Қазіргі Тәурат пен Інжілдер

-1-

ҚАЗІРГІ ТӘУРАТ ПЕН ІНЖІЛДЕР

Қазіргі таңда әлемде Аллаһу та’аланың бар екеніне сенетін үш үлкен дін бар: Яһуди діні, Христиан діні және Ислам діні. Әлемде шамамен 900 миллион христиан, 600 миллион мұсылман және 15 миллион яһуди бар екендігі 1979 жылғы халықаралық статистикалық мәліметтерде көрсетілген. Қалған адамдар [2 миллиардтан астам] Аллаһ ұғымын білмейтін Будда, Хинду, Брахман және сол сияқты діндерді ұстанады немесе пұтқа, отқа, күнге табынады, яки ешқандай дінді қабылдамайды. Соңғы кездері Америка басылымдарында мұсылмандардың 600 миллион емес, 900 миллион екендігі жазылуда. Римдегі CESI [Centro Editoriale Studi Islamici – Ислам зерттеулері және басылымдары орталығы]-ның 1980 жылғы дерегі бойынша, Азияда 592.3 миллион, Африкада 245.5 миллион, Еуропада 21 миллион, Америка мен Канадада 6 миллион, Австралияда 0,5 миллион болып, барлығы 865,3 миллион мұсылман бар. «The Muslim Educational Trust» Ислам орталығының 1984 жылы жариялаған ағылшын тіліндегі «Ислам» кітабында әлемдегі мұсылмандар санының бір миллиард елу жеті миллион екендігі көрсетілген, қырық алты Ислам мемлекетіндегі және басқа елдердегі мұсылмандардың саны берілген. Бұл санның жыл сайын артып жатқанын статистикалар көрсетуде. Халқының 50 пайызынан астамы мұсылман болған елдердің саны 57-ге жеткен. Қазіргі 21 ғасырымызда адамдардың арасында әлі күнге дейін пұтқа табынатындардың бар болуы аянышты жағдай. Сонымен қатар, Аллаһу та’аланың бар екеніне сенетін үш үлкен дін ұстанушыларының бір бөлігі сенімдерін толығымен жоғалтқан. Өйткені, оларға тура жолды көрсететін шынайы мүршид қалмаған. Білім мен ғылым үйреніп өскен жастарды дін мен ғылымнан мақрұм сауатсыз дін адамдары арқылы діни сүйіспеншілікке қауыштыру мүмкін емес. Оларды бақытқа қауыштыру үшін тек заманымыздың жаратылыстану білімдерінде маман, айқын көзқарасты, дінін жақсы білетін жол көрсетушілер қажет. Біз бұл бөлімде толығымен бейтарап түрде нағыз Аллаһ дінін іздеп табуды, әлемдегі екі үлкен кітаптың, яғни қазіргі Тәурат пен Інжіл және Құран кәрімнен қайсысының шынайы Аллаһтың кітабы екендігін ғылыми әдістермен зерттеп, анықтауды және осы мәселеде күмәнға түскен адамдарға дұрыс жолды көрсетуді қалаймыз.

Оқырмандарымыз сенімді болсын, бұл зерттеулер толығымен бейтарап көзқараста жүргізілді. Зерттелген екі дін кітабы – Қасиетті кітап, яғни Тәурат пен қазіргі Інжілдер және Құран кәрім. «Ескі өсиет» деген атпен Қасиетті кітапқа қосылған Тәурат та Інжілмен бірге зерттелген. Яғни, зерттеуге алған кітабымыз – қазір христиан әлемінде «Қасиетті кітап – Евангелие» деген атпен шынайы Інжілдің орнына қойылған кітаптар.

Қасиетті кітап – бір ғана кітап емес. Ішінде әуелі «Ескі өсиет» бөлімі бар. «Жаңа өсиет» деген екінші бөлімі Матфей, Марк, Лука және Йоанн жазған Інжіл кітаптарын және Луканың Расулдардың істері кітабы және хауарилер мен Павлостың, Якубтың, Петрустың, Йоанның жазған хаттары мен Вохи кітабын қамтиды. «Ескі өсиет» үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім, Мұса алейһиссаламға түсірілген Тәурат деп саналатын бес кітап: Тәкуин, Шығу, Левилилер, Сандар және Тесние. Екінші бөлім «Невиим», яғни пайғамбарлар. Бұл бөлім де алғашқы пайғамбарлар және кейінгі пайғамбарлар болып екіге бөлінеді. Олар – Иешу, Хакимдер, Самуэль, Мәликтер, Ишая, Иеремия, Хезекиел, Хошеа, Йоел, Амос, Обадя, Юнус, Мика, Нахум, Хабаккук, Цефаня, Хаггай, Зекерия және Малаки. Үшінші бөлім, «Кетувим», яғни кітаптар, жазбалар. Бұлар Дауд алейһиссалам тарапынан жазылды деп саналатын Мезмурлар мен Сүлейманның нақыл сөздері, Өлеңдер өлеңі, Ваиз, Рут, Эстер, Әйуб, Иеремияның жоқтаулары, Даниял, Эзра, Нехемия және Тарихтар сияқты кітаптар.

