Ғұсылды кешіктіру

Сұрақ: Құптан оқығаннан кейін жүніп болған (ғұсылы бұзылған) адам қай уақытқа дейін ғұсылсыз жүрсе күнә болмайды?

Жауап: Құптан намазын оқығаннан кейін жүніп болған адамның таң намазына дейін ғұсыл алуды кешіктіруі жаиз (рұқсат) болса да, дереу жуынғаны әрине жақсы болады. Имам Ғазали хазреттері «Жүніп болып, ғұсыл алмай бір намаз уақытын өткізген адамға оттан көйлек кигізіледі» деген. Намаз оқитын және оқымайтын әр адам бір намаз уақытын жүніп күйде өткізсе, қатты азаптанады. Мысалы, бесіннің азанынан кейін жүніп болған адамның, бесін намазын оқымаған болса, екінді уақытына бесінді оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады. Парызды орындау үлкен сауап, ал орындамау үлкен күнә. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жүніп болған кезде тез ғұсыл алу керек! Өйткені кирамән катибин періштелері жүніп болып жүрген адамға ренжиді.» (Әй, ұлым илмихалы)

«Жандының суреті, ит және жүніп бар болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.» (Нәсаи)

«Жүніпке, мас адамға рахмет періштелері жақындамайды.» (Бәззар)

«Ғұсыл алу үшін тұрған адамға үстіндегі қыл санындай сауап беріледі, сонша күнәсі кешіріледі, жәннаттағы дәрежесі жоғарылайды. Ғұсылы үшін оған берілетін сауап дүниедегі барлық нәрседен қайырлырақ болады. Аллаһу та'ала періштелеріне "Қараңдар, бұл құлым түнде ерінбей тұрып, әміріме бағыну үшін ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, оның күнәларын кешірдім, ғафу еттім" дейді.» (Ғунийа)

 

Ғұсылды тәрк еткен адам

Сұрақ: Ғұсылды тәрк еткен адам діннен шығады ма?

Жауап: Ғұсылды тәрк еткен адам діннен шықпайды, бірақ үлкен күнә істеген болады. Ғұсылсыз жүрген адам намаз оқымайды. Намаз оқымау адамды күпірге жетелейтін үлкен күнәлардың бірі. Осындай адамның иманынан айрылуы оңай болады. Сондықтан, ғұсылды кешіктірмеу керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та'ала айтады: Мына үш амалды үздіксіз орындаған адам – менің шынайы досым. Бұларды тәрк еткен адам – шынайы дұшпаным. Бұл үш амал: намаз, ораза және жүніптіктен ғұсыл алу.» (Бәйһақи)

Аллаһу та'ала «Дұшпаным» деген және рахмет періштелері аулақ болған адамның үйінде бақыт, береке деген нәрселер қалады ма?

 

Жастар және ғұсыл

Сұрақ: Таңертең ихтилам (поллюция) болып оянған кезімде ғұсыл алуым керек болады. Бірақ оқуыма кешікпеуім үшін ғұсылды, намаз уақыттары өтіп кететін болса да, оқудан келгеннен кейін алуыма болады ма?

Жауап: Екі минутта ғұсыл алуға болады. Намаз уақыттарын жүніп күйде өткізіп жіберу харам болып табылады. Намаз оқымау да бөлек күнә. Екі жақты харам істеу одан да асқан күнә.

 

Жүніп болып жүру

Сұрақ: Анам мен әкем менің жиі жиі душқа түсуіме қарсы болады. Жүніп болып жүремін. Жүніп болып өлген адам кәпір болып өледі ме?

Жауап: Жүніп болып жүру үлкен күнә болса да, жүніп болып жүріп күнә істеген адамға кәпір деуге болмайды. Намаз оқымау үлкен күнә. Жүніп болып жүрген адам намазын да оқымайды. Түсіндіріп, жуынуыңыздың керек екенін айтуыңыз керек.

 

Хайзы біткен әйел

Сұрақ: Таңертең күн шыққанда хайзы біткен әйел бесін намазына дейін ғұсылды кешіктіруіне болады ма?

Жауап: Хайзы біткен әйел жүніп болады. Яғни жүніпке істеуге болмайтын нәрселерді ол да істей алмайды. Мысалы, тырнақ және шаш қырқуы мәкрух болады. Бесін намазын уақытылы оқитындай ғұсылды кешіктіруі жаиз болады, бірақ бірінші мүмкіндікпен ғұсыл алғаны жақсы болады. Өйткені бір хадис шәрифте айтылған:

«Жүніп болғанда дереу ғұсыл алыңдар, өйткені кирамән катибин періштелері жүніп болып жүрген адамға ренжиді.» (Әй, ұлым илмихалы)

 

Жүніп күйде қайтыс болу

Сұрақ: «Жүніп болып өлген адам кәпір болып өледі» дейтіндер бар. Ондай нәрсе бар ма?

Жауап: Жоқ, ондай үкім жоқ. Асхаби кирамнан Ханзала хазреттері ғұсыл алуға уақыт таппағандықтан, Ухуд соғысында жүніп күйде шәһид болып өлген, оны періштелер жуындырған. Сондықтан «Ғасил-ул-мәлаикә» деген атақпен абыройланған. «Періштелер жуындырған, ғұсыл алғызған адам» деген сөз.