Сұрақ: Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Өлмей тұрып өліңдер, есепке тартылмай тұрып өздеріңді есепке тартыңдар» дейді. Өз-өзімізді есепке қалай тартамыз?
Жауап: Құран кәрімде былай делінеді:
«Қиямет күні таразы құрамыз. Ол күні ешкімге зұлымдық жасалмайды. Бәрінің жасаған титімдей жақсылық және жамандығын шығарып, таразыға қоямыз. Әркімнің есебін алуға жетеміз.» (Әнбия 47)
Пайғамбарымыз да былай деген:
«Ақылды адам күнді төртке бөледі, біріншісінде жасағандарын және жасайтындарын есептейді. Екіншісінде Аллаһу та'алаға дұға етеді, жалбарынады. Үшіншісінде бір жұмыста істеп, халал ақша табады. Төртіншісінде демалады және мубахтармен өзін зауықтандырады, харамдардан қашады.» (И.Ғазали)
Ислам ғалымдарының ең үлкендерінен болған Имам Раббани хазреттері былай дейді:
Пайғамбарлардың жіберілуі, Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдары, бәрі нәпісті құлдырату, әлсірету үшін, оның шектен шығатын қалауларының алдын алу үшін жіберілген.
Ислам дініне мойынсұнған сайын нәпістің қалаулары азаяды. Осы себептен Ислам дінін ұстану нәпістің қалауларын жояды.
Нәпістің зиянының алдын алу үшін екі жиһад (күресу) жолы бар:
1) Оған бағынбау, оның қалауларын орындамау. Бұған риязат шегу делінеді. Риязат уәра және тақуа арқылы іске асады. Тақуа – харамдардан сақтану. Уәра – харамдармен бірге мубахтарды қажетінен артық қолданудан да сақтану.
2) Нәпістің қаламаған нәрселерін жасау. Бұған мужәһада делінеді. Бүкіл ғибадаттар мужәхадаға жатады.
Бұл екі жиһад нәпісті тәрбиелейді. Адамды жетілдіреді. Рухы қуаттанады. Салихтардың жолына қауышады.
Аллаһу та'ала құлдарының ғибадаттарына мұқтаж емес, олардың күнә істеуі Оған ешқандай зиянын тигізбейді. Ол нәпісті тәрбиелеу үшін осыларды бұйырған.
Имам Раббани хазреттері тағы былай деген:
Әулиелердің көбі әр түні жатар кезде сол күні жасаған істерін, сөздерін, әрекеттерін, әрекетсіздіктерін, ойларын, әрбірінің не үшін жасалғанын ойлайды. Кемшіліктерін және күнәларын тазалау үшін тәубе және истиғфар етеді. Аллаһу та'алаға мойын иеді, жалбарынады. Ғибадаттарын және жақсылықтарын да Аллаһу та'аланың еске түсіруі арқылы және күш-қуат беруі арқылы екенін біледі. Осы үшін Хақ та'алаға хамд және шүкір етеді.
Мухийддин Араби хазреттері өзін осылай есепке тартатындардың бірі еді. «Мен өзімді есепке тартуда Мәшаих-и кирамның (құрметті шейхтардың) бәрін оздым. Ниеттерімді, ойларымды да есепке қостым» дейтін еді.
Әр түні жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам жүз рет тәсбих, тахмид және тәкбір айтқан болады. Осылайша өз-өзін есепке тартқан болып саналады.
(Тәсбих – субханаллаһ, тахмид – әлхамдулиллаһ, тәкбір – Аллаһу әкбар деген сөз.)
Тәсбих айту – тәубенің кілті. Адам бұны көп оқу арқылы кемшіліктерінің, күнәларының кешірілуін сұраған болады.
Күнә істеген адам бұл әмірлер мен тыйымдардың иесінің ұлылығы мен жоғарылығын ойлағанда еді, Оның әмірлеріне қарсы келмес еді. Күнәларды істеуі Оның әмірлеріне және тыйымдарына мән бермегенін көрсетуде. Ондай нәрседен Аллаһу та'ала сыйынамыз. Тәнзиһ калимасын (яғни жоғарыда жазылған тәсбихті) көп оқу арқылы бұл кемшілік кешіріледі.
