Сұрақ: Кейбір адамдар ұятсыз сөздермен сөйлейді. Әдепсіз нәрселер айтады. Адамдар арасында айыпталатындай жаман істер жасайды. Мұсылман болған адам осындай нәрселер істейді ме?
Жауап: «Хадиқа» кітабында былай делінеді:
Фухуш – жаман сөз дегенді білдіреді. Шектен шығатын барлық нәрсеге «Фахиш» делінеді. Бұл жердегі мағынасы жаман болған істерді ашық сөздермен айту, әдепсіз сөйлеу деген сөз. Жима (жыныстық қатынас) және дәрет бұзу үшін қолданылатын сөздерді айту осыған жатады. Бұл сөздерді айту – фухуш. Өйткені бұларды айту адамгершілікке және діндарлыққа лайықты емес, ар-намысты, ұятты кетіреді және өзгелерді ашуландырады. Жиманы (жыныстық қатынасты), дәрет бұзуды және нәжісті айту қажет болған кездері ашық түрде айтпау керек, ауыспалы мағынадағы сөздермей айту қажет! Ауыспалы мағына – бір нәрсені ашық мағыналары басқа болған сөздермен айту деген сөз. Әдепті, салих болған адам фухуш сөйлеуге мәжбүр болғанында ауыспалы мағынамен айтады. Мысалы Аллаһу та'ала Құран кәрімде жиманы ләмс (жақындау) сөзін қолданып айтқан.
Дінімізде ардың, ұяттың орны өте маңызды. Ұятты адам Аллаһу та'аладан ұялғаны үшін күнә істеуден тартынады. Адамдардан ұялмайтындар Аллаһтан да ұялмайды. Ашық түрде күнә істеген адам әрі адамдардан, әрі Аллаһтан ұялмағанын көрсетеді. «Аллаһ білетін нәрсені пендеден несіне жасырамыз?» деп айту дұрыс емес. Жасырын істелген күнәні өзгелерге жариялау дұрыс емес, арсыздыққа жатады.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ұят пен аз сөйлеу иманнан, фахиш (ұятсыз) сөз және көп сөз нифақтан (екі жүзділіктен).» (Тирмизи)
Ұят – иманның негізінен
Аллаһу та'аладан ұялу иманның күшті екенінің, ал ұятсыздық иманның әлсіз екенінің белгісі. Ұятсыз адамның күпірге түсуі оңай болады. Хадис шәрифте «Ұяттың аздығы – күпір» делінген. (Хаким)
Ұятсыз адам уақыт өте күпірге дейін түсе алады. Ұят – иманның негізінен. Хадис шәрифте айтылғанындай:
«Ұят, ар-намыс, тілге ие болу және ақыл иманнан. Ал сараңдық, фухуш, жаман сөз айту ұятсыздықтан және екі жүзділіктен.» (Бәйһақи)
«Фахиш (ұятсыз) және жаман сөздерден қатты сақтаныңдар!» (Нәсаи)
«Мүмин айыптамайды, лағнет етпейді (қарғамайды), фахиш сөз сөйлемейді.» (Тирмизи)
«Жәннат фахиш және жаман сөз сөйлеген адамға харам.» (Ибн Әбиддуния)
«Аллаһу та'ала фахиш және жаман сөз сөйлеген адамды жақсы көрмейді.» (Ибн Әбиддуния)
Көрініп тұрғанындай, ұяттың иманмен, ұятсыздықтың имансыздықпен байланысы үлкен. Адамдардан ұялған кісінің Аллаһу та'аладан да ұялатындығы аңғарылады. Өйткені хадис шәрифте «Аллаһтан сақтанған адамдардан да сақтанады» делінген. Ұятсыз адам әдепсіз болады. Адамдарды сондайлардың зиянынан сақтау үшін оларды ғайбаттауға болады. Хадис шәрифте «Ұят жилбабын (жамылғысын) үстінен тастағандарды ғайбаттау күнә болмайды» делінген. (Хараити)
Сұрақ: Порно фильм көру немесе фухуш сөздер сөйлеу күнә ма?
Жауап: Әрине күнә. Бір хадис шәриф:
«Жаман әрекеттер жасаған, жаман сөздер сөйлеген адамды Аллаһу та'ала жек көреді.» (Тирмизи)
Жақсы мінезді болу керек. Өйткені бір хадис шәрифте білдірілген:
«Қияметте мүминнің таразысында жақсы мінезден де ауыр келетін ештеңе табылмайды.» (Тирмизи)
Сұрақ: Боқтау, яғни сөгу күнә ма?
Жауап: Боқтау күнә. Боқтау – фухуш, яғни жаман сөз. Екі хадис шәриф мағынасы мынадай:
«Фухуш сөйлеген адамға жәннат харам.» (Ибн Әбиддуния, Әбу Нуайм)
«Фухуш сөз (боқтау) нифақтан.» (Тирмизи)
Сұрақ: «Доңыздың ұлы доңыз, есектің ұлы есек деп айту немесе бір адамның өткен ата-бабаларын сөгу хазреті Адам пайғамбарға дейін баратындықтан, күпір болады» деп жатады. Осылай боқтау күпір ме?
Жауап: Хазреті Адамға дейін бармайды, яғни олай айту күпір болмайды, бірақ осындай жаман түрде сөгу түбегейлі жаиз (рұқсат) емес.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024