Бүкіл осы кітаптардағы негіздерді кім білдіруде? Берілген яһудилер мен христиандар, бір кітапқа сенетін болса да, олардың араларында көптеген қарама-қайшылықтар бар. Олар бұл кітаптағы сөздердің Аллаһтың сөзі екендігін айтады. Алайда, жақсылап зерттелетін болса, бұл кітаптағы сөздердің үш қайнардан шыққанын қабылдау қажет болады.

1) Бұлардың бір бөлігі Аллаһтың сөзі болуы мүмкін. Өйткені, бұл жерде Аллаһу та’ала тікелей адамдарға айтады. Мысалы:

«Оларға бауырлары арасынан сен сияқты бір пайғамбар шығарамын және сөзімді соның аузына салып, оған бұйырамын, барлық нәрсені оларға айтады.» (Тесние, 18:18)

«Мен Рабпын! Менен басқа құтқарушы жоқ.» (Эшия (Ишая) 43:11)

«Ей, әлемнің нехайеттері, барлығың маған бет бұрыңдар да, құтылыңдар! Өйткені, Аллаһ – менмін. Менен басқасы жоқ.» (Эшия 45:22)

Бұл сөйлемдер Исраил ұлдарына жіберілген пайғамбарлардың кітаптарынан алынды деп ойлаймыз. Өйткені, мән беріңіз, Аллаһу та’ала бұл сөздермен БІР екендігін [ұл және қасиетті рух сияқты тәңірлердің жоқ екендігін], пайғамбарларды өзі жібергенін және өзінен басқа ЕШҚАНДАЙ ТӘҢІР ЖОҚ ЕКЕНДІГІН айтуда.

Енді Қасиетті кітаптың екінші қайнарын қарастырайық:

2) Бұл екінші бөлімде жазылған сөздер пайғамбарлар тарапынан айтылған болуы мүмкін. Мысалы:

«Сағат тоғызға қарай Иса "Эли, Эли, Лама, Сабактани", яғни "Аллаһым, Аллаһым, мені неге тастадың?" деп айқайлады.» (Матфей 27:46)

«Иса оған жауап берді: Тыңда, ей, Исраил! Аллаһымыз Раб, жалғыз болған Раб». (Марк 12:29)  [Назар салыңыз, бұл жерде де ұл мен қасиетті рух туралы айтылмаған.]

«Иса оған айтты: Неліктен маған жомарт, жақсы дейсің? Аллаһтан басқа жомарт, жақсы ешкім жоқ.» (Марк 10:18)

Иса пайғамбар тарапынан айтылды деп риуаят етілген бұл сөздер пайғамбар сөзі болуы мүмкін. Олай болса, Қасиетті кітапта Аллаһу та’аланың сөзі мен пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттаслимат) сөздері бір-бірімен араласып кеткен. Ал мұсылмандар Аллаһу та’аланың сөзі мен пайғамбардың сөздерін бір-бірінен ажыратып, пайғамбарлардың (алейһимуссалауату уәттаслимат) сөздерін «Хадис шәриф» деген атпен бөлек кітаптарда жинақтаған.

