Абхер намазы

Абхер намазы – төрт рәкаттық нәпіл намаз. Екінші рәкатта отырған кезде «Аттахияту...»-дан кейін «Салли-Бәрик» оқылады. Әр рәкатта бір Фатиха, он рет Қадір сүресі оқылады. Кейін рукудан бұрын 15 рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» тәсбихы оқылады, кейін рукуға иіліп, рукуда 3 рет «Субхана раббиәл азыйм» дегеннен кейін 3 рет жоғарыдағы тәсбих оқылады. Кейін көтеріліп, қаумәда, яғни тік тұрғанда дәл сол тәсбих 3 рет оқылады. Сәждеге жатып, 3 рет «Субхана раббиәл әла» дегеннен кейін жоғарыдағы тәсбих 5 рет оқылады. Кейін екінші сәжде жасалады. Екінші сәждеде де 3 рет «Субхана раббиәл әла» дегеннен кейін жоғарыдағы тәсбих 5 рет оқылады. Екі сәжде арасында тәсбих оқылмайды.

Қалған үш рәкат та осылай оқылады. Сәлемнен кейін сөйлеместен Қадір сүресін он рет оқу керек. Кейін әлгі тәсбих 33 рет оқылып, «Жәзаллаһу Мухаммадән анна мә һууә әһлуһу» делінеді.

Хазреті Омар «Бір мүмин Абхер намазын оқып, Расулуллаһты түсінде көрмесе, мен Омар емеспін. Ант етіп айтамын, Аллаһу та'ала бұл намазды оқыған адамның жұмысын жеңілдетеді, тілегін орындайды, күнәсі қанша көп болса да, бәрін кешіреді, өлерде шөлдемейді, қабіріне гүлдер төселеді. Қабірінен тұрған кезде де басына керемет тәжі қойылады» деді. (Нәпіл ғибадаттардың сауабына қауыша алу үшін парыз намазының қарызы, яғни қаза намазы болмауы керек.)

Хазреті Әли де «Расулуллаһты көруді қалаған кезімде Абхер намазын оқимын» деді. (Шира)