Ахиретте әр інжудің қабыршағы бар. Әр нәрсенің өзіне лайықты қадірі, құны бар. Адам да ілімі бар болған інжу қабыршағы. Оның қадірі ілімінде. Ілімі болмаған адам надандықта қалады, махаббат шәрбетін іше алмайды, әулиелік киімін кие алмайды. Аллаһу та'ала сауатсызды өзіне дос қылмайды.
Ілімге көп қайталау және өте көп сұхбат нәтижесінде қолжеткізіледі. Сондай-ақ, ол үшін аз ұйықтау және Аллаһу та'аланың жәрдемін сұрау керек. Әлемдерге мейірім болған Расулуллаһ алейһиссалам айтқан: «Түнде Аллаһу та'аладан қорқып жылаған көзге от тимейді.»
Бір адам қырық күн Аллаһ үшін ықыласпен таң атқызса, хикмет бұлақтары шығып, жүрегінен тіліне ағады. Пайғамбарымыз «Мүмин түнде көп жылайды, күндіз көп күлімдеп жүреді» деген.
Аллаһу та'алаға ілімсіз ғибадат еткен адам диірменге байланған есекке ұқсайды. Күні бойы жүреді, бірақ бір орында қала береді. Сауатсыз да осындай. Ол сауатсыздығымен Аллаһу та'алаға көп ғибадат жасайды, бірақ бұл ғибадаты оның Аллаһқа деген жақындығын арттырмайды. Құл ғибадатын сауатсыздығы кесірінен әмірге сай орындамайды. Осылайша босқа шаршаған, босқа қиналған болады. Бір амал тек әмір етілген күйде орындалса ғана ғибадат болады. Мұны тек ілім арқылы білуге болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ілім үйрену еркек-әйел әрбір мұсылманға парыз» деді. Бұл егесінің иманын, тәухидін, амалын сахих қылатын, міндетті түрде білуі қажет болған ілім, яғни илмихал білімі. Адамды тәухидке, дұрыс иманға, яғни Әһли сүннет сеніміне жетелемейтін барлық ілім – қате. Осы себептен, ғибадаттар тек ілім арқылы дұрыс орындала алады.
Ғибадаттардан ләззат ала алмаудың себептерінің бірі – харам және күмәнді азық жеу. Егер желінген азық харам немесе күмәнді болса, одан дүниеқұмарлық, шәһуат, көре алмаушылық, дұшпандық және рия туындайды. Күмәнді азық жеген адам Аллаһу та'алаға алып баратын жолды дұрыс таба алмайды. Ал харам жеген адамның жүрегіне қайғы-қасірет келеді, өмір бойы жасағаны босқа кетеді.
Шүкір – ниғметті білудің атауы, өйткені шүкір ниғмет берушіні білуге жетелейді. Осы себептен, Құран кәрімде Ислам мен иманға «Шүкір» атауы берілген.
Біз Аллаһу та'алаға құлшылық жасау үшін, ғибадат ету үшін жаратылдық.
Екі қасиет мүминде бірге тұрмайды: сараңдық пен жаман мінез.
Сабырдың белгісі – шағымдануды қою, қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды жасыру.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024