Сұрақ: Кейбір адамдар «Хызыр (Қыдыр) ата сияқты ертегілік адамдар ойдан шығарылған» дейді. Хызыр алейһиссалам жайында хадис жоқ па?
Жауап: Ислам ғалымдары Хызыр алейһиссаламның бар екені жайында емес, пайғамбар екендігі жайында сөзге келіспеген, кейбірлері пайғамбар, кейбірлері әулие деген.
Имам Раббани хазреттері Хызыр алейһиссаламмен көрісіп, сөйлескенін, бірақ оның қайтыс болып кеткенін, рухының адам кейіпінде көрінгенін білдіруде. (М.282)
Хазреті Хызырдың көптеген әулиемен көріскендігі мәлім болғандықтан, оның тірі, өмірде екенін айтқандар кездескен. Бірақ Әһли сүннет ғалымдарының ешбірі «Хызыр деген адам жоқ» деп айтпаған.
Кәһф сүресінің 60-72 аяттарында Мұса алейһиссалам мен хазреті Хызырдың достығы баяндалған. Тәфсир және хадис кітаптарында Мұса алейһиссаламның досының хазреті Хызыр екені білдірілуде. (Бәйдауи, Жәлаләйн, Мәдарик, Бұхари)
Хазреті Хызыр туралы хадис шәрифтердің бірі мынадай:
«Хызыр құрғақ жерге ақ тері жайып, үстіне отырған кезде құрғақ жер бірден көгереді. Өсіп шыққан жасыл шөптер артында жайқалғандықтан, ол Хызыр деп аталған.» (Бұхари) (Хызыр – жасыл деген сөз.)
Хикаяның хикметі
Сұрақ: Құранда баяндалған Хызыр мен хазреті Мұсаның хикаясының хикметі қандай?
Жауап: Әр хикаяда ғибрат алатындай сабақтар бар. Хазреті Хызыр мен Мұса алейһиссаламның хикаясынан ғалымдар шығарған үкімдердің кейбірлері мыналар:
1) Сапарға шыққанда қызметші ұстау жаиз. Сапарға доспен бірге шығуға да болады. (Сапарда біреуді әмір (бастық) қылып тағайындау сүннет, ал оған бағыну уәжіп.)
2) Ілім үйрену үшін, қажет болса, алыс жерлерге бару мүстаһаб.
3) Сапарға шығарда тамақ алу жаиз (рұқсат) және бұл тәуекелге кедергі емес.
4) Шәкірт абыройы, мансабы тұрғысынан ұстазынан жоғары болса да, ұстазының алдында қарапайым болу керек. (Адам білгенінің ұстазы, білмегенінің шәкірті. Білмеген бір нәрсені білетін адамнан үйренген кезде оның алдында қарапайымдылық көрсетуі керек.)
5) Шәкірт қабылдай алмайтын бір нәрсе сұраса, ұстазы үйрете алмағаны үшін кешірім сұрауы керек.
6) Істемекші болған бір тірлікті айтқан кезде «Иншаллаһ» деу керек.
7) Адам өзіне бағынған кісіге шарт қоя алады.
8) Келісілген нәрсе орындалу керек.
9) Адамды ұмытқан нәрсесі үшін айыптауға болмайды.
10) Қайтадан істегенде үш рет жасалады.
11) Жолаушының мұқтаж кезде тамақ сұрауына болады.
12) Атқарылған іс үшін еңбекақы алуға болады.
13) Кедейдің күнкөрісін қамтамасыз ететін құралы бар болса да, кедей болу үкімінен шықпайды.
14) Біреудің мүлкін тартып алу харам.
15) Жетімнің мүлкін немесе аманат болған мүлікті құтқару үшін бір бөлігіне зиян келтіруге болады.
16) Екі зиян бірдей келген кезде үлкенінен құтылу үшін кішісін істеу керек.
17) Ғимаратты жөндеу керек. Құлап қалғанға дейін тастап қоюға болмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024