1- Құрбандық малды айттың үшінші күні күн батқанға дейін союға болады. Айт намазынан бұрын союға болмайды.
2- Жұма намазы оқылмайтын “мәзра” деп аталатын кішкентай ауылдарда, фәжрден (таң шуағы ағарғаннан) кейін, яғни айт намазынан бұрын да союға болады. Түнде құрбандық сою жаиз болса да мәкрух болады.
3- Шафии мазһабында айттың төртінші күні де союға болады. Бірнеше адамға уәкіл болып бір себептермен (үзірмен) айттың үшінші күні де құрбандық соя алмаған адам, Шафии мазһабын тақлид етіп төртінші күні де союына болады.
4- Нәпіл, ақиқа және аталған (нәзр) малды кез-келген уақытта союға болады. Бірақ құрбан айтта сойған жақсы болады.
5- Айт жұма күніне тура келетін болса да, құрбандық мал айт намазынан кейін сойылады.
6- Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын немесе сапарға шығатынын білетін адамға бірінші күні құрбандық шалу уәжіп болмайды. Сойған жағдайда уәжіп етіп орындаған болады.
7- Кедей айттың бірінші күні бір қошқар алып сойғаннан кейін үшінші күні байыса қайтадан құрбандық шалуы керек емес. Уәжіпті орындаған болады. Үшінші күні бай болатынын білетін адам да құрбандығын бірінші күні союына болады.
Сұрақ: Түнде құрбандық мал сою жаиз ба?
Жауап: Мәкрух болады. Үзірсіз (себепсіз) бұл уақытта союға болмайды. Күндіз союға мүмкіндігі болмаған болса, ертеңіне де союға мүмкіндік болмайтын болса, түнде сою жаиз болады. Құрбандық малды айттың үшінші күні ақшам намазының азанына дейін сою керек. Одан кейін союға болмайды. Бұл уақытқа дейін бір себептермен соя алмаған адам, құрбандығын соя алу үшін Шафии мазһабын тақлид етіп түнде немесе ертеңіне яғни төртінші күні де союына болады. Мұндай жағдайларда мәкрух болмайды. Бірақ осы секілді қажеттілік, үзір жағдайлар болмай тұрып, Шафии мазһабын тақлид етуге болмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024