Енді Қасиетті кітаптың үшінші бөліміндегі сөздерге тоқталайық:

3) Бұл жердегі сөздердің бір бөлігі Иса алейһиссаламның хауарилері [апостол] тарапынан Иса алейһиссалам туралы сақталған оқиғалардан, бір бөлігі кейбір адамдардың сөздерінен, бір бөлігі кейбір тарихшылардың риуаяттарынан, ал бір бөлімі кімнің айтқаны, не үшін айтылғаны белгісіз болған риуаяттардан тұрады. Бір мысал келтірейік:

«Алыстан бір інжір ағашын көрді. Бәлкім, содан бір нәрсе табармын деп оның қасына барды. Жанына барған кезде одан жапырақтан басқа ештеңе таба алмады. Өйткені, інжірдің жеміс салатын маусымы емес еді.» (Марк 11:13)

Бұл жерде бір адам басқа біреу туралы айтып жатыр. Айтып отырған адамның кім екені белгісіз. Тек інжір ағашының қасына барған адамның Иса алейһиссалам екендігі баяндалуда. Ал осы қатарларды жазған Марк [Маркус] Иса алейһиссаламды ешқашан көрмеген. Бұл жердегі тағы бір мәселе, осы аяттың жалғасы болған 14-аятта Иса алейһиссаламның інжір ағашын енді ешқашан жеміс бермесін деп қарғауы. Ондай нәрсені ойға келтірудің өзі әбестік. Өйткені, маусымсыз інжір беру ағаштың еркінде емес. Пайғамбардың Аллаһу та’ала жаратқан әлсіз бір ағашты мезгілсіз жеміс бермегені үшін қарғауы ақылға, ғылымға, жаратылыстануға және діндерге қайшы.

Қазіргі қолдағы Қасиетті кітаптың басым бөлігінде кім тарапынан айтылғаны белгісіз, бірақ міндетті түрде адамның сөзі екендігі дереу аңғарылатын сөздер көп. Бұларды Аллаһтың сөзі деп қабылдау мүмкін емес.

Енді қолымызды жүрегімізге қойып, терең ойланып көрейікші. Ішінде бір бөлімі Аллаһтың сөзі, бір бөлімі пайғамбар сөзі, бірақ басым бөлігі адамдардың әр түрлі аңыздары кездесетін кітапты «Аллаһтың сөзі» деп қабылдауға болады ма? Оған қоса «Адам сөзі» болған бөлімдерде әр түрлі қателердің кездесуі, бір мәселені баяндағандардың бір-бірінен тым өзгеше сөздері, көрсетілген сандардың бір-біріне сәйкес келмеуі (бұлар жайлы төменде айтылады, қателері көрсетіледі) қазіргі Тәурат пен Інжілдердің толығымен адамның жазбасы екендігін айқын дәлелдейді.

Мұсылмандардың кітабы болған Құран кәрімде, Ниса сүресінің 82-аяти каримасында: «Олар әлі Құран кәрімнің Аллаһтың сөзі екенін және мағынасын ойлап көрмейді ма? [Құран кәрім – Аллаһтың сөзі.] Егер бұлай болмағанда, онда ішінде міндетті түрде қайшылықтар болар еді» деп көрсетілген.

Бұл қандай дұрыс сөз! Қасиетті кітаптағы қайшылықтар оның адамның туындысы екендігін көрсетеді. Төменде бөлек түсіндіргеніміздей, Тәурат пен Інжілдер бірнеше рет діни кеңестер, синод [synode – рухани мәжілістер] тарапынан қарастырылған, түзетілген, өзгертілген, қысқасы бірнеше түрге енгізілген. Аллаһу та’аланың сөзін түзетуге болады ма? Құран кәрімнің уахи болып түскен күнінен бастап қазірге дейін бірде-бір әрпі еш өзгермеген. Құран кәрім бөлімінде көретініңіздей, бұл жағдайды реттеу үшін көптеген шаралар қолданылған. Құран кәрімнің осы күнге дейін еш өзгермей келгенін ең берілген христиан дін адамдарының өзі көре алмаушылықтан жарылып, мойындауда. Аллаһтың сөзі осындай болады! Мүлдем өзгермейді. Қазіргі Інжілдердің Аллаһу та’аланың сөзі ме, әлде адамның жазбасы ма? екендігін айтуды біз христиан дін адамдары мен ғалымдарына қалдырайық:

Муди [Moody] Інжіл институтының докторы Грахам СКРОДЖИ «Інжіл Аллаһтың сөзі ме?» атты кітабының 17-бетінде былай деген:

«Иә, Қасиетті кітап – адам туындысы. Кейбір адамдар, неге екенін білмеймін, бұл пікірге қарсы шығады. Қасиетті кітап адамдардың санасында қалыптасқан, адамдар тарапынан адамның тілімен және адамның қолымен жазылған толығымен адамдық сипатқа ие бір шығарма болып табылады.»

