Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Дініміз куәлік негізінде құрылған. Екі куәгер бір мұсылманға «Біз куәміз, бұл мұсылман Әһли сүннет сенімінде» деп куәлік етсе, күнәлары қанша көп болса да, сол екі куәгер мұсылманның құрметіне Аллаһу та'ала бәрін кешіреді. Олай болса, салих достарды көбейту керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам да «Дін бауырларыңды көбейтіңдер» деген. Аллаһу та'ала мүминдерге екі міндет жүктеді: Дінін үйрену және өзгелерге үйрету. Дінді үйрену де, үйрету де парыз. Олай болса, ешбір мүминнің бұл парызды тәрк етуіне болмайды. Әр адам мүмкіндігіне қарай үйретеді. Біреуге үйретуді дінімізге сай түрде жасау үшін Имам Раббани хазреттері сияқты Әһли сүннет ғалымдарының құнды еңбектерін, нақылдық негіз алған дұрыс дін кітаптарын тарады, Аллаһу та'аланың құлдарына осы ғұламалардан алып түсіндіреді, яғни денемен, әрекетпен қатысады. Іс-әрекетпен қатысуы мүмкін болмаған кезде материалдық түрде көмектеседі. Ақшасы да жоқ болса, Аллаһу та'аланың оған берген мансабымен, абыройымен дінге қызмет етеді. Егер адам мүмкіндіктерін дінге қызмет үшін қолданбаса, күнә істеген болады.
Жұмысымыз қандай болса да, қарамағымыздағыларды ойлап, қорқынышта болуымыз керек. Ахиретте Аллаһу та'ала бізге «Осыншама адамның басына сені тағайындадым, сен оларға басынан соңына дейін қажетсіз, пайдасыз нәрселер үйреттің. Маған қатысты не үйреттің?» десе қалай жауап береміз деген қорқыныштан әр мүмкіндікте міндетті түрде дұрыс кітаптардан мәлімет беріп тұруымыз керек.
Бұлардың ешбірі мүмкін болмаса, мұны атқарып жүргендердің жетістігі, денсаулығы мен саламаттығы, дүние мен ахирет бақыты үшін дұға етеді. Бұл да сол қызметке қатысу болып саналады.
Әһли сүннет сенімі – құнды гауһар. Аллаһу та'ала бұл гауһарды бізге нәсіп етті. Адамның біраз ақшасы бар болған кезде «қайда, қалай сақтаймын, ұрылар ұрлап кетпесін» деп қанша сағат ойланады. Сондай құнды гауһарды қалай сақтаймын деп ойланбасақ, айып болады. Сондықтан өте мұқият болуымыз керек болған нүкте – Хақ та'ала бізге нәсіп еткен осы гауһарды жақсылап қорғау.
Екі түрлі ұры бар: көрінетін және көрінбейтін ұры. Көрінбейтін ұры өте қауіпті. Бұл ұрылар – шайтан мен нәпіс. Ал көрінетіндер – мазһабсыздар мен әдепсіздер. Олардың жалғыз мақсаттары – гауһарды ұрлап алу. Нәпістің жаман болғаны соншалық, сол гауһарды ұрлау үшін соңғы минутқа дейін, яғни кәпір қылғанға дейін тоқтамай күш салады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024