Cұрақ: Құрбандық мал сатып аларда нелерге мән беру керек.
Жауап: Мына нәрселерге мән беру керек:
1- Құрбандық мал сатып аларда «құрбан айтта союым уәжіп болған құрбандық малды алуға» деп ниет ету керек. Мұны соярда қайталап ниет ету шарт емес. Дәл осы сатып алынған малды да сою шарт емес, бірақ орнына басқа малды құрбандық шалатын болса, басқа малдың құны бұл малдан төмен болмауы тиіс. Сатып аларда ниет етпесе де болады, бірақ мұны соярда немесе соятын адамды уәкіл еткенде ниет ету керек болады.
2- Кейбір жерлерде құрбандыққа мал аларда сатушы «малды сойып ет күйінде таразға тартқаннан кейін килосын мына бағада беремін. Сен малды таңдап кет, айт күні келерсің еті қанша кило шықса соған қарай ақшасын бересің» дейді. Тірі күйінде таразға тартып сататындар да бар. Бұл сияқты сауда-саттықтар харам болады, бірақ бұлай харам жолмен алынған малды сойғанда құрбандығы сахих болады. Тірідей таразға тартып «бұл малға мұнша ақша бересің» десе ол кезде сауда-саттық сахих болады.
3- Үш адам ақша қосып 70 000 теңгеге бір сиыр алса, екі адам 30 000 теңгеден, үшіншісі 10 000 теңге берсе, үшінші адамның берген ақшасы сиырдың құнының жетіден бір бөлігінен аз болмағаны үшін жаиз болады. Әр адам берген ақшасына қарай өзінің үлесін алады. 30 000 берген екі адам жетіден үш бөлігін алып, 10 000 берген адам жетіден бір бөлігін алады. Біріншісі 10 000, екіншісі 20 000, үшіншісі 40 000 теңге берген болса, біріншісі жетіден бірін, екіншісі жетіден екісін, үшіншісі жетіден төрт бөлігін алады.
4- Бірдей ақша беріп, 3 адам, 3 қой сатып алса, соймай тұрып, «мынау сеніңкі, мынау меніңкі, мынау оныңкі» деп бөліп алу жаиз болады.
5- Біреудің малын одан хабарсыз, ол үшін құрбандық шалу жаиз болады. Ал біреудің малын иесінің рұқсатынсыз өзі үшін құрбандық еткен адам, кейін құнын төлесе жаиз болады. Иесі берілген құнын қабыл етпей сойылған малды алатын болса иесі үшін құрбандық шалынған болады.
6- Екі адамның құрбандығы араласса әрқайсысының өзімдікі деп сойғаны, өзінің құрбандығы болады. Жегеннен кейін халалдасса да сахих болады.
7- Аманат ретінде қалған малды құрбандық шалу жаиз емес.
8- Аллаһ разылығы үшін деп ниет еткеннен кейін, “бала-шағам көп ет жесін, семіз қой алайын” деген секілді ниеттерді араластырмау керек, семіз қой аларда тек сауабын ойлау керек.
9- Әркім өзінің бағып жүрген малын құрбандыққа шалуына болады. Нисап мөлшеріне ие болған адамға бір қой сыйға берілсе, ол адам мұны құрбандыққа шалса, уәжіп құрбаны ретінде өтеді. Құрбандық малды ақшамен сатып алу керек деген шарт жоқ.
10- Құрбандықты несиеге немесе кредиттік картпен алу жаиз.
11- Мал әдеттегіден де қатты қымбат болса, әдеттегі бағаға сай мал табыламаса құрбандық шалу керек болмайды.
12- Екі құрбандық малдың біреуі екіншісін өлтіріп қойса иесі құнын төлемейді.
13- Құрбандыққа деп мал алған адам ниетін өзгертіп ақиқа немесе нәзр ретінде союына болады.
14- Нәжіс жеген малдың етінің таза болуы үшін түйе 40 күн, сиыр 20 күн, қой-ешкі 10 күн, тауық 3 күн, торғай 1 күн қамауда ұсталады. Яғни таза азықтармен бағылады. Басқа қаулы бойынша түйемен сиыр 10 күн, қой 4 күн, тауық 3 күн қамалады.
