Намазды дұрыс оқу

Сұрақ: Бір хадис шәрифте: «Бес уақыт намазды дұрыс оқыған адамға әр күніне мың шәһид сауабы беріледі» делінген. Намазды дұрыс оқу дегеніміз қалай?

Жауап: Намаздың дұрыс болуы үшін мына шарттарға мән беру керек:

1) Әһли сүннет сенімінде болу қажет. Бидғатшының оқыған намазы сахих болса да, қарызы өтелетін болса да, қабыл болмайды, яғни дұрыс намаз бола алмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Бидғатшының намазы, оразасы, қажылығы, умрасы, жиһады, тәубесі, парызы, нәпілі және ешбірі жақсылығы қабыл болмайды.» (Ибн Мажа)

Олай болса, Әһли сүннет сенімінде болу керек және бидғат істеуден қатты сақтану қажет.

2) Харамдардан сақтану керек. Харамдар түрлі жолмен істеледі: қолмен, тілмен, көзбен, құлақпен, аяқпен, жүрекпен (көңілмен), асқазанмен және киіммен жасалуы мүмкін.

Қолмен: Харамдарға қол созса,

Тілмен: Өтірік, ғайбат сияқты харамдар істесе,

Көзбен: Харамға қараса, әлемге ғибратпен (сабақ алып) қарамаса,

Құлақпен: Музыка немесе ғайбат сияқты күнәлар тыңдаса,

Аяқпен: Күнә істелетін жерлерге барса,

Жүрекпен: Кекшілік, көре алмаушылық, тәкәппарлық, су-и зан (біреу туралы жаман ойлау), рия сияқты жаман мінездер бар болса,

Асқазанмен: Харам нәрселер ішіп-жесе, (бір хадис шәрифте: «Бір үзім харам жеген адамның қырық күндік жақсы амалдары қабыл болмайды» делінген. (Табарани))

Киіммен: Бір киімнің жалғыз бір түймесі немесе бір жібі харам болса, бұл киіммен оқылған намаз қабыл болмайды.

3) Намазды ықыласпен, яғни тек Аллаһ разылығы үшін оқу керек, рия араласпау қажет.

4) Намаздың парызына, уәжібіне, сүннетіне, мүстаһабына, әдебіне де мән беру керек.

5) Намаздың дұрыс болуы үшін ғұсыл мен дәреттің де дұрыс болуы шарт. Дәрет пен ғұсылдың дұрыс болуы үшін де бұлардың парызына, уәжібіне, сүннетіне, мүстаһабына, әдебіне мән беру керек.

Осы бес шартқа мән берілетін болса, намаз дұрыс оқылған болады.