Ұятсыз адам бәрін істейді

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адам алейһиссаламнан бастап біздің пайғамбарымызға дейін қанша пайғамбар келген болса, әрбірі үмбетіне «Ұялмасаң, бәрін істейсің» насихатын айтқан. Бұл – ескерту. Осы себептен пайғамбарымыз алейһиссалам «Ұят иманнан» деген.

Ұялу – ниғмет. Ұялмайтын адам барлық нәрсені істей алады. Сондықтан ұялу қасиеті өте қажет. Ұялу үшін ұялатындармен бірге болу керек. Ұялмайтындармен бірге болған адам арсыз, ұятсыз болады. Себебі, мінез жұқпалы. Жақсы мінез сияқты жаман мінез де жұғады. Жақсы мінезді болғысы келген адам жақсы мінезділермен бірге болу керек.

Ізгілік – барлық күш-жігердің, бүкіл дұғаның, барлық ойлардың, барлық нәрсенің бір нүктеде жиналуы, яғни бір нүктеде бірігуі. Осыған ізгілік делінеді.

Егер мүминдер бір нүктеге назар салса, бір нүктеге өз дұғаларын, барлық нәрселерін біріктірсе, еш қиындық, тосқауыл қалмайды. Барлық нәрсе түзу болады.

Мүмин мүминнің артынан дұға етеді, мұнафиқ мүминдердің артынан ғайбат айтады. Мүмин мен мұнафиқтың айырмашылығы осы. Ешбір мүмин басқа мүминнің артынан, ол естіген кезде ренжитіндей сөз айтпау керек. Әйтпесе құл (кісі) ақысына кіреді.

Құл (кісі) ақысы тікелей халалдасуға (кешірімін алуға) байланысты. Материалдық құл ақысы бар болса, мирасқорларына береміз, мирасқорлары жоқ болса, қайырымдылық, жақсылық жасалады, бірақ егер біреуді ренжітетін болсақ, оның көңіліне тиетін, оны қинайтын сөз айтқан болсақ, ол да естіген болса, жалғыз шарасы – онымен халалдасу (кешірімін, разылығын алу). Ал қайтыс болса ше, халалдасу мүмкіндігі жоқ болса не болады? Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген:

«Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірген адам не қайыр сөйлесін, не үндемесін. Аллаһқа және ахирет күніне сенген адам көршісімен жақсы қарым-қатынаста болсын. Аллаһқа және ахирет күніне сенген адам қонағына кең дастархан жайып, сый-сияпат көрсетсін.»

Бір күні Расулуллаһқа адамдар келіп: «Бір әйел бар, күндіз-түні ғибадат жасайды. Бірақ көршілері мінезінен шағымданып жүр» дейді. Пайғамбарымыздың бұған берген жауабы:

«Оның баратын жері – тозақ.»

Әр адам қолына және тіліне ие болу керек. Таңертең адамның барлық мүшелері адамның тіліне «Отқа өзіңді де, бізді де тастама! Істеме, істеме!» деп жалбарынады екен. Тіліңмен бізді жақпа дегені, егер тіл өтірік айтса, жала жапса, ғайбат сөйлесе, кейін соның азабын бүкіл дене көреді. Міне сондықтан да «Не қайыр сөз сөйле, не үндеме» деп бұйырылған.