Сұрақ: Ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде балаларын өсіру міндеті діни тұрғыда кімнің ақысы саналады?
Жауап: Ажырасқанда баланы жетілдіру өзгеге үйленбеген анасының ақысы. Анадан кейін нағашы әжесіне, кейін өз әжесіне (әкесінің анасына) беріледі. Бұдан кейін қыз бауырына, кейін нағашы әпкесіне беріледі.
Бала кімнің қолында болса да, напақасын әкесі береді. Әйел кедей болса, әкесі берген напақаны баламен бірге жей алады. Әкесі жоқ болса, баланың мүлкінен жұмсалады. Баланың мүлкі жоқ болса, напақаны өз қалтасынан беруі уәжіп болады.
Кішкентай қызды өзгеге үйленген анасы, анасының нағашы әпкесі және тәтесі (әкесінің қыз бауыры) сұраса, анасының нағашы әпкесіне беріледі. Бала жеті жасқа толған кезде, қыз балиғатқа жеткенде әкесіне күштеп беріледі. Әкесі жоқ болса, пасық (күнәхар) болмаған әкесі тарапынан туысқандарының алуына болады. (С.Әбәдийа)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024