Иманы болмаған адамның тозақ отында мәңгі жанатынын пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берген. Бұл хабар әлбетте дұрыс. Бұған сену Аллаһу та'аланың бар екеніне, бір екеніне сену сияқты қажет.
Отта мәңгі жану деген не? Кезкелген адам мәңгі отта жану пәлекетін ойлайтын болса, қорқыныштан есін жоғалтуы керек болады. Бұл үрейлі пәлекеттен құтылудың шарасын іздейді. Ал бұл өте оңай. Аллаһу та'аланың бар және бір екеніне, Мұхаммед алейһиссалам Оның соңғы пайғамбары екеніне және Ол хабар берген нәрселердің бәрінің дұрыс екеніне сену адамды осы шексіз пәлекеттен құтқаруда. Бір адам «Мен ондай мәңгі жануға сенбеймен, сондықтан ондай пәлекеттен қорқпаймын, бұл пәлекеттен құтылудың жолын іздемеймін» десе, оған жауап: «Сенбеу үшін қолыңда құжатың, дәлелің бар ма? Қай білім, қай ғылым сенуіңе тосқауыл болып жатыр?»
Әрине дәлел көрсете алмайды. Құжаты, дәлелі болмаған сөзге білім, ғылым делінеді ме? Бұған болжам, ықтимал делінеді. Миллионда, тіпті миллиардта бір ықтималы бар болса да, мәңгі отта жану пәлекетінен сақтану қажет емес пе? Аздаған ақылы бар адамның өзі осындай пәлекеттен сақтанбайды ма? Шексіз отта жану ықтималынан құтылу шараларын іздемейді ме? Соңын ойламайтын адамға қалайша ақылды деуге болады?
Лұқман Хаким баласына айтқан: «Ей, ұлым! От келе жатқанда адам қалайша сенімді бола алады? Дүниеден айрылу ақиқат бола тұра, оны қалай жақсы көреді? Өлімді қалай ұмытады? Оның келетініне еш күмән жоқ. Ұйқы қалай бар болса, өлім де солай бар. Ұйықтаған адам ояна алады, ал өлген адам оянбайды. Тіріліп оянған кезде де мүмкіндік сәті өтіп кеткен болады.
Аллаһу та'ала, қорықпай беріліп күнә істегеннен кейін «Ол бізді кешіреді» деген пенделерін жақсы көрмейді. Күнәларды кішімсінуден зияндырақ ештеңе жоқ. Күнәлардың кіші екенін емес, кімнің тыйымдарына немқұрайлы қарағанын ойланып, ұялу керек.
Аллаһу та'аланың сүйіктілерінің жолында болу мен дүниеге берілу бір адам бойында болмайды. Осы жолда болған адамның жүрегінде дүниені титімдей қадірлеу бар болса, майдан қылдың шыққанындай бұл жолдан оңай шығып кетеді. Аллаһу та'ала дүниені қолымызбен тәрк етуді емес, жүрегімізбен тәрк етуді қалайды, ұнатады.
Жасаған жақсы амалдарымыз мен ғибадаттарымызды ұнатпауымыз керек. Ол жақсы амал бізге ұнамды болмауы тиіс, ләззат іздемеуіміз керек. Өз ғибадатын жақсы көру ужб (жаман мінез) болады. Тек Аллаһу та'аланың әмірі болғаны үшін, бұйырылғанындай, яғни илмихал кітаптарында білдірілгеніндей орындау керек. Жасаған ғибадатымызды Хақ та'алаға тапсыруымыз керек және өз ұнатуымызды шайтанның бетіне басуымыз қажет!
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024