Құран кәрім және балық

Сұрақ: Хадистерге және мазһабымыздың үкіміне қарамастан балық жеудің жаиз (рұқсат, халал) екенін Құран кәрімнен аңғаруға болады ма?

Жауап: Тек Құранға қарап түсіну мүмкін емес. Құран кәрімде былай делінеді:

«Жас ет жеулерің және әшекей шығаруларың үшін теңізді әмірлеріңе берген Ол.» (Нахл 14)

Ханафи мазһабы бойынша жас еттің мағынасы – желінбейтін теңіз жануарлары емес, тек балық және балық түрінде болғандары ғана.

Қай жануарлардың қалай желінетіні де былай білдірілуде:

«Өлексе, қан, шошқа еті және Аллаһтан басқасының атымен сойылғандар сендерге харам етілді. Әлі өлмей тұрып сойғандарыңнан басқа тұншықтырылған, ұрылған, құлаған, мүйізбен сүзілген және жануар тарапынан бөлшектенген жануарлар харам болып табылады.» (Маида 3)

Жалғасындағы аятта да сойғанда Аллаһтың есімін айту керектігі, яғни Бисмиллаһ айту керектігі білдірілген.

Өлексе – бауыздалмай, дінге сай сойылмай өлген жануар. Бір жануар басқа жануарды өлтірсе, дінге сай сойылмағандықтан, мұны жеуге болмайды. Аятқа қарайтын болсақ, балықтың да бауыздалу керектігі аңғарылады. Бірақ балықты ешім бауыздамайды. Оның үстіне Бисмиллаһ айтпай аулауға да болады. Аяттан түсінгенімізге бағынатын болсақ, балықты соймай және Бисмиллаһ айтпай жеуге рұқсат жоқ. Бірақ пайғамбарымыз алейһиссалам түсіндірген: «Балықтарды сою қажет емес», тіпті «Бисмиллаһ айту да қажет емес» деген.

Балықтарды динамитпен немесе басқа нәрселермен өлтіргенде де жеуге болады. Тіпті бір балық басқасын жеп қойса, бұл екеуін де жеуге болады. Алайда арыстан бір киікті бөлшектеп өлтірсе, бұл киікті жеуге болмайды. Пайғамбарымыздың түсіндірмесі болмастан бұларды Құран кәрімнен түсіну мүмкін емес.

Аятта қанның да харам екені білдірілуде. Көкбауыр да қан. Аятқа қарап, көкбауыр жеудің де харам екенін айтқан надандар болған. Пайғамбарымыз екі қанның халал екенін білдірген. Бұл екі қанның бірі көкбауыр, екіншісі бауыр.

Пайғамбарымыз «Теңіздің суы таза, өлексесі (бір себеппен өлтірілгені) халал» және «Өздігінен өліп, судың бетіне шыққан балықты жеме, су тартылып, аштықпен өлген болса, соны же! Осындай бір себеппен теңізде өлгенді де же!» деді.

Су ішінде өздігінен өліп, қарны жоғары қарап тұрған балықты жеуге болмайды. Бірақ ау түрлерімен, дәрімен, ұрып, динамитпен және қандай бір затпен өлген балықтың бәрін жеуге болады. Судың тартылуынан, қатты ыстықтан немесе қатты суықтан өлген немесе құстар тарапынан өлтірілген, су ішінде байланып қалып өлген, мұз арасына қысылып өлген балықтарды жеуге болады. Теңіз ішінде өлген немесе судан шығармай ұрып өлтірілген немесе пышақпен басы кесілген балықтарды жеуге болады. Таза болмаған судың ішіндегі балықтарды жуып жеуге болады. Ауланған бір балықтың ішінен шыққан басқа балықты, сау болса, жеуге болады.

 

Сұрақ: Бисмиллаһсыз ауланған балықты жеуге болады ма?

Жауап: Балық аулаған адамның мұсылман болуы және Бисмиллаһ айтып аулауы шарт емес.

 

Сұрақ: Ішін тазаламастан скумбрия балығын кептіреді, сардинаны да тұздап қоямыз. Осындай балықтарды жеуге болады ма?

Жауап: Ішін тазалау керек. (Тахтауи)

 

Сұрақ: Суда өлген балықты жеуге болады ма?

Жауап: Балық өздігінен өлген болса, аурудан өлді деген сөз, мұны жеуге болмайды. Бірақ бір жерге қысылып немесе мұз астында қалып немесе тоқпен өлтірілу дегендей себептерден өлген болса, жеуге болады.

 

Сұрақ: Қармақпен балық аулаудың дініміздегі үкімі қандай?

Жауап: Қармақпен балық аулаудың зияны жоқ. Динамитпен өлтіруге де болады. Пышақпен кесіп өлтірсе де жеуге болады. Қойды да пышақпен сою оларды қорлау болып саналмайды.

 

Сұрақ: Іші тазаланбай жасалған консервіні кейіннен жейтін кезде іші тазаланса, жеуге болады ма?

Жауап: Иә, болады. Іші тазаланбай пісірілген балықты жеуге болмайды. Бірақ тұздалғанының ішін тазалап жеуге болады.

 

Сұрақ: Балық тірі кезінде басын кесіп тазалауға болады ма?

Жауап: Өлмей тұрып басын кесу дұрыс емес. Кесілетін болса да жеуге болады.

 

Сұрақ: Дәрімен өлтірілген балықты жеуге болады ма?

Жауап: Адамға зияны тимейтін болса жеуге болады.

 

Уылдырық

Сұрақ: Балықтан шыққан уылдырықты жеуге болады ма?

Жауап: Жеуге болады. (Бәриқа)