Тәубені кешіктіру

Сұрақ: Күнә істейміз, тағы істейміз ғой деп тәубе етпей жүреміз. Тәубені кешіктірудің зияны бар ма?

Жауап: Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету парыз. Тәубені бір сағат кешіктірген кезде екі есеге артады.

Тәубе еттім деп айту тәубеге жатпайды. Өйткені тәубенің сахих болуы үшін үш шарт қажет:

1) Дереу күнәдан бастарту керек.

2) Күнә істегенде Аллаһу та'аладан қорққандықтан, ұялу және өкіну керек.

3) Бұл күнәні енді мүлдем істемеуге көңілінен сөз беру керек. Аллаһу та'ала шарттарына сай болған тәубені қабыл ететіндігіне сөз берген.

 

Күнәға тәубе ету керек

Сұрақ: Күнәға тәубе етпеу немесе тәубені кешіктіру күнә ма?

Жауап: Әрине күнә. Мұхаммед Масум хазреттері былай деген:

«Жасалған күнәға тәубе етпеу сол күнәні істеуден де жаман.» (2/110)

«Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету парыз. Тәубені бір сағаттай кешіктірген кезде күнә екі есе болады.» (Хақ сөздің дәлелдері)

 

Тәубені кешіктіру

Сұрақ: «Тәубені бір сағатқа кешіктіргенде күнәсі екі есеге артады» делінген, сонымен қатар «Күнә істегенде періштелер үш сағат жазбай тұрады, тәубесі жасалмаса, сол кезде жазылады» делінген. Осы мәселелердің қыр-сырын түсіндіріп жібересіз бе?

Жауап: Бір сағатқа кешіктірілгенде күнәсі артады, бірақ үш сағаттың ішінде тәубе етсе, мүлдем күнә жазылмайды. Үш сағат ішінде тәубе жасалмаса, күнәсі еселенген болады, сол есенген күйде күнә жазылады деген сөз.