Сұрақ: Әл-ауқаты жақсы болған бір отбасы қанша құрбандық шалуы керек?
Жауап: Әркімнің зекет және құрбандық есебі бөлек. Үйде қанша бай бар болса, сонша құрбандық шалуы керек.
Бай болған адам құрбандық шалады
Сұрақ: Табысы жақсы болған әйелдің құрбандық шалуы қажет пе? Әлде күйеуі сойса, оған қажет болмайды ма?
Жауап: Нисапқа ие болған адамның құрбандық шалуы керек. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бай болса, екеуінің де мал союы керек. Екеуі де кедей болса, екеуінің де союы қажет емес. Яғни бай болған адам мал сояды, кедей болғанның союы қажет емес. Соятын болса да зияны жоқ, сауап болады.
Жұмыс істейтін әйел мен еркек
Сұрақ: Жұмыс істейтін әйел мен еркектің құрбандық шалуы міндетті ме?
Жауап: Құрбандық нисабына ие болған адамның құрбандық шалуы қажет, мұның жұмыс істеуге қатысы жоқ. Бір кедей қарауылдың әйелінің 100 грам алтын білезігі бар болса, қарызы да болмаса, бұл әйелдің құрбандық шалуы уәжіп (міндетті) болады. Керісінше, көлігі, үйі бар болған адамның ақшасы нисапқа жетпесе, мал союы қажет емес.
Сұрақ: Жанұясы бай болған бір студенттің де құрбандық шалуы қажет пе?
Жауап: Жоқ, бай болған әр адам жеке өзі құрбандық шалады. Ата-анасының бай болуымен соймайды.
Діни тұрғыдан бай болған адам мал сояды
Сұрақ: Бір үйде әйелі, еркегі, баласы және қызы бар. 4 қойды құрбандыққа шалуды көздеп отыр. Бұл төрт адамның атынан үйдің еркегі қалай уәкілдік беруі керек?
Жауап: Егер бәрі бай болса, бәрінің құрбандық шалуы қажет. Бәрі кедей болса, ешбірінің мал союы қажет емес. Біреуі кедей, біреуі бай болса, тек бай болғандар мал сояды. Кедейлер де мал сойса зияны болмайды. Бәрі бір адамға уәкілдік беруіне болады. Ол да басқа біреуге уәкілдік бере алады.
Мал сойған жақсы болады
Сұрақ: Әкем жылдар бойы, мойнына міндет болмаса да, балаларым жұмыс істеп жүр деп өз атынан құрбандық шалып келген. «Аналарыңның атынан мал соймаған екенмін, бұл жолы оның атынан сояйық» деді. Анама құрбандық шалу уәжіп емес, бұл дұрыс па?
Жауап: Әкеңізге уәжіп болмаса, анаңыз үшін нәпіл ретінде союға болады. Мұның зияны жоқ, жақсы болады.
Сұрақ: Айлық табысы аз болған ерлі-зайыптылардың құрбандық шалуы керек пе?
Жауап: Айлық табыстың аз немесе көп болуының ешқандай маңызы жоқ. Адам нисаптан көп айлық алса, бірақ жұмсап, қолында ақша қалмаса, зекет те бермейді, құрбандық та шалмайды. Нисаптан аз айлық алған бір адамның қолында 96 грам алтын құнында ақша немесе білезік бар болса, қарызы да жоқ болса, бай болғандықтан, әрі зекет береді, әрі құрбандық шалады.
Екінші жайт, әйел мен еркек бір-бірінен бөлек, әркімнің табысы өзінікі. Мысалы, әйелдің жүз грам алтыны бар болса, қарызы да жоқ болса, ол діни тұрғыдан бай саналады, зекет береді және құрбандық шалады.
Айт күні қарыздар бар ақшадан ажыратылады, қолында нисап шамасында ақша қалған адам бай саналады, құрбандық шалуы қажет болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024