуға болады ма?
Жауап: Қауіп төнген кезде намазды бұзуға болады. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Намазда болсаңдар да, жыланды, шаянды өлтіріңдер!» (Нәсаи)
Шағып алу ықтималы бар болған, яғни жақындаған жылан мен шаянды өлтіру намазды бұзбайды және мәкрух та болмайды.
Сұрақ: Бір жазбада: «Намаз оқып жатқанда намазды бұзу харам, тек ата-ана, ата, әже шақырған кезде, парыз намазды бұзуға болады» деп жазылған еді. Ал егер ата-ана, ата мен әжеден де құнды болған ұстаз шақырса, парыз намазды бұзу рұқсат емес пе?
Жауап: Рұқсат болады. Бірақ ұстаз дегенде физика пәнінің мұғалімі, діни дәріс ұстазы және мешіттегі ұстаздарды түсінбеу керек. Бұрындары мүршид-и кәміл болған әулие ұстаздар бар еді. Оларды жұрттар "пір" деп атайтын және олар ата-ана, ата-әжеден де қадірлі. Дұға еткен кезде әуелі осындай ұстаздан бастау керек. Қабірді сүю харам. Бірақ ата-ананың, және олардан да қадірлі болған әулиелердің қабірін сүю жаиз.
Намаз оқып жатқанда
Сұрақ: Намаз оқып жатқанда бір кәпір келіп «Маған Ислам дінін үйрет, мен мұсылман болғым келеді» десе, намазды бұзып, оған Ислам дінін түсіндіруге болады ма?
Жауап: Иә. Кейін ол намазды қайта оқиды. (Фәтауа-и Хиндийа)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024