Кеннез Крадж өзі христиан дін адамы болуына қарамастан былай дейді: «Қасиетті кітаптың "Жаңа өсиет" бөлімі Аллаһтың сөзі емес. Бұл жерде тікелей адамдар айтқан хикаялар мен қандай да бір істің қалай жасалғанына куә болғандардың әңгімелері. Тек адамның сөзінен тұратын бұл бөлімдер шіркеу тарапынан адамдарға Аллаһу та’аланың сөзі ретінде жеткізілуде.»

Теолог профессор Гейзер «Қасиетті кітап Аллаһтың сөзі емес. Бірақ бұған қарамастан киелі кітап» деген.

Інжілде жазылған мәселелерге, әсіресе Аллаһ, ұл және қасиетті рух сияқты үштік тәңірге сенбейтін папалар да шыққан. Солардың бірі болған Папа Гонориус үштік тәңірді толығымен жоққа шығарғандықтан, қайтыс болғанынан 48 жылдан кейін Константинопольде (Стамбул) жиналған рухани мәжіліс тарапынан 680 жылы ресми түрде лағнеттелген.

Иса алейһиссаламның хауарилерінің бірі болған, Павлоспен бірге христиан дінін тарату үшін саяхаттарға шыққан Барнабастың (Варнава) жазған Інжілі кенеттен жойылып, бұл Інжілде жазылған: «Иса алейһиссалам: Менен кейін тағы бір пайғамбар келеді, оның есімі Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) болады және сендерге көптеген нәрселер үйретеді,-деді» ақиқатын христиандар жасырған. [Бұл туралы кеңірек мәліметті осы кітаптың «Мұсылмандық және Христиандық» бөлімінен таба аласыз.]

Демек, қазіргі Қасиетті кітап туралы барлық батыстық ғалымдармен бірге бірігетін пікіріміз мынау: Қасиетті кітап Аллаһтың сөзі емес. Аллаһтың сөзі болған шынайы Тәурат пен Інжіл қазір мүлдем басқа кітапқа айналған. Қазіргі Інжілде Аллаһтың сөзі болуы мүмкін деп саналған сөздермен қоса басқа адамдар тарапынан қосылған көптеген сөздер, болжамдар, аңыздар, риуаяттар және хикаялар бар. Әсіресе үштік тәңір туралы айтылатын бөлімдер иманның негізі болған «Аллаһ бір» сеніміне және адамның ақыл-санасына сыймайтын пайымдаулардан тұрады.

Тәурат пен Інжіл грек және латын тілдеріне аударылған кезде сол кезге дейін жүздеген тәңірлері болған пұтқа табынушы римдіктер мен гректер бір тәңірді аз көріп, оны көбейтуді қалаған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, шынайы Інжілдегі бір Аллаһ сенімінің грек тіліндегі аудармада үштік сенімге айналдырылуына гректердің Платон философиясын ұстануы себеп болған. Платон философиясы барлық нәрсені үшке бөледі. Мысалы, әдеп үш сезім қуатына сүйенеді: мінез-құлық, ақыл және табиғат. Табиғат та өсімдік, жануар және адамзат болып үшке бөлінеді. Платон негізінде әлемді жаратқан құдіреттің біреу ғана екенін ойлаумен қатар, екі көмекшісі бар болуы мүмкін екенін де алға тартқан. Бұл «Тәслис – үштік тәңір» сенімінің туындауына себеп болған. Бұл теорияны қабылдаған көптеген тарихшылар бар. Алайда, қазіргі Тәурат пен Інжілдердің өзінде көп жерінде, төменде де көресіз, «Аллаһ менмін! Аллаһ жалғыз. Менен басқа Аллаһ жоқ» деген сөздер кездеседі. Қазіргі Қасиетті кітаптардың өзі ішіне күштеп енгізілген үш тәңір сенімін теріске шығарады. Бұл үш тәңір сенімінің қате аударғаннан туындағаны да айтылуда. Әсіресе, соңғы кездері үш тәңірге ешкімнің сенбейтінін көрген христиан шіркеуі «Әке», «Ұл» сөздерінің толығымен басқа мағыналар беретінін айтуда және бір Аллаһ сеніміне тоқталуда. Төменде бұл аударма мәселесін қайтадан қарастыратын боламыз.

