Сүннетті тәрк ету күнә ма?

Сұрақ: Сүннеттерді оқығанда қазаға да ниет еткен кезде сүннет те оқылған болады, сүннеттер тәрк етілген болып саналмайды. Олай болса, мүлдем сүннет оқымаса күнә болмайды ма?

Жауап: Бұл тақырыпта діни кітаптарымызда білдірілгендерді көрсетейік:

1) Ибн Хумам былай деген: Сүннеттерді оқымау сауаптарына және жоғары дәрежелерге қауышпауға себеп болады. (Жәуһара, Дуррул-мүнтәқа, Рәддул мухтар, Тахтауи)

2) Муәккәд және ғайри муәккәд сүннеттерді тәрк ету күнә болмайды. Бұларды тәрк еткен адам тек сауаптарына және жоғары дәрежелерге қауыша алмайды және айыпталады. (Халеби-и сағир)

3) Таң намазының сүннеті өте құнды болуына қарамастан, оқымаған адамға жаза білдірілмеді. (Тахауи)

4) Сүннеттерді үзірсіз тәрк еткен адам күнәға түспесе де, сұраққа тартылып, айыпталады. (С.Әбәдийа)

 

Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Шаштары алба-жұлба біреу келіп, Расулуллаһтан сұрады:

-Йа, Расулаллаһ, Ислам деген не?

-Күніне бес уақыт намаз оқу.

-Бестен артық емес пе?

-Жоқ, нәпіл оқығысы келгендер оқи береді. Сондай-ақ жылына бір ай Рамазан оразасы бар.

-Бұдан басқа ораза жоқ па?

-Нәпіл ретінде ұстағысы келгендер ұстай береді. Сондай-ақ, бай болғандарға мал-мүлкінің зекеті бар.

-Бұдан артығы бар ма?

-Қалағандар нәпіл ретінде садақа бере алады.

-Уаллаһи, бұдан артық та, нұқсан да қылмаймын.

-Бұларды орындаған мүмин құтылады.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Нәсаи)

 

Осы хадис шәрифті негізге алған кейбір ғалымдар нәпіл ғибадаттар орындалмаса да, сүннеттер оқылмаса да, парыздарды нұқсансыз орындау керектігін білдірген. Сонымен қатар, бес уақыт намаздың сүннеттерін үзірсіз тәрк етпеу керек, өйткені оқылған парыздардағы нұқсандар бұл сүннеттермен толықтанады. Қаза қарызы бар болған адам сүннет және нәпіл оқығанда қазаға да ниет етуі керек. Парыздың маңызын білдіретін бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Ең құнды жиһад – парыздарды орындау.» (И.Ахмед)

«Елдің бәрі нәпілмен әуре болып жүргенде сендер парыздарды орындауға тырысыңдар!» (Мифтах-ун-нәжат)

«Парызды орындау арқылы Аллаһқа жақындағандай басқа еш нәрсемен жақындау мүмкін емес.» (Бәйһақи)

«Парыз ғибадаттарды орындаған адам адамдардың ең тақуасы болады.» (Ибн Адий)

«Қазаға қалған намаз қарызы бар болған адамның нәпіл намаздары қабыл болмайды.» (Дуррәт-ул-фахира)

Хазреті Әбу Бәкір былай деген:

«Аллаһу та'ала парыздан қарызы бар болған адамның нәпіл ғибадатын, бұларды өтемегенше, қабыл етпейді.» (Китаб-ул-Хараж)

Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Нәпілдердің парыздар жанындағы құны мұхиттың жанындағы бір тамшы сияқты да бола алмайды.» (1/260)

«Нәпіл ғибадат бір парызды тәрк етуге себеп болса, ғибадат емес, зиянды болады.» (1/123)

Сәйид Абдулқадир Гейлани хазреттері былай деген:

«Парыз намаздан қарызы бар болған адамның нәпілі қабыл болмайды» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны, парыздан қарызы бола тұра нәпілмен әуре болу – ақымақтық. Қаза қарызы бар болған адамның нәпіл оқуы қарыздардың алашақтыға сыйлық жіберуіне ұқсайды, әрине бұл қабыл болмайды. Мүмин саудагерге ұқсайды, парыздар – капиталы, нәпілдер – табысы. Капитал сақталмағанша, табыс болмайды. (Футух-ул-ғайб 48 х.)

Парызды тәрк ету де, қазасын кешіктіру де үлкен күнә. Сүннеттер оқылғанда қазаға да ниет етілмесе, парыз болған қаза намазы кешіктірілген, күнә жасалған болады. Сондықтан, сүннеттерді оқығанда қазаға да ниет ету керек. Осылайша сүннеттер де оқылған болады, қаза қарызы да өтелген болады. (Нәуадир-и фиқһийа)

 

Сүннеттерді тәрк ету

Сұрақ: Сүннеттерді тәрк ету кіші күнә, үнемі тәрк етіп жалғастырса, үлкен күнә болады деген не?

Жауап: Жалпы қағида: Кіші күнәларды үнемі жалғастыру үлкен күнә болады. Сүннетті тәрк ету күнә емес. Сүннеттерді үзірсіз оқымауды әдетке айналдыру кіші күнә болады. Сүннетке мән бермеген адам кәпір болады.

 

Сүннеттерді оқымау

Сұрақ: Намаз Кітабында «Мүлдем сүннет оқымау күнә» делінген. Сүннетті оқымау парыз немесе уәжіп болмаса, неліктен күнә болады?

Жауап: Сүннетті оқымау мен сүннеттерді толықтай тәрк ету – екеуі екі бөлек нәрсе. Ал мән бермегендіктен оқымау мүлдем өзгеше. Кітаптарда былай делінеді:

«Сүннетті біліп тәрк ету күнә болмайды. Азап берілмейді, бірақ айыпталады. Сүннеттерді тәрк еткен адам бұлардың сауабынан мақрұм қалады.» (Ислам Ахлақы)

«Сүннеттерді тәрк ету күнә емес. Үзірсіз тұрақты түрде тәрк ету, оқымауды жалғастыру кіші күнә болады. Сүннеттерді ұнатпау, мән бермеу күпір.» (Зия-ул-қулуб)

Халеби-и сағир кітабында «Таң намазының сүннетін және басқа муәккәд сүннеттерді тәрк ету күнә болмайды. Тек сауабына қауыша алмайды және айыпталады» делінген. (С.Әбәдийа)