15- Басқаның қойын ұрлаған, тартып алған адам кейіннен құнын төлесе бұл малмен құрбандық шалуы жаиз болады, өйткені құнын төленген кезде ұрлаған заты өз мүлкіне өтеді. Ұрлау, тартып алу күнәсына бөлек тәубе етуі керек.
16- Қарызы жоқ болған кедей құрбандық соятын болса өте сауапты болады. Қарызы бар болса алдымен қарызын төлеуі керек, өйткені қарызды төлеу парыз болып табылады. Құрбандық нисабына ие болмаған кедей өзінің малын құрбандыққа шалуға ниет етсе немесе құрбандық ниеті болмай айт күні сатып алып, кейін құрбандық шалуға ниет етсе, немесе құрбандық ниетімен айттан бұрын сатып алса бұларды союы уәжіп болмайды. Сойған жағдайда нәпіл болады және етінен жеуіне болады және кедейлерге берген еті садақа болады.
17- Кедейдің құрбандық малы айттан бұрын туса бір қаулы бойынша айтта баласын да анасымен бірге союы керек. Байдың құрбандық малы айттан бұрын туса баласын союы керек емес.
Сұрақ: Малшылықпен айналысатын бай адам, сауда-саттық ниетімен сатып алған малдарын бірнеше ай бағып, сүтінен, жүнінен пайдаланып ішінен біреуін құрбан айтта уәжіп болған құрбандық ниетімен сойса бола ма?
Жауап: Иә болады. Мал анасынан құрбандық мал болып туылмайды. Әрине сүтінен жүнінен пайдаланылады. Құрбандық қылуға шешім қабылданғаннан кейін сүтінен жүнінен пайдалануға болмайды. Алдыңғы кезде қарапайым мал еді, құрбандық мал болғанда құрбандыққа тән мәмілелер жасалады.
Сұрақ: Биыл құрбандық малдар өте бағалы екен. Оның үстіне құрбандық мал да табылуы қиынға түсуде. Жақындағы бір қалада құрбандық мал бар екенін білсек барып алуымыз керек пе?
Жауап: Құрбандық малдың бағасы әдеттегіден қымбат болса құрбандық мал алудың керегі жоқ. Мұндай үзірмен соймаған жағдайда уәжіп тәрк етілген болмайды. Кейін әдеттегі құнын кедейлерге тарату да керек емес. Аса қымбат емес болса жақындағы қаладан алуға болады.
Сұрақ: Жеті адам құрбандық ниетімен бір сиыр алса, сиырды сойғаннан кейін сиырдың қатерлі ісікпен ауыратыны анықталса және етін мүлдем жеуге болмайтын болса, бұл құрбандық сахих бола ма?
Жауап: Сахих болады. Құрбандықта ең негізгісі қанының ағуы. Құрбандық сойылғаннан кейін еті ауру болып шықса да маңызды емес.
Сұрақ: Кейбір сатушылар құрбандық малды бізге (алушыға) аманат қылып береді, біз малды сойдырғаннан кейін таразға тартып, қанша кило шыққанына қарай құнын сұрайды. Мұндай сауда-саттық жаиз бола ма?
Жауап: Аманат етілген малдан құрбандық союға болмайды. Соймай тұрып сатып алу керек. Сатып алынбаған малды бұлай союға болмайды.
Сұрақ: Тананың құрбандық ал болуы үшін 2 жасқа толған болуы керек пе?
Жауап: Иә екі жасқа толған болуы керек. Білетін адамдар тісіне қарап ажыратады.
Сұрақ: Бір танамыз бар 1,5 жасар, бірақ 3 жастағы қашар секілді семіз. Оны құрбандыққа шалу жаиз бола ма?
Жауап: 1,5 жасар мал қаншама семіз болса да құрбандыққа болмайды. Бірақ қозы олай емес, 6 айлық қозы анасы секілді үлкен болса құрбандық шалуға болады.
Таразға тартылып алынған құрбандық
Сұрақ: Тірі малды таразға тартып сатып алуға болмайтынын білмей алынған малды құрбандыққа шалу сахих бола ма?
Жауап: Сатып алу жолы дұрыс болмағанмен, құрбандығы өтеді. Яғни бұлай сатып алу харам болғанымен, құрбандыққа шалу жаиз болады. Тірідей таразға тартып «бұл малға мұнша ақша бересің» десе ол кезде сатып алуы да харам болмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024