Қазіргі Тәурат пен Інжілдердің Аллаһтың сөзі емес екендігі білініп, көптеген христиандар мұны мәлімдесе де, әлі де кейбір фанат христиандар «Інжілдің барлық сөзі – Аллаһтың сөзі» деуде. Осылар сияқты фанаттарға тек мына сөздерді айта аламыз: Бақара сүресінің 18-аяти каримасында: «Олар (ақиқатты тыңдап, қабылдауда) керең, (иман мен ақиқатты айтпайтын) тілсіздер, (дұрыс, хақ жолды көрмейтін) соқырлар. Бұл жағдайларынан бас тартып, тура жолға қайтпайды» делінген. Матфей Інжілінің 13-бабының 13-аятында «Көре тұра көрмейді, ести тұра естімейді және түсінбейді» делінген.

Енді Інжілге тағы да көз салайық:

Ең алдымен христиандардың қолындағы Інжілдердің бірдей емес екеніне тоқталайық. Бір католикпен Інжіл туралы сөйлеспекші болсаңыз, ол сізден «Қай Інжіл?» деп сұрайды. Өйткені, католиктердің, протестанттардың және православтардың әр түрлі Інжілдері бар. Сіз «Қалайша Аллаһтың сөзі болған Інжілдің бірнеше түрі болады?» деп  сұрасаңыз, олар біраз ойланғаннан кейін: «Негізінде Інжіл біреу. Бірақ, тәфсирлерінде айырмашылықтар болуы мүмкін» деп сұраққа қатысы жоқ жауапты береді. Егер тарихқа көз салатын болсақ, алғашқы румын католик Інжілі, Джеромеун латын Інжілі Вулгатаның аудармасымен 990 [м.1582] жылы Реймсте шығып, 1609 жылы Доуайда қайта басылғанын көреміз. Қазір де ағылшынша RCV «Roman Catholic Version – Румын католик нұсқасы» деген атпен белгілі. Бірақ, қазіргі кезде ағылшындардың қолындағы Інжіл осы көне Інжілдің қатты өзгертілген түрі болып табылады. Өйткені, 1600 жылдан бастап қазірге дейін Інжіл көптеген өзгертулерден өткен, ішіндегі кейбір бөлімдер «apocrypha», яғни «дұрыстығы күмәнді бөлімдер» ретінде шығарылған, кейбір бөлімдері, мысалы Джудит, Тобиас, Барух, Эстер және т.б. толығымен алынып тасталған. Соңында AV «Authorised Version – Ресми түрде қабылданған нұсқа» деген атпен «Соңғы және дұрыс Інжіл» ретінде жарияланған. Бірақ, көптеген ғалымдар, тіпті атақты Черчиль де «Бұл інжілдің нұсқасы тым қате» дегендіктен, біраз уақыт 1611 жылдан қалған KJV «Король Джеймс нұсқасы» деген атпен танылған көне Інжілге қайтарылған. Ақыр соңында 1952 жылы Інжіл қайтадан түзетіліп, RSV «Түзетілген және тексерілген нұсқа» деген атпен жаңа Інжіл дайындалған. Бірақ, бұл да жеткілікті дәрежеде түзетілмеген деп қабылданғандықтан, бұдан қысқа уақыт өткеннен кейін 1391 [м.1971] жылы «Екі рет түзетілген Інжіл» пайда болды.

Католиктердің Інжілі де өте көп өзгертулерге ұшыраған. Ибрани тілінен грек тіліне, одан латын тіліне аударылған Інжіл 325 жылы Ұлы Константиннің бұйрығымен құрылған Изник жиналысы, 364 жылы Лудисия мәжілісі, 381 жылы Константинополь (Стамбул) мәжілісі, 397 жылы Картажа рухани мәжілісі, 431 жылы Эфес мәжілісі, 451 жылы Кадыкөй мәжілісі және басқа да көптеген мәжілістер тарапынан қарастырылып, әр ретінде жаңадан реттеліп отырған, әр ретінде кейбір бөлімдері өзгертіліп, Ескі өсиеттегі кейбір кітаптар алынып тасталған, ал кейбір мәжілістерде алынып тасталған кейбір кітаптар қабылданған. Бірақ, 930 [м.1524] жылы протестант ағымы пайда болған кезде бұл кітаптар қайтадан зерттеліп, жаңа өзгертулер енгізілген.

Осы кезең ішінде көптеген христиан дін адамдары жасалған аударма мен өзгертулерге қарсы шығып, Қасиетті кітаптың кейбір бөлімдерінің кейіннен қосылғанын алға тартқан.

