Құрбандыққа шалынатын мал түрлері және ерекшеліктері

Сұрақ: Қай мал түрлерін құрбандыққа шалуға болады және олар қандай болу керек, қандай кемшіліктері болмау керек?

Жауап: Мұны бірнеше бөлімде білдірейік:

1- Қой, ешкі, сиыр және түйеден құрбандық шалуға болады. Басқа жануарлардан құрбандық шалуға болмайды.

2- Ұрғашы мал да, еркек мал да құрбандыққа болады. Қойдан еркегі және түсінің ағы қарасынан көп болғаны, ал ешкіден ұрғашысын сою сауапты болады. Бағалары бірдей болса қой сою сиыр союдан да сауапты болады.

3- Жүні қырқылған қойды құрбандыққа шалу және құрбандық үшін сатып алу мәкрух болады.

4- Қой-ешкі 1, сиыр 2, түйе 5 жастан асқан болуы керек. 6 айдан асқан қозы ірі болса құрбандыққа шалуға болады.

5- Бір көзі соқыр, ақсақ болып жүре алмайтын, тістерінің жартысы жоқ, құлағының немесе құйрығының басым бөлігі жоқ, бір аяғы шолақ немесе өлейін деп тұрған ауру малды құрбандыққа шалуға болмайды.

6-Киік секілді етін жеуге болатын жабайы жануарларды құрбандыққа шалуға болмайды. Жабайы өгіз (буйвол), жабайы түйе (лама) және жабайы қойдан да құрбандық шалуға болмайды. Шағылысқан (будан) болса мәселен жабайы қошқармен үй қойы шағылысса, туған баласы құрбандыққа болады. Ал керісінше жағдайда яғни бір теке киікпен шағылысса, туылған баласы құрбандыққа болмайды, өйткені үкім бойынша анасына қаралады. Анасы үй жануары болса құрбандыққа болады.

7- Аталық бездері (жұмыртқалары) кішкентай, буаз (екіқабат), жүндері түлеп кеткен малды құрбандыққа шалу мәкрух болады.

8- Мұрны немесе тілі кесілген немесе көп мөлшері жоқ болған малдан құрбандық шалуға болмайды.

9- Қой-ешкіде бір, сиырда екі емшегі кесілген болса құрбандыққа болмайды, бірақ баласын емізе алатын болса болады.

10- Екі құлағы кесілген, біреуі түбінен кесілген, құйрығы кесілген, бір немесе екі құлағы жоқ болған мал құрбандыққа болмайды.

11- Бір мүшесі сүйегінің бірінші буынына дейін мысалыға аяғы тізесіне дейін сынған (жұлынған) малдан құрбандық шалуға болмайды.

12- Құрбандыққа шалынатын өгізге міну немесе оған соқа жегіп жер жырту мәкрух болады.

 

Cұрақ:Туғаннан құлағы өте кішкентай болып өскен малды құрбандыққа шалуға бола ма?

Жауап: Болады.

 

Сұрақ:Бұзау кезінде мүйізі түбімен жұлынып мүйізсіз өскен сиырды құрбандыққа шалуға бола ма?

Жауап: Болады.

 

Сұрақ:Құйрығы жоқ қойды құрбандыққа шалуға бола ма?

Жауап:Құйрықсыз малмен құрбандық шалуға болмайды. Тек құйрығы бар мал табу мүмкіндігі жоқ болса ғана екінші қаулы бойынша құйрықсыз малды құрбандыққа шалу жаиз болады.

 

Сұрақ:Жабайы немесе шағылысқан (будан) жануарлардан құрбандық шалуға бола ма?

Жауап:Жабайы қой, жабайы өгіз (буйвол) және жабайы түйе секілді жануарлардың етін жеу жаиз болғанмен бұлардан құрбандық шалуға болмайды. Шағылысқан болса мәселен жабайы қошқармен үй қойы шағылысса туылған баласы құрбандыққа болады. Ал керісінше жағдайда яғни бір теке киікпен шағылысса туылған баласы құрбандыққа болмайды, өйткені үкім бойынша анасына қаралады. Анасы үй жануары болса құрбандыққа болады. (Дурр-ул-мухтар)

 

Бірінші рет құрбандық шалатын Адам

Сұрақ:Бірінші рет құрбандық шалатын адамның міндетті түрде қой союы керек пе?

Жауап:Жоқ, дінімізде ондай нәрсе жоқ.