Не үшін мұсылман болғанымды қысқаша баяндап берейін. Дін мен иман туралы сіздерге конференция бермеймін. Дін мен иман адамның рухында туындайтын, барлық нәрседен мүлдем ерекше бір құндылық. Шөлде қалған адамның шөлдегеніне ұқсайды. Адамдар өздері сүйенетін, сенетін, өзіне жол көрсететін бір иманға ие болуы тиіс. Мен алдымен дін тарихтарын зерттедім. Адамдарды дінге шақырған тұлғалардың өмірін, олардың үйреткен нәрселерін мұқият оқыдым. Пайғамбарлардың бастапқыда үйреткен негізгі қағидалары уақыт өте келе өзгеріске ұшырап, басқаша түрлерге ие болған. Олардың өте аз бөлігі ғана қазірге дейін сақталып келген. Осы ұлы, таңдаулы адамдардың өміріне түрлі аңыздар қосылып, жасаған істері бізге басқаша түрде түсіндірілген. Міне, осылардың ішінде тек Ислам діні шыққан кезінен бастап қазірге дейін сол таза қалпында, ешбір қате сенімдер мен аңыздар араластырылмай сақталған. Құран кәрім Мұхаммед алейһиссаламның дәуірінде қандай болған болса, қазір де сол қалпында. Бір сөзі де өзгермеген. Мұхаммед алейһиссаламның мүбәрәк сөздері өз аузынан шыққан қалпында еш өзгерместен қазірге дейін сақталып жетіп келген.
Аллаһу та’ала қажет кезінде адамдарға пайғамбарлар жіберген. Олар бір-бірін толықтырады. Басқа пайғамбарлардың үйреткен нәрселерінің өзгергендігі және басқа сипаттарға ие болғандығы назарға алынатын болса, ең таза дін болып сақталған Ислам дінін қабылдаудан артық не бар? Негізінде мен қарапайым, ішіне қисынға сай келмейтін қате сенімдер қосылмаған, пайдалы, хақ дінді іздеген едім. Ислам діні міне осындай илаһи дін. Ислам діні Аллаһу та’алаға, көршілеріме және басқа адамдарға деген міндеттерімді жеке-жеке көрсетіп берді. Барлық діндердегі мақсат осы, бірақ оларға еш түсініксіз философиялық сенімдер қосылған. Ал Ислам дінінде бұл мәселеде барлық адамдардың түсіне алатын, қисынды, сенімді, пайдалы қағидалар бар. Мен дүние мен ахиретте тыныштық пен саламаттыққа қауышу үшін не істеу керектігі туралы мәліметтерді тек Ислам дінінен ғана таптым. Сол себепті де мұсылмандықты қабылдау мәртебесіне қауыштым.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024