Жоғарыда да айтқанымыздай, Інжілдің ең көне ибрани тіліндегі нұсқасынан қате аударылғанын айтқандардың сөзі өте дұрыс. Өйткені, ибрани тілінде «Баба» (әке) сөзі тек бір баланың өз әкесі емес, сонымен қатар «Құрметке лайықты ұлы тұлға» деген мағынаға да келеді. Сондықтан да Құран кәрімде Ибраһим алейһиссаламның көкесі Азерге «Азер деген әкесі» делінген. Өйткені, шын әкесі Тарух өлген болатын. Көкесі Азердің қолында өскен және сол заманның салты бойынша оны әке деп атаған. Түркістанда (түркі өлкелерінде) құрмет, мейірім көрсетілетін адамдарға «Баба, Ата» делінетіні «Рәшахат» кітабындағы диалогтар көрсетуде. Біз түркі тілдерінде де «Ақ сакалды Атамыз, Бабамыз!» деп адамға деген таңданысымызды білдіреміз.

«Ұл» сөзі де ибрани тілінде көп рет бір адамның лауазым немесе жас тұрғысынан өзінен кішірек, бірақ оған өте үлкен сүйіспеншілікпен байланған адамды сипаттау үшін қолданылған. Матфей Інжілінің 5-бабы, 9-аятында «Бейбіт өмір сүрушілер қандай бақытты! Өйткені, оларды Аллаһтың ҰЛЫ деп атайды» делінген. Көрініп тұрғанындай, бұл жерде «Ұл» сөзі «Аллаһтың сүйікті құлы» мағынасында қолданылып тұр. Олай болса, шынайы Інжілде «Баба» (әке) – қасиетті бір болмыс, ал «ұл» – сүйікті құл ретінде баяндалған. Яғни, мұндағы мақсат үш тәңір емес. «Әке» және «Ұл» сөздері қолданылған жерлерден шығатын мағына – барлық нәрсенің иесі және басқарушысы Аллаһу та’аланың Иса алейһиссалам сияқты сүйікті құлын адамдарға пайғамбар ретінде жіберуі. Саналары енді ояна бастаған христиандардың басым бөлігі «Бәріміз Аллаһтың құлымыз, балаларымыз. Аллаһ бәріміздің Раббымыз, әкеміз. Інжілдегі «Әке» мен «Ұл» сөздерін осылай түсіну керек» деуде.

Ибрани тіліндегі ең көне Інжіл нұсқаларындағы көптеген сөздердің де қате аударылғандығы төмендегі мысалдардан аңғарылуда.

Мысалы:

1) Ескі өсиеттің алғашқы кітабы Текуиннің ибрани тіліндегі түпнұсқасында Хақ Та’ала туралы «Аллаһ» сөзінің бір «Л» әрпі жазылмай, «Алаһ» деп айтылған. Алайда, бірнеше рет өзгертілген бұл Інжілден бұл сөз алынып тасталған. Яғни христиандар мұсылмандардың Аллаһына жақын болудан қорыққан.

2) Ескі Өсиеттің ибрани тіліндегі түпнұсқасында «бойдақ қыз» деген сөз жоқ. Иса алейһиссаламның туылуы жайлы көне ибрани тіліндегі нұсқаларының Ишая кітабы, 7- бабы, 14-аятында «Раб сендерге бір белгі береді, қыз жүкті болады, бір ұлы туылады, оның атын Иммануэль деп қояды» деп жазылған. Бұл жерде ибрани тілінде «Қыз» мағынасында «АЛМАХ» сөзі қолданылған. Алайда, ибрани тілінде «бойдақ қыз» БЕТХУЛАХ сөзімен түсіндіріледі. Бойдақ қыз сөзі христиандарға жарағандықтан, «Қыз» деген сөздің орнына «Бойдақ қыз» сөзі қолданылып, христиан әлеміне «Қасиетті бойдақ қыз» мағынасы енгізілген.

