Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
«Ішкілік ішу үлкен күнә, ішкілік ішкен адам намаз оқымау керек» дейтіндер кездеседі. Бұл қате. Намаз бөлек, ішкілік бөлек. Өте үлкен күнәлар істелсе де, намазды мүлдем қалдырмау керек. Ғалымдарымыз «Намаздың берекетімен басқа күнәларды тастау оңай болады» деген.
Салих бір кісінің саудамен айналысатын көршісі жұмысынан үйіне келгенде шөлмектес достарын жинап, күнде түні бойы шулап, достарымен ішкілік ішетін еді. Салих кісі көршісінің шулағанынан мазасызданып, басқа үйге көшіп кетеді. Бірнеше күннен кейін бұл көршісінің қайтыс болуына байланысты қайтадан үйіне оралады.
Бір күні есік қағылады, есікті ашып қараса, бойы ұзын бір адам тұр. Не үшін келгенін сұрғанда адам айтады:
- Күректі ал, менімен жүр!
- Сен кімсің, мені қайда алып барасың, маған не істемекшісің?
- Үндеме, күректі ал да, менімен жүр!
Күректі алып, бірге шығады, мазарға келеді. Әлгі адам бір қабірді көрсетіп, «Осы жерді қаз» дейді. Салих кісі көрсетілген қабірді қазады, бір кезде «Тоқта» дегенін естиді. Бір кірпіш шығаруын бұйырады, ол кірпішті шығарады. «Кірпішті шығарған тесігіңнен қабірдің ішіне қара» дейді. Қараса, көршісі жәннатта, тақтың үстінде отыр екен.
Салих кісі таңқалады, «Бұл менің қайтыс болған көршім ғой, бұл қалай болды? Мен қай жерде қателестім?» дейді.
Әлгі адам айтады: «Қайтыс болған көршің барлық күнәларды істеді, бірақ намазын ешқашан қалдырмайтын және намазынан кейін былай дұға ететін еді:
"Йа, Раббым, білемін, күнәларым көп, бірақ сүйікті пайғамбарымызды, Оның Әһли бәйтін, араларындағы соғыстар қай себеппен болса да, бүкіл Асхаби кирамды және олардың жолында болғандарды жақсы көремін, олардың құрметі үшін күнәларымды кешіре гөр, маған жәннатыңды нәсіп ет" деп дұға ететін еді. Намаздарын және осы дұғасын ешқашан қалдырмайтын еді. Осы қасиеті оның құтылуына себеп болды.»
Ғибадаттардың барлығын өзінде жинаған және адамды Аллаһу та'алаға ең көп жақындататын нәрсе – намаз. Намаз оқу – Аллаһу та'аланың алдына шығу деген сөз. Намазды Аллаһу та'аланың алдында тұрғанымызды біліп, намаздың не екенін біліп оқуымыз керек!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024