Сатылмайтын және мирас ретінде қалмайтын нәрсе

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала бір құлына иман берген болса, оған не бермеді, иман бермеген болса, оған не берді? Мұсылман бұған қуанып тойламағанда басқа не істесін? Ойнап күлмегенде басқа не істесін? Өйткені иман базарда сатылмайды, мирас болып та қалмайды, ішінде гауһары болмағаннан басқасына нәсіп болмайды.

 

Жақсылыққа бейімді болмаған адам

Пайғамбарды көрсе де, бола алмас Мұсылман.

 

Тіпті пайғамбар ұрпағы болса да, мұсылман бола алмайды. Аллаһу та'ала таңдайды. «Мына адамға бердім» дейді. «Сені дос қылдым» дейді.

Бір мұсылманға «Сен менің дұшпанымсың» деп айтудан сақ болайық! Мұсылманға кек сақтамайық, көре алмаушылық жасамайық, бұлардан аулақ болайық! Ол кім? Ол – Аллаһу та'аланың сүйікті құлы, яғни әулиесі. Калима-и шаһадат айтқан әркім – әулие. Аллаһу та'ала оған досым дейді, ал біз оған «Сен дұшпанымсың» дейміз, оны көре алмаймыз, оған кек сақтаймыз, олай істеуге болады ма?

Дінді қорғау алақанда отты ұстау сияқты қиын. Мұның жалғыз бір жолы бар. Ол жалғыз қалмау арқылы, өз-өзімен сөйлеспеу арқылы, өзіне бағынбау арқылы іске асады. Өйткені өзі дегеніміз – нәпсі деген сөз. Ал нәпіс – Аллаһтың дұшпаны.

 

Сабыр мен мейірімділік

Бір күні пайғамбарымыз алейһиссалам бір мүшрикті алдына отырғызып, оған Ислам дінін түсіндіріп жатқан еді. Әр сөзінен кейін мүшрик Расулуллаһ алейһиссаламды мазақтап, сөзін жоққа шығарып отырды. Бұл біраз уақыт жалғасты. Хазреті Омар бұған шыдай алмай қылышын шығарып келді де:

- Йа, Расулаллаһ, шыдай алмаймын, рұқсат беріңіз, - деді.

Сонда пайғамбарымыз:

- Жоқ, ей, Омар, бар, орныңа отыр! – деп жауаптады. Хазреті Омар барып орнына отырды. Расулуллаһ қайтадан насихат айтуын жалғастырды, мүшрик қайтадан қарсы шықты, мазақ қылды. Бұл жағдай ұзақ уақыт жалғасты. Ақыр соңында әлгі мүшрик «Жарайды, йа, Расулаллаһ» деп мұсылман болды. Пайғамбарымыз алейһиссалам хазреті Омарға қарап айтты:

- Егер саған «Иә» десем, бұл кісі мүшрик болып тозаққа кетер еді. Мен бұл дінді екі нәрсемен жайдым: сабыр және мейірімділік.

Расулуллаһ алейһиссалам сондай пайғамбар, Оны растаған адам 124 мыңнан астам пайғамбарды растаған болады. Құран кәрім сондай кітап, Оны растаған адам басқа бүкіл кітаптарды растаған болады. Ислам діні сондай дін, әмірлері мен тыйымдары арқылы әуелгі барлық хақ діндердің үкімдерін өзінде жинақтаған және бүкіл діндердің күшін, үкімін тоқтатқан.

Алма ағашы бір дәннен өсіп шығады. Ислам діні де бір дән, бірақ барлық нәрсе соның ішінде.

Адам алейһиссалам 300 жыл тәубе етті, қабыл болмады. «Йа, Раббым, Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне мені кешіре гөр» деп дұға еткенінде Аллаһу та'ала оны кешірді.