3) Фанат ағылшын поптары одан да асып, Иоанн Інжілінің 3-бабының 16-аятындағы «Өйткені Аллаһ дүниені қатты жақсы көргені соншалық, жалғыз ұлын [яғни, жақсы көрген адамын] берді [яғни сол жаққа жіберді], оған иман келтірген әр адам құрып кетпесін, тек мәңгі [соңсыз] өмір сүрсін!» деген сөйлемді «Өйткені Аллаһ дүниені қатты жақсы көргені соншалық, «Өзі туғызған» жалғыз ұлын берді, оған иман келтірген әрбір адам құрып кетпесін, тек мәңгі өмір сүрсін!» деп ауыстырған. Бұл жерде ағылшынша «begotten» сөзін қолданған, бұл сөз тікелей «туған» деген мағынаны береді. Алайда, қазіргі Қасиетті кітаптың көптеген жерлерінде Аллаһу та’аланың БІР екендігі, ал Иса алейһиссаламның «Пайғамбар» ретінде жіберілгендігі жазылған. Бұлардың біразын төменде атап өтеміз:

«Тыңда, ей Исраил! Аллаһымыз – жалғыз болған Раб.» (Марк, 12:29)

«Аллаһ бір. Одан басқасы жоқ.» (Марк, 12:32)

Таснияның 4-бабының 39-аятында: «Және бүгін біл және жүрегіңе қой, жоғарыда аспандарда және төменде жерде РАБ – ОЛ АЛЛАҺ, басқасы жоқ.» делінген.

Таснияның 6-бабының 4-5-аяттарында: «РАБ – ЖАЛҒЫЗ БОЛҒАН РАБ және АЛЛАҺЫҢ болған РАБТЫ бүкіл жүрегіңмен, бар жаныңмен және бар күшіңмен жақсы көресің» делінген.

Тағы да Таснияда 32-бабының 39-аятында да «Қазір көріңдер, МЕН, МЕН ОЛмын және менен басқа тәңір жоқ» делінген.

Ишаяның 40-бабының 25-26-аяттарында «Мені кімге ұқсатасыңдар, МЕН Оған тең болатындай? Қасиетті [болған Аллаһ] айтады. Көздеріңді жоғары көтеріңдер де, көріңдер, бұларды [аспандарды] кім жаратты» делінген.

Тағы да Ишаяның 43-бабының 10-аятында және жалғасында: «РАБ айтады: Сендер куәларым және таңдаулы құлдарымсыңдар, біліп маған сенгенге және менің Ол екенімді түсінгенге дейін. МЕНЕН БҰРЫН (Құдай) БОЛҒАН ЖОҚ және МЕНЕН КЕЙІН БОЛМАЙДЫ. Мен, мен Рабпын және Менен басқа құтқарушы жоқ. РАБ айтады: МЕН АЛЛАҺПЫН» делінген.

Ишаяның 44-бабының 6-аятында: «Раб айтады: Алғашқы менмін және соңғы менмін және менен басқа Аллаһ жоқ» делінген.

Ишаяның 45-бабының 5-аятында: «РАБ менмін және басқасы жоқ. МЕНЕН БАСҚА АЛЛАҺ ЖОҚ» делінген.

Тағы да Ишаяның 45-бабының 18-аятында: «Өйткені, көктерді жаратқан РАБ әлемге кейіп берген және оны жаратқан, оны бекіткен және оны бостан-бос жаратпаған, үстінде отырсын деп оған кейіп берген АЛЛАҺ былай дейді: РАБ менмін және басқасы жоқ» делінген.

Осы баптың 21-22 аяттарында: «Мен РАБ емеспін бе? Және менен басқа АЛЛАҺ жоқ. Менен басқа хақ АЛЛАҺ және құтқарушы жоқ. Ей, жер бетіндегілер! Бәрің маған қайтыңдар да құтылыңдар. Өйткені, АЛЛАҺ менмін және басқасы жоқ» делінген.

Ишаяның 46-бабының 9-аятында: «АЛЛАҺ менмін, басқасы жоқ. Мен АЛЛАҺ-пын және мен сияқты ешкім жоқ» делінген.

Иса алейһиссаламның пайғамбар екендігіне қатысты Інжілдегі сөздер:

Матфей Інжілінің 21-бабының 10-11-аяттарында: «Иса Иерусалимге (Құдысқа) барған кезде бүкіл халық «Бұл кім?» деп таңданды. Және халық Галилеяның Насыра қаласынан шыққан ИСА ПАЙҒАМБАР осы деді» делінген.

Иоанн Інжілінің 5-бабының 30-аятында: «Иса айтты, мен өз бетімше ештеңе істей алмаймын, естігенім [яғни маған келген уахи] бойынша үкім беремін. Өз қалауымды [бір нәрсені істету қалауы] емес, тек мені жібергеннің [яғни, Аллаһтың] қалағанын іздеймін» делінген.

