Қалжыңдасу

Сұрақ: Қалжыңдасу, анекдот айтып адамдарды күлдіру жақсы нәрсе ме?

Жауап: Қабағы асылған, түрі суық адамдарды көбісі жақтырмайтынын бәріміз білеміз. Күлімдеген жүзді адам ашты айран сатса аламыз да, қабағы түйілген адамдар сатқан балды алғымыз келмейді. Бұл адамдардың табиғатында бар.

Жалықтыратын жұмыстар мен қайғыртатын жағдайлар арасында қиналған адамның қуанышты болуға қажеттілігі бар. Осы себептен анда-санда (діни негіздерден басқа тақырыптарда) анекдоттар айту, қалжыңдасу жақсы болады. Пайғамбарымыздың да қалжыңдасқаны «Мен де қалжыңдадым, бірақ дұрыс сөйлеймін» дегендігі хадис кітаптарында білдірілген. Бір кезінде бір кәрі әйелге «Жәннатқа кәрілер кірмейді» дегенде бейшара әйел мұңайып қалады. Сонда әлгі әйелге «Сіз ол кезде жас боласыз» дейді.

Күлімдеген жүзді, жұмсақ, жанға жақын адамдармен сөйлесу, танысу және араласу оңай.

Қабағы түйілген адамдармен сөйлесу – қиыншылық. Қажеттілік шамасында сөйлесіп, бір сәтке ертерек кетуді қалап тұрамыз.