Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне тіл тигізетіндер кездесіп тұр, оларға қалай жауап беру керек?
Жауап: Ханафи ғалымдарынан Ибн Абидин хазреттері «Рәддул мухтар» кітабында былай дейді:
«Имам Ағзамның ұлылығының белгісі – мазһабының ең көп тараған болуы. Мазһаб имамдары Оның сөздерін дәлел ретінде алған. Мазһабының ғалымдары осы уақытқа дейін барлық жерде Оның сөздерімен фәтуа берді. Әулиелердің көбі Оның мазһабын ұстанып кәміл жетілді. Анадолы, Балқан мұсылмандары, Үндістан және Мәуеруннахр, яғни Түркістан (түркі халықтары) тек Оның мазһабын біледі.»
«Мәжма-ул-бихар» кітабында былай жазылған:
«Имам Ағзамнан Аллаһу та'аланың разы екенінің белгісі – мазһабының барлық жерде жайылуын оңайлатуы. Бұл мәселеде Аллаһу та'аланың бір сыры болмағанда жер бетіндегі мұсылмандардың көбі Оның мазһабында болмас еді.»
Бұл үмбеттің ғалымдарының көбі Ханафи мазһабында еді. Имам Раббани хазреттері айтқан:
«Имам Ағзам Әбу Ханифа Иса алейһиссаламға ұқсайды. Уәра және тақуа ниғметіне қауышқандығы және Сүннети сәнийаны ұстанғандығы үшін насстардан (Құран және сүннет) үкім шығаруда және ижтиһад жасауда өте жоғары дәрежелерге жеткен. Кейбір ғалымдар Оның осы дәрежесін түсіне алмады. Оның ижтиһадпен тапқан нәрселері өте терең білімдер болғандықтан, сырттан қарағандар оны кітапқа және сүннетке сай емес деп санады. Бұл ұлы имамды «ижтиһадты өз райымен» жасады деп айыптады. Олар ол имамның білімінің ақиқатына жете алмағаны, Оның түсінгенін түсіне алмағаны үшін осылай жаңылысты. Алайда, Имам Шафии хазреттері Ол түсінген білімдердің аз мөлшерін сезіп: «Фиқһ ғалымдарының бәрі фиқһ ілімінде Әбу Ханифаның шәкірті» деді. Мұхаммед Париса хазреттері «Иса алейһиссалам аспаннан түскенде ижтиһад пен амалы Имам Әбу Ханифаның мазһабына сай болады» деген.»
Мазһабсыздар Әбу Ханифа хазреттері туралы айтылған хадис шәрифтерге «Кутуби ситтада жоқ» деп айтады. Алайда хадис шәрифтердің саны Кутуби ситтада білдірілген шамада емес. Басқа хадис кітаптарында да сахих хадистердің бар екені ауызбірлігімен білдірілген. Тирмизиде жазылған Әбу Хурайра хазреттері жеткізген хадис шәрифте:
«Иман үркер жұлдызына ұшып кетсе, парсы халқынан бір адам оны кері алып келеді» делінген. Мұның Имам Ағзам хазреттері жайлы айтылғандығы ақиқат. Ал Әбу Ханифа хазреттеріне дұшпандық жасау – осы үмбетке дұшпандық ету болып саналады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024