Истиғфар ету – күнәлардың жабылуын сұрау деген сөз. Ал тәнзиһ калимасын оқу – күнәлардың жоқ болуын қалау деген сөз. Ол қайда, бұл қайда?
Субханаллаһ – таңқаларлық калима. Айтылуы өте қысқа. Мағыналары мен пайдалары өте көп.
Тахмид (Әлхамдулиллаһ) калимасын көп оқу арқылы Аллаһу та'алаға шүкір етілген болады. Ол берген ниғметтердің шүкірі орындалған болады.
Тәкбір (Аллаһу әкбар) калимасы Аллаһу та'аланың құлдары жасаған шүкірлерден әлдеқайда жоғары екендігін, Оған жарасатын шүкір орындала алмайтындығын көрсетеді. Өйткені Оған жасаған истиғфарлар, кешірім сұраулар үшін де көп истиғфар ету қажет.
Хақ та'алаға жарасатын хамд тек Оның тарапынан жасала алады. Осы себептен өзі Саффат сүресінің соңында «Субхана Раббика...» деген. Өз-өзін есепке тартқысы келген адам бұл аяти кариманы көп оқуы керек! Осылайша истиғфар және шүкір жасаған болады. Истиғфар мен шүкір ете алмағанын да және кемшіліктерін де білдірген болады. (Мәктубати Раббани 1 том, 309 хат)
Өлмей тұрып өлу
Сұрақ: Өлмей тұрып өлу деген не?
Жауап: «Дүниелікке бәрінен аз кім көңіл салады?» деп сұраған бір кісіге пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді:
«Қабірді және қабірде шіріп топырақ болатынын ұмытпаған, дүние әшекейін тәрк еткен, сауабы бақи (мәңгі) болған ахиретті таңдап, фәни (өткінші) дүниеге ауыстырған, бүгіннің жұмысын ертеңге қалдырмаған, өзін өлген деп санаған адам – өлмей тұрып өлген адам.» (Ибн Әбиддуния)
Демек, өлмей тұрып өлу – өлгеннен кейін басына келетіндерді ойлап, діннің әмірлері мен тыйымдарына мән беру деген сөз.
Ойларды да есепке тарту
Сұрақ: Мухийддин Араби хазреттері нәпісін сұраққа тартқанда ниеттерін, ойларын да есепке алады екен. Адам ойларынан жауапкер болмайды ғой, неліктен ол өзін есепке тартуда?
Жауап: Есепке тарту міндетті түрде қате бір нәрсе істегеніміз үшін емес. Бұлардың дұрыстығын реттеу үшін де өзімізді есепке тартуымыз керек. Имам Раббани хазреттері айтқанындай, әулиелердің көбі әр түні жатар кезде сол күні жасаған істерін, сөздерін, әрекеттерін, әрекетсіздіктерін, ойларын, әрбірінің не үшін жасалғанын ойлайды. Кемшіліктерін және күнәларын тазалау үшін тәубе және истиғфар етеді. Аллаһу та'алаға мойын иеді, жалбарынады. Ғибадаттарын және жақсылықтарын да Аллаһу та'аланың еске түсіруі арқылы және күш-қуат беруі арқылы болғанын біледі. Осы үшін Хақ та'алаға хамд және шүкір етеді.
Мухийддин Араби хазреттері де өзін осылай есепке тартатын еді.
Жасай алатын адам өзін осылай есепке тартуы керек. Өз-өзін есепке тарту үшін Имам Раббани хазреттері білдірген төмендегі тәсбихты оқу оңайрақ:
Әр түні жатарда «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» тәсбихын жүз рет оқыған адам тәсбих, тахмид және тәкбір келтірген болады. Осылайша өз-өзін есепке тартқан болып саналады. (1/309)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024