Сұрақ: Құрбандық шалудың маңыздылығы қандай?
Жауап: «Құрбандық нисабы» деп аталатын мөлшерден артық ақшасы, мал-мүлкі бар адамның құрбандық шалуы уәжіп (міндетті) болады. Ешқандай үзірсіз құрбандық шалмау күнә болады. Құрбандық шалуы уәжіп (мойнына міндет) бола тұрып құрбандық соймаған адамдардың үйі иелеріне ыңылдап қарғыс етеді, «құрбандық соймағаның секілді Хақ та’ала саған жақсылық жасауды да нәсіп етпесін!» дейді. Ол үй осы жылы бәлелерге душар болады. Ал құрбандық сойған адамдардың үйі разы болады, иелеріне игі дұға етеді. Сондықтан құрбандық шалуды ниғмет деп білу керек! Құрбандық шалған мұсылман өзін тозақтан азат еткен болады.
Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:
«Сараңдардың ең жаманы – (мойнына уәжіп болса да) құрбандық шалмаған адам». (С. Әбәдия)
«Жағдайы, уақыты бола тұрып құрбандық шалмған адам намаз оқыған жерімізге келмесін!» (Хаким)
«Құрбандық малының терісінің әрбір қылына және бөлшегіне бір сауап бар». (Хаким)
«Құрбандық малдарың семіз болсын. Олар сырат көпірінде сендерге көлік болады». (Зад-ул муқуин)
«Құрбандық малдың әрбір қылының мөлшеріндей сендерге сауап бар. Қанының әрбір тамшысына сияпат бар. Ол сендердің «Мизан» тараздарыңа қойылады. Сендерге сүйінші!» (Ибн Мажә)
«Құрбандарыңды шын көңілмен сойыңдар! Өйткені құрбандығын құбылаға қаратып сойғаннан соң оның қаны, мүйізі, жүні және барлық жері қияметте мизан таразына сауап болып қонбайтын мұсылман жоқ». (Дәйләми)
«Сауабын күтіп құрбандық шалған адам тозақтан қорғалады». (Табарани)
«Құрбан айтта жасалатын амалдардан Аллаһу та’аланың алдында құрбандық союдан асқан қадірлі іс жоқ. Қаны жерге түспей тұрып Аллаһу та’ала оны қорғайды. Осылай нәпсілеріңді тазалаңдар, құрбандықты қуана қуана сойыңдар». (Тирмизи)
«Құрбандықтың ең қайырлысы – мүйізі бар қошқар». (Ибн Мажә)
«Ей, Фатима, құрбандық малыңның жанына бар! Сойғанда сол жерде бол! Құрбаныңның жерге ағатын бірінші қан тамшысымен өткен күнәларың кешіріледі». (И. Хиббан)
«Сойылған құрбан қияметте етімен, қанымен 70 есе үлкейіп, мизан таразына қойылады». (Исфахани)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024