Мал-мүліктеріңді зекетпенен қорғаңдар

Новая страница 1

Сұрақ: Зекеттің маңыздылығы қандай?

Жауап: Құран кәрімнің көп жерінде намазбен бірге білдіріледі. «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер» деп бұйырылады. Зекетін бермеген адамға Аллаһ лағынет етеді. Тапшылыққа, жоқшылыққа ұшырайды, таза мал-мүлкін кірлеткен болады, мал-мүліктері құрдымға кетеді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһқа және расулына сенетін адам зекетін берсін!» (Табарани)

 

«Зекет беру арқылы мұсылмандықтарың көркейеді» (Бәззар)

 

«Ең құнды ғибадат намаз, одан кейін зекет болып табылады.» (Табарани)

 

«Денсаулықты садақамен, мал-мүлікті зекетпен қорғаңдар!» (Дәйләми)

 

«Аллаһу та’ала мал-мүліктерің тазарып, көркеюі үшін зекетті парыз қылды.» (Хаким)

 

«Зекетін бермеген адамның намазы қабыл болмайды» (Табарани) (Зекетін бермеу күнә болғаны үшін мұндай күнәһар адамның оқыған намазы сахих болғанымен, намаздан пайда болатын сауаптарға қауыша алмайды.)

 

«Зекетін бермеген адамға Аллаһу та’ала лағынет етеді.» (Нәсаи)

 

«Зекетін бермеген адам таза мал-мүлкін кірлеткен болады.» (Табарани)

 

«Зекетін бермеген адам, қияметте оттың ішінде болады.» (Табарани)

 

«Байлардың берген зекеті кедейлерге жеткілікті болмағанда, Аллаһу та’ала кедейлердің ризығын басқа жолдармен берер еді. Аш қалған кедей бар болса, байлардың зұлымдығынан болғаны.» (Әл-Аскәри) (Қол-аяғы бар, жұмыс істей алатын адамның зекет сұрауы харам болады. Өзі сұрамай берілген зекетті алу күнә болмайды. Зекет нисабына ие болмаған, жұмыс істей алмайтындай ауру, мүгедек болғандарға және жұмыс істесе де күнкөріс қиыншылығын тартып жүргендерге беріледі. Аллаһу та’ала мұндай кедейлерді халық ішінде қырықтан бір мөлшерде жаратқан.)

 

«Зекетін бермеген халық рахметтен, жақсылықтан махрұм қалады. Жануарлар да болмағанда мүлдем рахмет көрмейтін еді.» (Табарани)

 

«Зекеті берілмеген мал-мүліктер құрлықта да, теңізде де құрдымға кетеді.» (Табарани)

 

«Зекетін берген адам мал-мүлкінің жамандығынан қорғанған болады.» (Байхаки)

 

Расулуллаһ алейһиссалам: «Зекеті берілмеген мал-мүліктер айдаһарға айналып, иесінің мойынына оралады» - деп айтып, мына аяти кәриманы оқыды:

«Хақ та’аланың ихсан етіп берген мал-мүлкінің зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран-180, Ибни Мажә)

 

Бұл ауыр азаптардан құтылу үшін мал-мүліктердің зекетін, егін өнімдерінің, жеміс, көкөністердің ұшырын беру шарт болып табылады. Зекетке қырықтан бірі, ұшырға оннан бірі беріледі. Құран кәрімде «Мал-мүлік, ақша жинап зекетін бермеген адамға өте ауыр азап болатынын айт! Зекеті берілмеген мал-мүлік, ақша жаһаннам отына қыздырылып, иесінің маңдайына, екі жағына, арқасына мөр секілді басылады» деп бұйырылды. (Тәубе 34, 35)    

 

            Намазын оқымай, ораза тұтпай жүрген бай мұсылманның да зекет беруі керек.

          

            Зекет бермеу және қарызын төлемеу харам болады. Дін кітаптарында «Харам істейтіндердің, харам жейтіндердің дұғасы қабыл болмайды» және «Парыз қарызы (қазасы) барлардың нәпіл ғибадаттары қабыл болмайды» делінеді. Зекетін бермеген бай адам, мыңдаған кедейлердің ақысын бермегені үшін және Аллаһу та’аланың әмірін орындамағаны үшін, оның жасаған ешбір жақсылықтары қабыл болмайды. Мүмкіндігі бар кезде қарызын қайтармаған адамның үкімі де осылай.

 

            Кедейге берілетін алтын оны бай қылатындай көп болмауы керек. Қарызы жоқ кедейге нисаб мөлшеріндей немесе одан  да көп зекет беру жаиз болса да мәккрух болады. 10 гр алтын қарызы бар кедейге 100 гр алтын зекет беру мәкрух болмайды. Алтынмен күміс қандай ниетпен сақталса да, сауда тауарына жатады. Егер ауырлығы нисаб мөлшеріне жететін болса, зекетін беру керек болады.

 

            Бір күндік жейтін азығы бар адамның зекет немесе садақа сұрауы харам болады. Бірақ сұрамастан берілген садақаны және зекетті алуы жаиз болады. Зекетті мұқтаж адамдарға беру керек.


            Сұрақ: Тәубә сүресі 34 аятында «Алтын және күмісті жинап, Аллаһ жолында жаратпаған адамға өте ауыр азап бар» делінеді. Бұл сүреде ақша, байлық жинауға тыйым салынған ба?

            Жауап: Пайғамбарымыз Құран кәрімнің мағынасын ашықтаған. Бір хадиси шәрифте былай делінеді: «Зекеті берілген мал-мүлк кәнз емес» (Әбу Дауд, Хаким, Хатиб) (Кәнз: біріктіріп, жинақтап сақталған, пайдаланбайтын мал-мүлк дегенді білдіреді.)

 

            Мұсылманның мал-мүлкінде зекеттен басқа ешкімнің ешқандай ақысы жоқ. Расулуллаһ алейһиссалам: «Малда зекеттен басқа ақы жоқ» деп бұйырды. (Ахкам-ус-султанийа)