Матфей Інжілінің 13-бабының 57-аятында Иса алейһиссалам оларға: «Бір пайғамбар өз отанынан және үйінен басқа жерлерде де абыройсыз емес деді» делінген.

Иоанн Інжілінің 8-бабының 26-аятында: «Мені жіберген – Аллаһ. Мен әлемге тек Одан естігендерімді айтамын» делінген.

Иоанн Інжілінің 14-бабының 24-аятында: «Естіген сөздерің менікі емес. Тек мені жіберген әкенікі [яғни, ұлы болмыс болған Аллаһтікі]» делінген.

Иоанн Інжілінің 17-бабының 3-аятында: «Ей, Әке, мәңгілік өмір [жәннат өмірі, хақ АЛЛАҺ болған] Сені және Сен жіберген Иса Мәсіхті білу» делінген.

Иоанн Інжілінің 14-бабының 28-аятында Иса алейһиссаламның: «Әке менен үлкен» дегендігі жазылған.

Расулдардың істерінің 2-бабының 22-аятында: «Ей, Исраил ерлері, мына сөздерді тыңдаңдар: Насыралық Исаны және оның тарапынан бекітілген адамды сендер өздерің де білесіңдер» делінген.

Ал 3-бабының 26-аятында: «Аллаһ бәріңді жамандықтарыңнан қайтару арқылы мұбәрәк қылсын деп, құлын тұрғызып, алдымен сендерге жіберді» делінді.

4-бабының 30-аятында «Қасиетті құлың Исаның атымен белгілер мен ғажайыптар болсын деп...» делінген. Бұл аяттарда Иса алейһиссаламның пайғамбарлығы және Аллаһу та’аланың уахи беру арқылы сөйлескені айқын көрсетілген.

Бұл сөйлемдердің барлығы қазір христиандардың қолындағы Қасиетті кітаптан алынған. Яғни, қаншалықты өзгертілсе де, қазіргі Тәурат пен Інжілдерде әлі күнге дейін шынайы ақиқат Інжілден қалған дұрыс сөздер кездеседі.

Аллаһу та’аланың Иса алейһиссаламды Аллаһтың ұлы деп көрсеткісі келетіндерге, тіпті, осы мақсатпен Тәурат пен Інжілдегі сөйлемдерді өзгерткендерге қандай ашуға келгені Құран кәрімде Мәриям сүресінің 88-93-аяттарында былай баяндалған:

«[Яһудилер мен христиандар], Рахман балалы болды деді. [Ей, Расулым, сен оларға айт] ортағаүлкен өтірік тастадыңдар. Келтірген сол сөзден көктер бөлшектеніп, жер жарылып, таулар қирайтын еді. Алайда, Рахманның балалы болуы Оның ұлылығына лайық емес. Өйткені, көктер мен жерлерде ешкім жоқ Рахманға құл болып келмейтін.»Құран кәрімнің Ихлас сүресінің 3-аятында Аллаһу та'ала айтады: «Аллаһ туылмаған және туығызбаған.» Ниса сүресінің 171-аятында: «Ей, кітап иелері [яһудилер мен христиандар]! Діндеріңде асыра сілтемеңдер. Аллаһу та’ала туралы дұрыс сөйлеңдер[Оған жала жауып, Иса (алейһиссалам) Аллаһтың ұлы демеңдер] Мәриям ұлы Иса Аллаһу та’аланың расулы. Бол деген бұйрықпен жаратылған болмыс. Оны Мәриямға берді. [Ей, христиандар] Аллаһу та’алаға және расулына иман келтіріңдер, илаһ үшеу және Аллаһу та’ала үшіншісі демеңдер. Бұдан сақтануларың сендер үшін жақсы. Аллаһ – тек ЖАЛҒЫЗ құдай. Баласы болудан пәк» делінген.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде Інжілді өзгерткендерге қарсы Бақара сүресінің 10-аятында былай үндейді: «Жүректерінде [күмән мен қырсықтық] ауруы бар. Аллаһу та’ала ауруларын асқындырған. Өтірікші болғандары үшін қатты қинайтыназапқа ұшырайды.»

Бақара сүресінің 79-аятында: «Обал болсын [бұрмаланған] кітапты өз қолдарымен жазып, оны аздаған ақшаға сату үшін «Аллаһ тарапынан келген» дегендерге! Обал болсын, жазған қолдарына! Обал болсын, табыстарына!» деп көрсетіліп, олардың ауыр азапқа душар болатыны көрсетілген.